ойын сауық отауы
Тауешкі
22.07.2016 40 007 4 Дауыл

Тауешкі

Бұл қызықты
Тауешкі жұлдызына мінездеме
Сіз бір кездері сыртынан қарағанда қарапайым және жұмсақ көрінетін жанды кездестірдіңіз, алайда нақты іске келгенде күтпеген жерден еркіңе бағынбайтын қайтпас мінезіне куә болдыңыз ба? Онда бұл - Тауешкі.
Осы жұлдыз жорамал белгісіндегі адамдар шамадан тыс табанды, бірақ жауынгерге тән қайсарлықтан гөрі бітімгерге тән қайсарлық тура келеді.

Тауешкінің мінез - құлқы ерекшелігі келбетінен және өмір сүру салтынан көрінеді. Оның мінезі жұмсақ, икемді олар расымен де ешкіммен сөз таластырып, дауласып, төбелесіп жатпайды.
Оның орнына жоспар бойынша алға қойған мақсатына қарай жылжи беруді дұрыс санайды, осы ұзақ жолда уақыт – оның жауы емес, досы. Оның серіктестері асығып, тартысып бар күшін жоғалтып жатқан уақытта Тауешкі алға қарай сенімді түрде асықпай қозғала береді, нәтижесінде қарсыластары шаңына да ілеспей қалады.

Жалпы алғанда, бұл қасиеттер – сабырлық пен сенімділік іс жүзінде үнемі Тауешкінің бойынан табылатын қасиеттер.
Ол ұрыс - керіс пен шиеленістерден өзін алыс ұстауға тырысады, бірақ олай жасауға мүмкіндік болмаған кезде, өзінің салқынқандылық қасиетінің арқасында төрелік жасай алады.

Табиғатынан ұқыпты және сақ Тауешкілер үшін асығыс шешім шығару қисынсыз. Олар мәселені қарастырғанда бәрін ескеруге тырысады «жақтайтын жағын» немесе «қарсы жақты» сол себепті қателікке жол берілмейді. Оның байыппен ұзақ ойланатын қасиетіне қарап батылсыз деп айта аламыз. Ол толық жауапкершілікті ала отырып, асықпай қатесіз шешім қабылдауды жөн санайды.

Табанды Тауешкінің кемшілігі – өз дегенінен қайтпайтын қырсықтығы. Оның тым тәкаппарлығы мен намысқойлығы, бизнес немесе дауға қатысты пікір таластыруда қателік жіберсе, қателігін мойындай алмайды. Сол себепті де Тауешкі соңына дейін өз көзқарасынан танбай, тіпті ол қате болса да оған өзін сендіруге тырысады.

Тауешкілерді табиғатынан атаққұмар деп атайды, шындығында солай. Олар шын мәнінде, өмір дегеніміз – алға қарай жылжу және жоғары қарай көтерілу деп түсінеді, өз болашағын елестетуде, өзі тұрған баспалдақтан бір саты жоғары тұруды елестеді.

Тауешкі өмірінің барлық қырында - жұмыста, қаржы саласында, махаббатта – алдына нақты мақсат қояды, және дегеніне жетеді. Ол өте еңбекқор, көп еңбекті талап ететін жұмысты да алып кете алады. Ол сонымен қоса бағына біледі және өзгелерді бағындыра біледі. Осы қасиеттері арқасында оның армандаған биігіне шығатынына ешкім шүбә келтірмейді.

Табиғат күші – Жер, сондықтан да ол аяғынан нық тұрады. Ғаламшары Сатурн, барлығына жауапкершілікпен қарауды, байсалдылықты білдіреді.

Сенімді және еңбекқор, сабырлы да табанды, Тауешкі жолында кездескен кедергілердің бәрінен оңай өтеді. Ол баяу ғана жылжып-ақ таудың ең биік шыңына көтерілуге мүмкіндігі бар.

Басқа белгілерді қарау

Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай
Қаңтар. Бұл айда дүниеге келген қыз-келіншектер төзімді келеді. Сондай - ақ ер мінезді болып келеді.
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Сарышаян Сарышаян
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда
Таразы Таразы
Егер сіздің жаңа танысыңыздың жұлдызы – Таразы бола, таныса салып оның бойынан: сыпайылық пен сүйкімділікті байқасаңыз, онда сіз оны толық танып
Торпақ Торпақ
Торпақ жұлдызына мінездеме. Торпақ күшті де табанды болғанымен, көпшіліктің арасынан қарапайым байқаусыз тұрған жанның осы жұлдызға тән екеніне таң
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Пікірлер (4)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
ayagoz
#1 ayagoz Қонақ 7 қазан 2017 12:36
мен бул пикирлермен ТОЛЫГЫМЕН косыламын!!! себеби меин жулдызнамам ТАУЕШКИ!!
Қуанбаева  камила
#2 Қуанбаева камила Қонақ 21 қаңтар 2019 20:37
fellow wink winked маған қатты ұнаған себебі қызымның жұлдызнамасы тауешкі
Дауыл
#3 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 16:54
30. 03. 2019ж
Тауешкі, Сіз табысқа жетесіз, бірақ нәтиже сіз күткеннен кішкене көрінеді. Өзгелердің сезімге оңай түсу қабілетін бағаламаңыз. belay
Bibish
#4 Bibish Қонақ 20 шілде 2019 22:55
Тура жазылған кейбір қасиеттері жайлы
×