Ойын сауық отауы


Сәби рационында ақуыз мөлшерінің маңыздылығы жайлы бар шындық

Сәби рационында ақуыз мөлшерінің маңыздылығы жайлы бар шындық
Емшек сүті – табиғат берген ғажайып және сәби өмірінің алғашқы айларындағы ең мінсіз қорек. Оның құрамында өсу мен даму үшін қажетті барлық компоненттер бар: қоректік заттар, қарсы денелер, ферменттер және ең маңыздысы ақуыздық байланыстар. Дәл сол ақуыз негізгі құрылыс материалы болып табылады, жасушалар, ферменттер мен гормондар сол ақуыздан тұрады. Сәби өзін қауіпсіз сезінуі үшін анасымен тығыз байланыс орнату маңызды, ал емізу — шақалақпен байланыс орнатудың ең жақсы тәсілі.
Табиғат бар дүниені үйлестіріп жаратқан. Әр ана баласына ең үздігін бере алады. Емшек сүтінің формуласы «ана + бала» жұбының әрқайсында айрықша және әр баланың үнемі өзгеріп отыратын дербес қажеттіліктеріне мүлтіксіз бейімделеді. Мұндай композицияны жаңадан ойлап табу немесе қайталау мүмкін емес!


Сәбидің әлі толық қалыптаспаған ас қорыту жүйесі жақсы сіңіре алатын ақуыз дәл осы емшек сүтінде мол.
Сәби өмірінің алғашқы жылында жоғары сапалы ақуыз неліктен үлкен маңызға ие?

Тұрақты өсу — тым тез немесе тым баяу емес — бұл балаңызға нағыз керегі. Сәбиге сүтпен берілетін ақуыз оның физикалық өсуі мен салмағына әсер етеді.
• Жоғары сапалы ақуыздар ас қорыту жүйесін демейді және сәбидің жетілмеген мүшелеріне түсетін салмақты азайтады.

• Медициналық зерттеулердің нәтижесі бойынша, кейбір жоғары сапалы ақуыздар аллергия даму қаупін төмендетуге көмектесе алады.

• Жоғары сапалы ақуыздар сәбидің табиғи иммундық жүйесін нығайта алады. Олар сәбидің ішегіндегі бифидобактерияларға жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.

• Ақуыз мөлшері сәбидің болашақ денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін сарапшылар жақында анықтаған екен. Қажетті мөлшердегі ақуыз баланың мектеп жасында семіру қаупін төмендетеді.

Емшек сүті ақуызының қандай ерекшеліктері бар?

Емшек сүтінде көп мөлшерде сарысу ақуызы, аз мөлшерде казеин және қорыту процесін жеңілдететін жартылай ыдыратылған ақуыздар мен ферменттер болады. Сарысу ақуызы асқазанда тамаша қорытылады, ал оның емшек сүтіндегі казеинмен ара қатынасы 70/30 - ды құрайды. Ақуыз құрамына кіретін аминқышқылдар деңгейі емшек сүтінде үйлесімді. Осылайша, емшек сүтінің ақуызы сәбиге арналған үйлесімді мөлшерімен, сонымен қатар жоғары сапасымен ерекшеленеді. Дәл сол себепті сәбиге ана сүтінен асқан нәрлі тағам жоқ.
Алайда емшек сүті жеткіліксіз немесе тартылып қалған жағдайлар кездеседі. Мұндайда сәбидің қарны тоймай мазасыздануы мүмкін, бұған қоса салмақ қоспау және дамуда кенже қалу қаупі бар. Көп жағдайда жас аналар емшек сүтін сиыр сүтімен алмастырып жатады. Олар екі сүттің құрамының бір екеніне сенімді.

Сиыр сүтінің сәби ағзасына әсері қандай?

Табиғи сиыр сүті өсіп келе жатқан бала үшін пайдалы әрі нәрлі заттектердің қайнаркөзі деп есептеледі. Расымен, сиыр сүтінде пайдалы және нәрлі заттектер көп — бірақ туа салып бірден аяққа тұрып кетуі тиіс бұзау үшін, ал сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін сүт құрамы тым күрделі.

Екі жасқа толмаған балалар үшін сиыр сүті несімен қауіпті?

Сиыр сүтінде сарысу ақуызының казеинмен ара қатынасы 20/80 - ді құрайды, ал ақуыз мөлшері - емшек сүтінен 3 есе артық! Бұл сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін зілдей піл сияқты. Сәби рационында ақуыздың шамадан тыс мөлшері зат алмасудың бұзылуына, тез өсуге және семіруге әкелуі мүмкін.

Минералды заттектердің мөлшері сәбиге қажетті мөлшерден айтарлықтай көп. Минералды заттектер бүйрек жұмысын қиындатады, ал шамадан тыс ақуыз қандағы инсулин деңгейін арттырады.

Сиыр сүтінің құрамындағы ақуыз — ең мықты аллергендердің бірі.

Сондықтан емшек сүтін сиыр сүтімен алмастыру және қаймағы алынбаған сиыр сүтімен 2 жасқа дейінгі сәбилерді тамақтандыру ұсынылмайды. Анасы сәбиіне бере алатын ең үздік азық — бұл емшек сүті!
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 12
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Сюжетті рөлді ойын «Аурухана»

    Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
  • Revision lesson (Ашық сабақ)

    Өткен тақырыптарды қайталай отырып, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
  • Ұсақ тастардан мозайка құрастыру

    Тастан құралған мозайкалар үй құрлысында және жолдарда безендіруге пайдаланады. Мозайка дегеніміз әр түрлі ұсақ тастардан, мата, қағаз қиықтарынан шыны сынықтарынан құралатын өрнек немесе сурет.
  • Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты

    Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас ...
  • Қазақ әдеби тілінің стилі

    Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру. Ертеңгі ел азаматтарын жұмыс стильдерінен хабардар ету. Сөз қолдану аясын кеңейту
  • Сөйлеу стилі

    Орта көлемді пікірталастар, сұхбаттар, дәрістерді тыңдайды, көтерілген мәселенің түйінін түсінеді;
  • Асты сызылған сөздердің лексикалық ерекшелігін анықта

    Жиырмаға жете қойған жоқ әлі…— дейді де, Ержан қолын ақмойнаққа созады. Тағы сылқ - сылқ, тағы бүлк - бүлк… Ақмойнақ қырлы стакандарға тағы да еңкейді.
  • Бірлік, ынтымақ, ырыс туралы мақал - мәтелдер

    Батырлықты айт, ерлікті айт, Батырлықты айт, бірлікті айт, Ынтымақ қосып, ел болып, жұрт жасаған тірлікті айт.
  • Өзімді өзім танумен өсіп келем...

    - әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру; - өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде ...
  • Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян

    Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 43
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 43
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
  • Дауыл 11.10.2018
    Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Мо ... (1)
    Дауыл-фото
    Шығарма: Туған жер

    Туған жер сөзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Менің туған жерім - Балқаш қаласы. Туып өскен қалам Балқашым кішкетай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы жерде көңілді де уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Өз туған жерімді сүйемін. Осы қалада балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сынып балаларымен танысқан күндерім, әлі есімде.
    Туған жерім күннен күнге көркейіп, жаңаруда. Мен Балқаш қаласымен мақтанамын.
    Кенесары Диана
  • Дауыл 11.10.2018
    Ақша туралы мақал - мәтелдер (1)
    Дауыл-фото
    Қожанасыр туралы аңыз
    Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
    - Ақша саған не үшін керек?
    - Піл сатып аламын.
    - Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
    - Мен сенен ақыл емес, ақша сұрадым ғой!
  • Дауыл 11.10.2018
    Балалы үй – базар (1)
    Дауыл-фото
    Балаларға арналған тақпақтар
    Кішкентай бала

    Мен кішкентай баламын
    Кітап оқи аламын.
    Дәптер, қалам, сызғышты
    Сөмкеме өзім саламын.

    Бөпешім
    Әлди, әлди бөпешім,
    Жат бесікте көкешім.
    Неге жылай бересің,
    Ертең-ақ жүріп кетесің.

    Гүлдер
    Гүлім, гүлім, өсе бер,
    Әдемі боп, асыл боп.
    Күндей жайнап кете бер,
    Қызыл, сары, жасыл боп.
  • Дауыл 11.10.2018
    Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасо ... (1)
    Дауыл-фото
    Тілі туралы мақал

    Басқа пәле тілден.
    ***
    Тіл тас жарады,
    Тас жармаса бас жарады.
    ***
    Ине көзінен сынады,
    Шешен сөзінен сынады.
    ***
    Тіл – қылыштан да өткір.
    ***
    Ана сүті бой өсіреді,
    Ана тілі ой өсіреді.
    ***
    Ана тілің алпыс тілге татиды.
  • Дауыл 11.10.2018
    Ұстаздың кәсіби іс - әрекетінд ... (1)
    Дауыл-фото
    Ұстаз туралы мақал

    Өмірдің өзі - ұлы ұстаз
    ***
    Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
    ***
    Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
    ***
    Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады.
    ***
    Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
    Білімді жан тас қамалды күйретеді.
    ***
    Ұстаз болу – жүректің асылдығы.
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика