Ойын сауық отауы


Баласын сағынған ана

Анаң сені ауылда сағынып жүр!
(Ана монологы)
Айналайын, жан балам! Бұл хатты саған жазар ма едім, жазбас па едім? Бірақ, денемнен бөлініп шыққан бөлшегім емессің бе? Сағынбайды дейсің бе? Мұны сол сағыныштан туған сөздер деп білерсің.
Рахмет, «Ақшадан қысылып жүрген жоқсыз ба?» деп сұрап тұрасың. Ақшадан қысылмаспын. Қартайған шағымда не жеп, не киіп қатырады дейсің? Зейнетақым да бар. Алайда, шынымды айтайын, балам, сенің көңіліңді, пейіліңді, дауысыңды сағынып жүрмін.
Есіңде ме? Жоқ, ол кез есіңде жоқ шығар. Шақалақ кезіңде бесікте жатып, маған қарап жымиятынсың. Қарны ашып қалды ма деп дереу аузыңа ақ сүтімді тосатынмын.
Алты - жеті ай болғанда, былдырлап бір нәрселерді айта бастадың. Не дегеніңді білмеймін, бірақ ол сөздерің маған «Анашым, сені жақсы көремін» деп естілетін.
Бір жастан аса бергенде, қалт-құлт етіп жүре бастадың. Оның қызығы тіптен бөлек. Тәлтіректеп барып, құлап қаласың? Қайта тұрып, қайта жүресің. Соның бәрі әлі күнде менің жүрегімде сайрап тұр, балам!
Үш - төрт жасқа келдің. Қолыңа түскенді қирату сенің өнерің болатын. Бірақ сен бір нәрсе сындырсаң, мен күлетінмін. Қызық, сен бір нәрсені бүлдіресің, ал мен күлемін.
Бір күні қатты ауырып қалдың. Неше күн жазылмай жаттың. Сол кезде менің күйімді көрсең ғой. «Әй, Алла Тағалам, баланың орнына мен ауырайын. Балама шипа берші» деп неше рет жаратқанға жалбарындым. Ыстығыңды өлшеймін, дәрі беремін, түні бойы қолымнан тастамай көтеріп жүрем. Үстіңдегі көрпені біресе ашам, біресе жабам. Әйтеуір, сенің жағдайыңды жасаумен әуремін.
Сол күндерді ұмытады дейсің бе? Өз жүрегімнен бөлініп шыққан балам емессің бе?
Одан соң мектепке бардың. Күн сайын сен мектептен келгенше сені уайымдаумен отырам.
Сөйтіп жүріп, ер жеттің ғой, қарағым. Міне, сен жұмысқа кеткелі аттай
5 жылдың жүзі болды. Содан бері менің ана жүрегім нелерді бастан кешпеді дейсің?
Құдайдың құтты күні сені ойлаймын. «Осы қарғам не істеп жүр екен?», «Неге хабарласпай кетті», «Ден саулығы жақсы ма екен?», «Шаршап жүр ме екен?», «Қасындағы достары қандай адамдар екен?»… Санамдағы сұрақ бітпейді. Алла ананың осылай жаратады екен ғой, қайтейін. Балаға деген мейірімді ана жүрегіне осылай салады екен ғой. Енді міне, бес жылдан бері басқа қаладасың. Жылына бір рет келіп, он күн қасымда болғаның не болады? Мауқым оған басыла қоя ма?
Жан балам, енді мен қартайдым. Көлігім келген күні алыс сапарға аттанып кете барамын. Ол жақты білмеймін ғой, бірақ онда да сені сағынатын секілдімін. Жоқ, әлде, сен жоқта жүріп кетсем, қайтып сені көрмес пе екем. Соны ойласам, жүрегім қақ айрылады, жаным! Кетер кезде құшағыма басып, маңдайыңнан иіскеп, әбден мауқымды басып алсам деймін.
Дұрыс, сен үлкен қызметтесің. Елдің сыйлы азаматысың. Уақытың да жоқ шығар. Бірақ сені дүниеге әкелген анаңның көңілі қашан да алаңдаулы екенін білгейсің.
Есікке қарасам, «Анашым, мені сағындың ба?» кіріп келетін секілдісің. Өзің әперген телефонға қысқа күнде қырық рет қараймын. Сен хабарласақанда, қара басып естімей қалдым ба деймін. Жоқ. Есіктен де кірмейсің. Қоңырауың көрінбейді. Сол баяғы қоңыр күйге қайта түсемін.
Жаным, балам! Мен бәріне де шыдаймын. Шыдауға үйренгенмін. Бар тілегім, қайда жүрсең, сен аман бол! Мұнда сені сарғая күтіп жүрген, сағынып жүрген, сағыныштан жанын қоярға жер таппай жүрген анаң бар екенін ұмытпа!
Енді келгенде мені таппай қалсаң, мұңайма! Мені адасып кетеді дейсің бе, жұрттың кеткен жеріне барармын. Өлгеннің артынан Құран барады дейді ғой. Артымнан Құран бағыштап тұрарсың. Шамаң жетсе, жылына біл мал құрбандық шал.
Анаңның иісін сағынсаң, мен жетқан бөлмеге келерсің. Иісімді таппасаң, әрі - бері жүрген іздерімді көрерсің. Іздерімді таппасаң, қабіріме барып еске аларсың.
Бірақ ешуақытта көңіліңді түсірме, балам! Мен үшін сенің көңілің қымбат, құлыным! Қайда жүрсең де еңсеңді тік ұста, балапаным!
Асылбек Әуезханұлы
elana. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 19
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 19
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (2)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика