ойын сауық отауы
Егіздер
19.07.2016 30 086 2 Дауыл

Егіздер

Бұл қызықты
Егіздер жұлдызына мінездеме
«Бір аяғы мұнда, бір аяғы анда» осы бір көрініс бір орында отыра алмайтын, өмірдің сан түрлі құпияларын білгісі келетін, мазасыз егіздер үшін айтылғандай.
Бұл жұлдыздағы туған жанмен тілдесе отырып, уақытша ненің керек, ненің қажет жоқ екенін ұмыта тұрасыз, тіпті, қазір күн әлде түн екенін де, - Егіздер үшін уақыт шектеуге бағынбайды.

Егер сіз келісілген уақытта кездесуге келіп, танысыңызды біраз күтіп қалсаңыз, телефон шалып, оның шұғыл шаруасы шығып басқа қалаға кетіп қалғанын білсеңіз, бұл дәл Егіздерге қатысты.
Ұқыптылық – Егіздердің қасиеті емес, сізге келер жолда оның назарын түрлі адамдар немесе көптеген уақиғалар аударып әкетуі мүмкін.

Егіздер үнемі асығып жүреді бірақ кешігіп келеді. Қасынан өтіп бара жатқан кез - келген адам әуесқой Егіздердің бағытын өзгертіп жіберуі мүмкін.
Сонымен қоса Егіздердің тамыр - таныстары көп (алайда шын достары аз). Таң қалмаңыз, үнемі асығып жүретін Егіздер үйден не үшін шыққанын ұмытып кететін кездері жиі болады.

Егіздер барлық жерде асығыс және сабырсыз, өйткені қалыптасқан керітартпа тәртіп оған үрей туғызады. Өзгеріссіз бір орында тұруды қаламайтын, асығыс, шыдамсыз Егіздер өміріне үнемі өзгерістер енгізіп, жұмыс орын да ауыстырып отыруды дұрыс санайды.
Егіздер үшін жұмыста жаңа адамдар мен қарым - қатынас жасауға, саяхат жасауға мүмкіндік қарастырылған болса, ондай қызметте өзін тамаша сезінеді.
Сонда ғана Егіздердің бойында таланты толық ашылып, тасыған энергиясы мен көпшіл қасиеті, шешендік қабілеті мол жемісін береді.

Шындығында Егіздердің шешен сөйлеу шеберлігімен ешкім таласа алмайды. Олардың ырқына көнбеске амал қалмайды, аса әсершіл және тумасынан баға жетпес шешендік қабілетке ие Егіздер өз дегеніне сендірмей қоймайды.
Ақылды, алғыр, сөзге шешен, білімді әрі ептілік қабілетінің арқасында Егіздер көптеген орында табысты қызмет ете алады. Мысалы: журналист, саясаткер, кәсіпкер.

Егіздердің екінші бір жағымсыз жағы ол – тұрақсыздық. Кез келген достықтағы, махаббаттағы іскерліктегі, оған белгісіз мақсатқа өзін өмір бойы талпынуға міндеттеу Егіздер үшін қорқынышты.
Олардың көзқарасы Көкжиектен арғыға бағытталған, үнемі жаңалыққа құмар Егіздер аяғының астында жатқан асыл қазынаны байқамай қалуы мүмкін.

Егіздердің табиғат күші – Ауа, әрқашан құбылмалы, үнемі қозғалыста. Ал ғаламшары – Меркурий, аспан мен жер арасында дәнекер, бұл дегеніміз Егіздердің – әңгімешіл, епті, ақыл ширақтығын білдіреді.
Жылы шырайлы, әуесқой, құбылмалы, епті де жігерлі, әзіл - оспақты тамаша түсіне білетін Егіздер кез келген жанды қызықтыра алады, шабыттандыра біледі.
Олардың өмірі – әсерлі құбылыс, оларды өмірдің шапшаң ырғағы жалықтырмайынша тоқтамайды.

Басқа белгілерді қарау

Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Жұлдыз жорамал - 2017 Жұлдыз жорамал - 2017
2017 жыл Тоқтылардың бойында күш - қуат таситынын жұлдыздар уәде етеді. Алайда оны қайда жұмсарыңыздың білмей, бар істі күш сала атқаруға тырысасыз.
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Суқұйғыш Суқұйғыш
Суқұйғыш – нағыз суретші, ол әлемді жан-жақты көре білуімен қатар, ең ұсақ бөлшегіне дейін ескеруге бейімделген.
Таразы Таразы
Егер сіздің жаңа танысыңыздың жұлдызы – Таразы бола, таныса салып оның бойынан: сыпайылық пен сүйкімділікті байқасаңыз, онда сіз оны толық танып
Бикеш Бикеш
Бикештер – табиғатынан ұқыпты. Бұл жұлдызда туған жанның үйіне кіріп келгенде, ең алдымен рет-ретімен орналастырылған заттар, ұқыпты тазартылған үйі
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 15:35
30. 03. 2019ж
Егіздер – жалғыздық. Тек бүгін емес. Бүгін сіздің орныңыз шулы достардың ортасында. winked
Дарига
#2 Дарига Қонақ 14 қараша 2020 14:17
Мен егіздермін. Және менемесе кәзір журналистика мамандығы бойынша білім алып жатыр мына.
×