Ойын сауық отауы


Аялы алақан

Аялы алақан
Бақыт туралы ой
Әр адам бақытты өзінше түсінеді… Ал мен үшін мына өмірдегі «бақыт» деген ұғымның астарында ата - анам тұрады. Ол кісілердің қуанышы – менің қуанышым, қайғысы – менің де қайғым. Мені ананың аялы алақаны мен әкенің қамқорлығынан айырылған қазағымның қаракөз қыздары мен қарадомалақ балаларының жайы алаңдатады. Олар бақыт деген ұғымды қалай түсінеді?

Жолым түсіп, Балалар үйінің жанынан өтіп бара жатып, әп - әдемі, сүйкімді, асыр салып ойнап жүрген балғындарды көрдім. Жәудіреген көздерінен болашаққа деген зор сенімнің ұшқынын байқасам да, жанарларынан мен күткен нәрсені көре алмадым. Нені дейсіз ғой? Ананың ыстық алақаны мен әкенің жылы құшағынан сезілетін бақыттың нышаны, отбасы жылуы. Сосын, іштей:«Өмірдің басқа салған сынағы болғанымен де, мұншалық тағдыр тәлкегіне бауыр еті баласын қиып тастайтын қандай ата - ана екен» деп қапаландым. Осы орайда, есіме әкемнің бір әңгімесі түсіп отыр.
Әкемнің кішкентай кезі. Жасынан құс біткеннің балапанына құмар болған екен. Кіп - кішкентай қанаттарын серпіп, сүп - сүйкімді балапандарды көрсе, бағып көрмекші болып, үйге алып кетіп, балапанның нені жемтік қыларын білмей өлтіріп алып, талай рет обалына қалған көрінеді. «Жайлауда мал бағып жүрген кезім еді, – дейді әкем. – Бір күні үйдегі сиырымыз жоғалды. Жоғалған малды іздеуге атам астыма асау жылқыны мінгізіп жіберді. Шілденің ми қайнатар ыстығы. «Лекер» деген жазық бар еді. Сол жазықта сиырды таба алмай, шаршап, ыстыққа шыдамай келем. Бірде, алыстан артынан жалғыз балапанын ерткен тырнаны көрдім. Балалық қой, жанына дереу жетпек болдым. Тырна мені бірден байқады. Балапанына тиіспесін деген ниетпен, қанаты сынған құстың кейпін жасап, қанатын ауырсынып, жер сүйретіп, қауырсындарының артына балапанын тыға қойды. Қулығына таңданып, аттан лезде түстім де жанына бардым. Аналық махаббаттың құдіретін айтсаңшы, жарықтық балапанын шөптің арасына тыға қалып, өзінің ауырсынған қанатымен қалқалай қойды. Мен де тайсалмай, балапанды алмақ оймен құсқа жақындадым. Зәресі зәр түбіне түсіп, тыпырши бастаған тырнаны көріп, балапанын алып бағатыныма өзімше іштей масаттанып қоям. Қолымды созып едім, тырна қолымды шоқып қалды. Оқыстан болған соң абайсызда қолымнан аттың шылбырын жіберіп алдым. Өзі де асау жылқы басы ауған жаққа шаба жөнелді. «Аттан айрылып, мынадай қайнаған күнде ауылға жете алмай қалармын - ау» деген ой тырнаның балапанын аламын дегенімді ұмыттырып жіберді. Ойқастап шауып бара жатқан атты қуа жөнелдім. Жануар да жаратылыс емес пе, жағдайымның мүшкіл екенін сезсе керек біраз жерге барып оқы­раңдап тоқтай қалды. Әлгі құстың бала­панын сол сәтте әлдебір құдірет сақтап қалғанына таңданып, жануардың мейірімділігіне ішім жылып үйге аяңдадым…».
Әкемнің әңгімесінен не байқадыңыз? Тіпті құс екеш құс та өз баласын қауіптен қорып, аналық қамқорлық танытуды, мейірім көрсетуді біледі. Ал адамзат ше? Кейбір қаракөз қыздарымыз өздері жаза басқан бір қателік себебінен әлі де ес жимаған балапанын Балалар үйіне тастап кете барады, әттең… ­Сонда әкемнің әңгімесіндегі жануар екеш жануардан нашар болғаны ма? Сол балалар оларға біреудің келіп: «Киін, саған анаң келіп тұр» деп айтқанын аңсайды емес пе? Олар бақыт дегенді ата - ананың жанында болу деп түсінеді. Тағдыр… Бірақ қаршадай балалар өмірдің өздеріне дайындаған сынағын басынан өткеріп жүр. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»(Абай) де­мекші, қазіргі қоғамдағы адамдар сол балаларға азғантай уақыттарын бөліп, көңілдеріне қуаныш орнатуда, оларды қанаттарының астына алып, бақыт­тың дәмін сездіруде бір - бірімен жарысса екен. Пайғамбарымыз «Тек Алла разылығы үшін жетімнің басын мейірімділікпен сипаған адам, қолының тиген шаштарының санындай сауапқа қауышады»деген. Ендеше, Алланың разылығына асығайық…
Авторы: Анеля ИЛЬЯСОВА
Дереккөзі: http://anatili. kazgazeta. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 6
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 6
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (2)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика