ойын сауық отауы
Әзілхан Нұршайықовтың өсиет сөзі. Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес.
05.06.2018 6 187 0 Дауыл

Әзілхан Нұршайықовтың өсиет сөзі. Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес.

Бұл қызықты
Әзілхан Нұршайықовтың өсиет сөзі. Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес.
Ұлдарға өсиет:
Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай:
Айналайындар, арақ ішпендер! Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны…
… Адам арақ ішпегеннен өлмейді, араны ашылып арақ ішкеннен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі мәнсіз болады. Адамның өмірі онсыз да қысқа. Ендеше аз өмірді ардақтап, шамаң келгенше мағыналы, мәнді етіп өткізгенге не жетсін, шіркін.
Жігіттер, қастарыңда отырған қыздарды құрметтеңдер, мәпелеңдер. Алақандарыңа салып әлпештеңдер. Қыздың жанын қинамаңдар! Қыз - болашақтың анасы. Қыз - алдағы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметтесең – қызды сыйла, қарағым.
Қыздарға өсиет:
Қыздар! Жаңдарында жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер.
Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіңдер: арақ ішкізбеңдер, айқайға жуытпаңдар. Оларды түнгі он екіде мас боп рестораннан қайтып, тынымдап жатқан жұрттың шырқын бұзып, терезесінің түбінен текедей бақылдап өлең айтып өтпейтін етіңдер. Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар.
Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенің! Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар. Адамның асыл махаббат сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Сөйтіп, олармен тату, дос, қимас құрбы болып өсіңдер, шырақтарым!
Өмірдің қызық ләззаты – адал достық, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашан да естеріңде сақтаңдар!!!

Ана деген Ана деген
Ана деген - ақ жаулықты аппақ ар, Ананы ұқпас қиянатта тапталар. Өткің келсе қиянаттан қиналмай, Мына өсиет-өнегемді жаттап ал:
Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты кітабынан Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар”
Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық – шашық жерді көбейтпей жауып, жария
Ананы жоқтау Ананы жоқтау
Айсәуле ана – ақ ана, балаушы ем сені данаға, өсиет сөзің санада. Ұзатып сені сапарға,
Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚ Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат. Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп, Сырым бiлмей сыртымнан қылма
Тоқаевқа еліктеу Тоқаевқа еліктеу
Ақ пимамды кие салып, кеттім базарға қарап, Татар алад, татар сатад: құран, арақ, жуид, тарақ. Алла әкпар... сахарин бар... деп мәзін айтады азан,
Жапон мақал-мәтелдерінен Жапон мақал-мәтелдерінен
Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды. Қанжар да қайырымдылыққа қарсы сілтенбес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×