Ойын сауық отауы


Ақылды мен ақымақтың арасы

АҚЫЛДЫ МЕН АҚЫМАҚТЫҢ АРАСЫ
Ақымақ адам қателессе,
Оны біреуге аударуға тырысады
Ақылды адам қателессе,
Оны өзі түзей бастайды.
(Бейсенбай Кенжебаев, белгілі ғалым)
ОСЫ ПЕНДЕНІҢ бәрі ақылды ма? Дәл осы сұраққа орай әрбір жан өзін ақылдылар тобына жатқызар еді. Өзін ақымақпын демейді ешкім. Сонда ақымақ қайсы, ақылды қайсы? Қазір екінің бірі қулығын асырғысы, бойындағы кемшілігін жасырғысы келеді. Сөздің өзін астармен сөйлейді - ау бұл қазақ. Бетіне жылы сөз айтып тұрып, жек көретіндер де, досыңмын деп тұрып, өзгеше сезімді бастан өткеретіндер де кездесіп жатады. Оған таң қалмайсың...
Ақылды адам, меніңше, өзгеге кінә қоймай, өзіне кінә қояды. Біз көбінесе сол сәтсіз қадамымыз үшін өзімізді емес, өзгені жазғырып жатамыз. Әрбір жан алдымен басқаға емес, өзіне талап қоюы қажет.
Ақылды қандай болу керек? Өз ойымша былай түсінемін:
1. Сезімтал да кішіпейіл.
2. Қандай қадам жасаса да, алдымен әбден ойланып алатын.
3. Өмірлік мақсаты айқын.
4. Сөзі өткір, ісі мығым.
5. Өзінің де өзгенің сырын сақтай білетін.
6. Артық сөйлемейтін, жақсылықтан қашпайтын.
7. Кемшілік жіберсе, мойындай да және жөндей де білетін жан.
Ал ақымақ керісінше:
1. Ештеңені сезбейтін, дөрекі әрі мақтаншақ.
2. Алдымен қадам жасап, содан соң ойланатын.
3. Өмірлік түгілі, ертеңін де білмейтін.
4. Сөзі жалған, өзі жалқау.
5. Өзіңнің де, өзгенің де сырын сақтамайтын.
6. Мылжың, жақсылық жасай алмайтын.
7. Қатесін мойындамайтын жан.
Өмір болған соң қателеспейтін жан жоқ. Ақылды адам өз қатесін түсініп, одан арыла біледі. Ал ақымақ өзін - өзі қадағаламай, қатесіне қате қосып алады. Бәрінен жаманы – өз қателігін түсінбеуде, көре білмеуде.
Білмеу қателік емес – білмегенді білем деу қателік. Бұрыс нәрсені дұрыс деу адасушылық. Адасушылықтан, өз жолыңды таба білмеуден артық сорақылық жоқ!
«Өзінің ақымақтығын білген адамды данышпанға тең десе де болғандай. Ал өзін данышпанға балаған ақымақ – шын мәніндегі ақымақ» деген ғұлама сөзі де осындай ойлардан соң айтылса керек.
Кейде кейбіреулер біреуге кінә артқыш, ренжігіш келеді. Иә, ондай өкпешіл, ұсақ - түйектің бәрін тізіп жүретіндерден адамдар да алшақтай бастайды. Адасуға ұрынатын да осындайлар.
Шын мәнінде, орынсыз қайғы - уайымға салынып жүретіннің де ісі өнбейді. Оның үстіне, ондайлар айналасындағы адамдарды да әбігерге түсіріп, ыңғайсыз күйге душар етеді.
Өз көңілін өзі көтеріп, айналаға шуақ шашып, парасатты тірлік жасап, пайымды ой айтып, жағымды әсер ете білу де – адамдықтың белгісі... «Егер күн сайын біреуді қуантуға әрекет жасасаңыз, онда сырқатыңыздан өзіңізді - өзіңіз айықтырасыз», - деп белгілі психиатр Альфред Адлер босқа айтпаған.
Сабырлылық – ақылдың бір көрінісі. «Сабырлы шыдар, сабырсыз сынар» демейтін бе еді. «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр – серігі» (М. Әуезов).
«Араларыңдағы ең күшті адамның кім екенін айтайын ба? Ол – ашуы келгенде өзін - өзі ұстай алатын адам» дейді діни хадистерде. Қазақ мұны бір - ақ ауыз сөзбен жеткізген: «Ашуын ақылға жеңдірген адам – дана».
Парасаттылық дегеніміз – меніңше, адам бойындағы ізгілікті жақсылыққа, өнегелікке, адамдыққа жұмсай білу. Жалпы, адамды қателіктерінен емес, атқара білген істерінен танисың.
Адам болған соң өз ақылыңмен өмір сүресің. Өзгеден үйренесің. Әйтсе де, өзгенің ақылы саған ақыл болмайтыны ақиқат.
Ақылды жан әрбір іс - қимылға сын көзбен қарайды, зиянды нәрседен сабақ алады, күйініш - сүйініште өзгермейді, сыр білдірмейді. Ақылсыз жан ойланбай қадам жасап, опық жейді. Жылпостың айтқанына сеніп, суайтқа иланып, жазықсыз жандарды ренжітеді.

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Шылаудың ерекшелігі

    Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
  • Үй жануарлары

    Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
  • Математика әлеміне саяхат

    Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
  • Қош бол, қасиетті мектебім! атты бітірушілер кешінің сценарииі

    «Қош бол, қасиетті мектебім!» атты бітірушілер кешінің сценарииі. Аяулы шәкірттер, сіздердің мектеп бітіріп, кәмелеттік аттестатқа ие болуларыңызбен құттықтаймын.
  • Үй жануарлары және төлдері

    Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.
  • Ақын шығармаларының басылымдары

    Ақын шығармаларының басылымдары. Сабақтың жалпы мақсаты: ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар
  • Бас әріппен жазылатын сөздер

    Жер - су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру; өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
  • Компьютерлер әлемінде

    Компьютер туралы ұғым беру. Үстелдік компьютерлердің негізгі құрылғыларын бір - бірінен ажырата білуге үйрету
  • «Шеберлер еліне саяхат» (ересектер тобында өткізілген кеш)

    Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын ...
  • Қош бол, Менің сүйікті мектебім

    «Қош бол, Менің сүйікті мектебім!» атты салтанатты қоштасу кешінің әзірлемесі.

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 27
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 27
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика