ойын сауық отауы
Туған күнге арналған ойын түрлері
01.10.2016 43 961 1 Дауыл

Туған күнге арналған ойын түрлері

Бұл қызықты
Ойын «қыстырғыштар»
Қажет заттар: Бұл ойынды ойнау үшін 20 - 25 киім қыстырғыш (прищепка) қажет, 2 - 3 көз байлағыш орамал.
Тәсілі: Жүргізуші 2 - 3 жұпты ортаға шақырады (қыздар, жігіттер). Ойыншының көзін байлайды. Содан соң, киімнің әр жеріне қыстырғышты қыстырады. Белгі берілген уақытта, көзі байлаулы тұрған ойыншылар алдындағы адамның үстінен қыстырғышты іздеп тауып, беру тапсырылады.

Ойын «қорқыныш»
Тәсілі: Бұл ойын екі топқа бөлініп ойналады, әр топта 3 адам (1 қыз, 2 жігіт, осылай қызықты). Қыз екі жігіт ортасына тұрады, жігіттер өздерінің үстінде бар заттарымен, киімімен қызды киіндіруі тиіс. (мысалы, сағат, сақина, алқа).
Жеңіс: Қай топтағы қыздың үстінде киім көп болса, сол топ жеңімпаз. Жеңіс үшін жігіттер үстіндегі бар киімін шешіп беріп жататын жағдайлар да кездеседі, қыздардың да түрі күлкілі болады.

Ойын «мені киіндір»
Қажет заттар: 3 жейде (футболка), 3 қолды байлағыш жіп.
Тәсілі: Ойыншылар 3 топқа бөлінеді, әр топта 3 ойыншы (барлығы 9 ойыншы қатысады).
3 ойыншының қолдары артқа байланады (қолды пайдалануға болмайды, жүргізуші оны бақылауы қажет). Қолы байланған ойыншының үстіндегі жейдені екі ойыншы шешіп алуы керек, олардың біреуі оң қолымен, екіншісі сол қолымен ғана жұмыс істеуі керек.
Шешіп алынған жейдені дәл сол тәсілмен қарсы топтағы жігіттің үстіне кигізу тапсырылады.
Тапсырманы бірінші орындаған топ жеңімпаз.

Ойын «Египет мумиясы»
Қажетті заттар: 2 рулон қағаз (туалетная бумага)
Тәсілі: Жүргізуші екі қыз, екі жігітті ортаға шақырады. Екі жігіттің қолына қағазды ұстатады.
Жігіттер қолындағы қағазбен қыздардың басынан аяғына дейін қағазбен орау тапсырылады. Содан кейін аздаған сыйлық берілуі керек. Енді ол қыздың үстіндегі қағазды қайта шешіп алу тапсырылады.
Екі жігіттің қайсысы тапсырманы шапшаң әрі сапалы орындаса сол жеңімпаз (қағаз үзіліп, жыртылмауы керек) Жеңген қыз «ең сұлу қыз» атағын алады.

Ойын «өзен, жаға»
Тәсілі: Ойыншылар бір қатарға тұрады «өзен» деген кезде алға бір қадам аттайды, «жаға» деген кезде артқа аттайды (секіреді). Жүргізуші сөзді жылдам айтқан сайын ойыншылар қателеспей секіру тапсырылады. Әр қателескен ойыншы ойыннан шығарылып отырады, тапсырманы қателіксіз орындаған бір - екі ойыншы жеңімпаз болады.

Туған күнге арналған ойын түрлерін білсеңіз бөлісіңіз, пікір қалдыру жолына жазба қалдыруға болады.

Туған күнге арналған ойын түрлері № 2

Балалармен үйде ойнайтын ойындар Балалармен үйде ойнайтын ойындар
Балалардың көңілін қалай аулауға болады? Балалардың көп уақыты үйде өтеді. Ал үйде отырған бала гаджеттен шығара алмайсың. Ендеше балаңыздың көңілін
Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері
Барлық адамдар столға дөңгеленіп отырады, ортада бір ойыншы отырады. Ортада кім отыратынын жеребе тастау арқылы білуге болады. Ортада отырған
Құрметті «Білімділер» порталының қолданушылары! Құрметті «Білімділер» порталының қолданушылары!
Білімділер порталының «Ойын - сауық» бөлімін дамыту үшін материалдар жолдауларыңызға болатынын хабарлаймыз! Ол үшін материалды ойын-сауық бөліміне
Уақытша жеңістер Уақытша жеңістер
Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп, Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек: «МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР». Күш жоқ осы
Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар
Туған күн кештерінде, түрлі мерекелерде ойнайтын ойын түрлері
Туған күнде ойнайтын ойын түрлері Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ұлжан
#1 Ұлжан Қонақ 24 қазан 2018 10:01
Туған күн иесінің атындағы әр әріптің астарында сол әріптен басталатын сыйлықтың аты жасырынған. Дұрыс тапқан адамға сол сыйлық тарту етіледі. Әріптер А4 парағында шығарылып, қағаз пакеттің сыртына жабыстырылады. Пакеттің ішінде аталған сыйлық болуы тиіс. Мысалы,
Ұ – ұлтарақ
Л – лоторея (лимон лимонад)
Ж –жайнамаз (жүгері)
А – айна (ароматизатор, аққу, , ақша, алма, асқабақ)
Н – нансалғыш
×