ойын сауық отауы
Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз?
07.01.2023 36 123 2 Admin

Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз?

Бұл қызықты
Сіз күйеуіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ күйеуіңіздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне жәрдем ете аласыз. Мұның алғашқы қадамы - өзіңізді өзгерту. Күйеуіңізге деген құрметіңізді арттырып көркем мінезбен қарым - қатынас жасай бастасаңыз, күйеуіңіз де жаман қылықтарын тастауға тырысатын болады. Күйеуіңізді қатты қадірлейтініңізді білдіру арқылы оған көп нәрсені оңай орындатуыңызға болады. Ер адам арыстан секілді бірден жалынан сипата салмайды. Мына оқиғаға назар аударыңыз:
Отбасында қиындық көрген әйел кісі күйеуінің үстінен шағым айтып, даналығымен аты шыққан қарияға келіп жолығады. Қарияға күйеуінің қырсық әрі қатал екенін, бір мәселеде ортақ шешім таба алмайтындарын, күйеуін өзгертуге қанша тырысса да еш нәтижеге қол жеткізе алмағанын, шыдамы таусылғанын, осы мәселені шешіп беру үшін ақыл - кеңес сұрай келгенін білдіреді. Қария кісі әйелдің сөзін мұқият тыңдап болған соң:

– Сүйінші! Мен мұның жауабын білемін, бірақ бір шартым бар, соны орындасаң ғана айтамын, – дейді. Әйелі кісі:
– Қандай шарт болса да орындауға дайынмын, тек жауабын айтсаңыз болғаны.
Қария кісі:
– Маған ормандағы аң патшасы арыстанның жоны - нан бір тал қыл алып келсең ғана жауабын беремін, – дейді. Әйел кісі таң қалып:
– Арыстанның?! Бұл әзіліңіз бе, оған менің шамам келмейді ғой.
Қария болса:
– Онда өзің біл, ешкімді мәжбүрлемеймін, бірақ жауапқа мұқтаж өзіңсің.
Ұнжырғасы түсіп үйіне оралған әйел не істерін білмей дал болады. Шаңырағының шайқалғанын қаламайды. Отбасында күйеуімен ортақ тіл табысып, бақытты өмір сүргісі келеді. Не істейді? Ақыры, не де болса қарияның шартын орындауға бел байлайды. Сөйтіп, күн сайын белгілі бір мөлшерде ет алып аң патшасы арыстанға апарып тұрады. Алғашында етті арыстанның алдына сонау алыстан тастайтын. Уақыт өте келе арыстанға жақындай түседі. Күнде өзіне құрмет көрсетіп азық әкеп беретін мейірбан жанға арыстанның да еті үйренеді. Ақыр аяғы арыстанға жақын барып жонынан сипай алатын деңгейге жетеді. Арыстанның жонынан бір тал үзіп қарияға әкеліп береді.
– Қойған шартыңызды орындадым, ендігі кезек өзіңізде, – дейді.
Қария кісі әйелден бұған қалай қол жеткізгенін баяндап беруін сұрайды. Оқиғаны мұқият тыңдаған қария кісі әйелге былай деп жауап береді:
– Өз сұрағыңа өзің жауап бердің. Ал енді үйіңе орал да, арыстанға көрсеткен құрметті күйеуіңе
де көрсет. Күйеуің арыстаннан асқан жыртқыш емес шығар!
Әйел жымиған күйі басын төмен түсіріп:
– Дұрыс айтасыз, қария! – деді.
Есте сақтаңыз:
Сіз білесіз бе? Әйел адам нәзік болса да үлкен күшке ие! Мысалы, ер адам қанша мықты болса да түн ұйқысын төрт бөліп бала тәрбиелеуде әйелден жеңіліп қалады. Сіз сондай күшке иесіз: жыртқыш арыстанды да өзіңізге баурап ала аласыз. Ал енді сізді жақсы көретін, сіз де оны жақсы көретін күйеуіңіздің жүрегін жаулап ала алмаймын дегеніңізге сенбейміз! Алланың разылығына бөленуіңізге себепкер әрі жаннатыңыз болған күйеуіңізбен арада сүйіспеншілік орнатуға ұмтылыңыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Ер мен әйелді жұп қылып жаратқан Алла тағала адам баласына қолынан келмейтін жүкті жүктемейді.
«Алла ешбір жанға шамасынан тыс міндет жүктемейді. Әркімнің істеген жақсылығы өз пай -
дасына және істеген жамандығы өз зиянына» [«Бақара», сүресі 286 - аят].

Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі. Күйеуді сыйламаудың кесірі қандай? Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі. Күйеуді
Егер әйел ері туралы жаман ойласа, оны сыйламаса, одан ойша алыстайды. Еріне күш - қуат сыйламайтын болады. Ерінің жолы жабылып, бастаған ісінен
Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның алмайтын асуы болмайды! Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның
«Әулетіміздің тірегі», «отағасы», «сенеріміз», «сүйеуіміз», «әкеміз», «осы үйдің егесі», деген сияқты сөздерді жиі айтып, мәртебесін көтеру;
Өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні неде?
Бағзы заманда бір кісі өмірдің мақсатын білмекке ізденіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды.
Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба? Күйеуіңіздің опасыздығын кешіре аласыз ба?
Дәл қазіргі уақытта «көңілдесі бар екен», «тоқалы бар екен», деген сөзге құлағымыз да үйреніп қалған сияқты. Бұл тақырыпта нені меңзейін - деп
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу қажет? Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу қажет?
Жұмыстан келген жұбайыңыздың қабағы қатулы екенін байқадыңыз ба, дереу дастархан жайып, алдына ас алып келіңіз. Аш адам ашуланшақ келеді. Кейбір
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
elvira
#1 elvira Қолданушы 9 шілде 2018 14:05
ондайга лайык емес болса қайтпекпін? мүмкін жар тандаудан қателестім бе? қотыр атқа соқыр ат деген осы шығар
Admin
#2 Admin Әкімшілік 13 шілде 2018 11:05
Үзінді: elvira
ондайга лайык емес болса қайтпекпін? мүмкін жар тандаудан қателестім бе? қотыр атқа соқыр ат деген осы шығар

Осы мақаладағы кеңестерге құлақ салып, тырысып көріңіз, мүмкін бәрі жақсы жаққа бұрылар!
×