ойын сауық отауы
Ұлыма айтарым
05.06.2018 7 494 0 Дауыл

Ұлыма айтарым

Бұл қызықты
Ұлыма айтарым:
1. Құдіретті жаратқан ием Алладан қорық …
2. Отаныңды, тіліңді дініңді діліңді құрметте…
Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс, күймейсің. Өз Ота­нын, ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ет! Опасызда Отан жоқ», – дейді.
Ал сенің Отаның – Тәуелсіз Қазақстан. Жер бетінде Қазақстан біреу-ақ. Екі Қазақстан жоқ. Отанды ешкім сатып ала алмайды. Отан оттан да ыстық! Адам бақсыз да, тақсыз да, тіпті баласыз да өмір сүре алады. Бірақ Отансыз өмір сүре алмайды. «Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде» деген ескіден келе жатқан ескі сөзді есте ұста. Сол себепті, ұлым менің, еліміз, жұртымыз біз үшін қымбат.
Қазақта сүйсінген ұлына «нардай бол, желдей жүйрік тұлпардай алымды, қыран құстай қарымды, сауысқандай сақ бол» деп жатады. Мен де саған осы тілекті тіледім, құлыным менің? «қайтсем жақсы өмір сүремін» деген психологиядан гөрі «қайтсем өз еліме абырой - бедел әкелемін» деген азаматтық позиция ұстағаның дұрыс

3. Ердің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
4. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
5. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
6. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс
7. Таспен атқанды аспен ат - жеңісің! Содан кейін алшақ жүр.
8. Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
9. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын.
11. Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
12. Құмар ойын – әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
13. Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа.
14. Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
15. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
16. Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
17. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.
18. Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта!
19. Бойжеткеннің көңілің оңай жаулағаныңа, онымен болғаныңа шаттанып, сөз қылма. Ерлік емес!
20. Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда! Тәуекел түбі жел қайық жүзесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық батасың да өтесің
21. Уәзірі мықтының тірлігі жеңіл. Мықтысың таңда!
22. Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауыздыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
23. Мүмкін нәтижелерін елестетіп көр. Нәтижесі ұнамаса, келіспе!
24. Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!
25. Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме!
26 Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!
27. Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол!
28. Жер қозғалмаса қозғалмайтын сабырлы зіл бол, шүкірлік ет!
29. Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың
30. Бауырларыңа, әпке қарындастарыңа қорған бол. Тұрмыста болса да өз күйеуі - қорғаны бар деме. Сенің орның тым бөлек.
31. Ең жақсы сыйлықтарды апаң мен әйеліңе жаса, маған сыйлағаның болсын.
32. Үйленуге асықпа. Жар таңдаудан жаңылма
33. Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сен мойыныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын! Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын!
34. Ердің аз міндеттерінің бір отбасын асырау. Саған сенгендерге ешнәрседен таршылық көрсетпе!
35. Барлық жақсы қасиеттің діңгегі әдептілік. Барлық жақсыны әдептің үстіне орнат!
36. Кім қанша төмен түссе де, сен өзі биігіңде қал!
37. Мықты болсаң, әйелге барып дәлелде! Балаларыңның анасын бақытты ет. Жарыңның саған риза болып өткені мен үшін ұлы мадақ!
Осының бәрін жеткізуге ұлыма сана, өзіме денсаулық бер, Жаратушым!!!
elana. kz

Көңілің түскенде оқы! Көңілің түскенде оқы!
Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты – өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандайсыз, өміріңіз де сондай.
Отан туралы мақал - мәтелдер жинағы Отан туралы мақал - мәтелдер жинағы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң.
Отан туралы Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Отан Отан
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды.
Туған жер – отан туралы мақал-мәтелдер Туған жер – отан туралы мақал-мәтелдер
Туған жерге туың тік. Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×