ойын сауық отауы
Сарышаян
21.07.2016 14 633 1 Дауыл

Сарышаян

Бұл қызықты
Сарышаян жұлдызына мінездеме
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда туғандардың қандай жан екенін оңай анықтай аласыз. Сіз сұрадыңыз мен айтайын: оның болмысы қатал да шыншыл, қисынды ойлай біледі.
Тіпті бұған дейін сізбен әзілдесіп отырған Сарышаян кенеттен сіздің қарапайым, жеңіл сұрағыңызға сіз күтпеген түрлі жауаптар тауып айтады.

Сіз онымен жай ғана күнделікті өмірдегі болып жатқан оқиғалар туралы әңгімелеп отырып, «бүгін ауа - райы жақсы болып тұр иә?» деп сұрасаңыз. Ол – жоқ, олай емес деп жауап береді. Басқалар секілді жай ғана «иә» деп жауап беру орнына – ол сіздің қарапайым сұрағыңызды талдап тұрып, ауа - райын болжаушылардың өзі таңғалатындай жауаптар айтады.

Таңданатыны жоқ, Сарышаянның айналасындағылар онымен қарым-қатынаста сақтық жасайды, себебі,ол өз пікірін ашық әрі әділ білдіреді. Әрине, оның әділ баға беруі қасындағыларды қанаттандырып жібереді алайда, кейбіреулер үшін соттың қатал үкімі секілді ауыр естілуі мүмкін. Онымен келіспеске амалыңыз жоқ, себебі оның көзіңізге тура қарап, айтып тұрғаны шындықпен үйлесіп тұр.
Адамдардың көпшілігі әсіресе, осындай қатал әрі ашық айтылған ащы шындықты естігісі келе бермейді. Сондықтан да болар Сарышаян айналасында жайбарақат жүретін адамдар аз. Оны не жақсы көреді, не жек көреді, алайда ол ешқашан елеусіз қалмайды.

Сарышаян өзіне қатысты айтылған айналасындағылардың пікіріне селқос қарайды. Ол өзінің қандай адам екеніне сенімді болғаны соншалық, басқалардың ойы оны қызықтырмайды да. Ол өзінің неге тұратынын біледі, қызығы сол, бұл оның өзін-өзі алдау емес. Шын мәнінде оның бойы күш пен сергектікке тұнып тұр, іс жүзінде кез келген кедергіні жеңуге мүмкіндігі жетеді.
Оның бойында төзімділік пен ерік жігерінің қоры шексіз екеніне таң қалмасқа амал жоқ. Өмірдің кез келген қиындықтары мен тағдыр соққысынан Сарышаян одан ары қатаймаса сынбайды. Бұл қасиетіне қарап, Сарышаянды нағыз жауынгер деуге болады.

Ол өзінің күшіне әбден сенімді, күресудің тәсілін жетік меңгерген және жеңіс үнемі соның жағында болатынына сенімді. Сенімділік – оның өмірінің барлық саласын қамтыған, жұмыста, достықта, махаббатта, ақшада. Егер Сарышаян алдына мақсат қойды ма, оның орындалатынына сенімі мол, алдында кездескен түрлі жағдайлар оған кедергі бола алмайды.

Санышаянның табиғат күші – Су, тереңінде құпия толы, басқаратын ғаламшары – Плутон, қырағы, сарқылмас энерияны білдіреді. Сарышаянға қарқындылық пен беріктік сыйлайтын жауынгер – Марс Плутонға көмекші.
Қуатты әрі қайсар, қызба да тәуелсіз, шынайы әрі өзімшіл – Сарышаян өмірден өз дегенін алуда жолда қандай қиындық кездессе де бар күшін аямайды және дегеніне қол жеткізеді.

Оның ақылдылығында шек жоқ, ал жүрегінде мәңгі өшпейтін от жатыр, сол отымен досы болса жылытады, жауы болса, күйдіріп күлге айналдырып жіберетін күшке ие.

Басқа белгілерді қарау

Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың
Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді?
Суқұйғыш Суқұйғыш
Суқұйғыш – нағыз суретші, ол әлемді жан-жақты көре білуімен қатар, ең ұсақ бөлшегіне дейін ескеруге бейімделген.
Бикеш Бикеш
Бикештер – табиғатынан ұқыпты. Бұл жұлдызда туған жанның үйіне кіріп келгенде, ең алдымен рет-ретімен орналастырылған заттар, ұқыпты тазартылған үйі
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар
Қай жеңімпаз таңдаулы? - Шындықпен жеңген. Қай жеңімпаз таңдаулы емес? - Күшпен жеңген. Қай адам ең әлсіз? - Өзгелерді жеңген.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дауыл
#1 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 16:46
30. 03. 2019ж
Сарышаян, дәл қазір сіздің көкжиегіңіз қара бұлт ішінде болар. sad Дегенмен, бұлтты тарату үшін артық энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Бұлттың тарқауын күткен оңайырақ. smile
×