ойын сауық отауы
Тауды көр де, түбіне барма!
13.05.2018 1 298 0 Дауыл

Тауды көр де, түбіне барма!

Бұл қызықты
ТАУДЫ КӨР ДЕ, ТҮБІНЕ БАРМА
Адам бола білу – ең қиын мамандық.
(Хосе Марти, Куба жазушысы)

ЖҮРЕГІМ! ҚАТТЫ МАЗАСЫЗДАНУДА. Жаным жай табар емес. Әлде сағыныншқа толы сары күздің көңіл түкпіріндегі алуан сырды қозғап, тіршілік иесі атанған тамырлардағы қанның толас таба алмай шаршауынан ба екен?
Жүрегім! Қатты тынышсыздануда. Көзіңнің алды тұманданып, басың айналады. Бойдағы салмақ ауырлап, жаныңды қыса түсуде. Аталарымыздың «өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге де тілеме» деген сөзі санамда жаңғырып тұр.
Қатты ашуланғанда үндемей құтылам. Қарсы сөйлегенде жан азабың жеңілдемес.
Әрдайым осы, қыңырлыққа жұмсақтықпен жауап беріп, ойыңды саралайсың, бірақ, бірақ... Ауырдың жеңілдеуі, азаптың азаюы, қайғы - қасіреттің ұмытылуы үшін қауіпті жүкті көтеретін, бар тәжірибе сынақты өзінде өткеретін Жүрекке обал болып жүрмесе.
Ақынжанды жүрек көбірек толқитыны, толғанатыны рас. Біреуге қанша ренжімеймін, күйкі тірлікті елемеймін десең де болмайды - ау. Адам темір емес қой. Айналадағы құбылыс, адамдар арасындағы әртүрлі қатынастар әсер етпей қоймайды. Шуақты сәулеге жылынсаң, ал суық леп мұздатып жібереді. Нәзік жүрегің жаншылып кеткенде өзіңді қояр жер таппайсың.
Ешкімге өшпенділігің жоқ болса да, жолыңа қасқайып қарсы тұрғаннан емес, бақай есебін ойлаған, пасық пиғылдардан қорқасың.
Ешкімге теп - тегіс жол, кедергісіз өмір жоқ. Не болмаса саған ешкім тамаша тағдыр дайындап қоя алмайды. Тіршілікке араласқан соң тірі адамның өз мұңы болады.
Кейде мына дүниеге аң - таң болып жүрген, уайымы, мұңы жоқ адамдардан да қорқасың.
Әйтсе де өмір шындығы жеңеді ғой. Қуаныш пен мұң, жақсылық пен жамандық, күн мен көлеңке, парасаттылық пен пендешілік, бәрі бір - бірімен байланысты. Мәселен, тас - түнек қараңғыда өмір сүрсең, соған бейімделесің. Егер кенеттен күн шыға қалса, жарық бар екенін, керек екенін сезінеміз. Сол сияқты қайғы - уайымды бастан өткермей, қуанышты да сезінбейміз. Бұл бұрын да солай болған, алда да солай бола бермек. Өйткені, сенің басыңда кездесетін жәйт әрбір адамның басынан өтер құбылыс деп ұқ.
Қашан да адамдардың өткені мен болашағы байланыста.
Бәлкім адам боп қалыптасу осындай жақсы көру мен жек көруді, қайырымдылық пен зұлымдықты... ажырата білуден басталатын шығар?
Бірақ кейде сені түсінбеуден өмір күрделене түседі. Ал түсінбеске түсіндіру, сен ойлағандай оңай емес...
Әрбір пендеде қателік те, кемшілік те болады. Өмір бойы тек мақтау есту немесе керісінше болуы мүмкін емес. Небір мықты, атағы жер жарған кісілердің пендешілікке салынып қалатын осал тұстары кездеседі. Мәселен, ес білген күнімізден бастап, «күнсіздерге күн болған, жер жүзіне нұр болған, ақылдың кені - данышпан» атанған Ленин атамыз елдің мәңгілік көсемі күйінде қалады деп ойлаушы ек... Ресейліктердің айтып жатқанына құлақ түрсең, жаның түршігеді...
Халқымыз «қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе» дейді. Кейде парасатты ағаның үйіне бара қалсаң, суық жанарлы жеңгемізді көріп, көңілдің пәс түсіп қалатыны бар. Сондайда орыс жазушысы Л. Толстой тағдырын еске аласың...
... Жазушының отбасылық өмірі шын мәнінде қайғылы еді. Күйеуі елге танылған сайын ол мен - мен, өзімшіл, көкірек бола бастады. Сән - салтанатқа құмар әйел жоқ жерден ұрыс шығаратын. Бар есіл - дерті байлық пен ақша еді... Ыза болған жазушы баспалардан шығарған кітабы үшін қаламақы бермеуді сұранды.
Қазымыр, әдепсіз әйелдің іс - әрекеттері жүрегі нәзік жанның жанын жаралайтын...
... Ақыры шыдамады. 82 - ге келген жасында яғни 1910 – шы жылдың қазан айының ақ қарлы түнінде 46 жыл отасқан өз әйелінен қашты. Ақ қар көк мұзда суықты бетке алып, қараңғылыққа қарсы кете барды, кете барды...
Тек он бір күн өткен соң ғана шағын темір жол станциясы маңынан әбден аяз сорып тастаған әлсіреген денесі табылды. Кірпіктері ғана әлсіз қимылдағаны болмаса, тірі жан деуге келмейтіндей еді. Қиналып, бар күшін жинап, әзер тілге келгенде айтқаны:
Әйелімді қасыма жақындатпаңдаршы...
Лев Толстойдың өмірден өтіп бара жатқандағы ең соңғы сөзі осы болды.
«Таудың басын көр де, түбіне барма, жақсының өзін көр де, үйіне барма» дегеннің астары аз емес - ау.

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау

Дос керек маған... Дос керек маған...
Бұл көңіл деген бола бермейді - ау босқа алаң, Шарқ ұрып кейде іздейді екен дос - жаран. Айналам толы ниеті түрлі пенделер, Шегінем бір рет -
Жүректе бір - жанартау Жүректе бір - жанартау
Өз күнәңді өзіңнен басқа ешкім түзете алмайды.
Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ
Қаламгер Әкім Ысқақтың 1996 жылы жарық көрген «Абзалдық әліппесі» атты күнделік-эссесі оқырмандар қауымының жоғары бағасына ие болғаны, әсіресе
Күйзелу Күйзелу
Көңіл - күйде тыншу жоқ: әлденені аңсай ма, жабыға ма, өрт кешкендей тынысым тарыла ма, әлде дауыл тілеген теңіз сынды бір бұрқаныс сәттерді сағына
Шабытты шақ Шабытты шақ
Жүрек пен жүйке егессін, Жыр көңіл сонда толғайды. Жынды деп жынды емессің, Жынды емес деуге болмайды.
Еркектер жыры Еркектер жыры
Біздің тауда қанатына қаңғырған бір оқ тиіп, Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік. Кей кездері ызадан жарылардай Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×