ойын сауық отауы
Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.
10.08.2018 2 219 0 Дауыл

Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.

Бұл қызықты / Денсаулық
Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.

Бір күннің қызығы мен шыжығы көзді ашып жұмғанша артта қалады.
Күн қаншалықты қиын да, қарқынды болғанымен әйтеуір кеш батпай қоймайды. Кешқұрым жұмыстан шаршап келгенде сан саққа жүгірген ойыңызды жинақтау мүмкін болмайды. Адам миы демалыс пен аздаған массажды қажет етеді, әйтсе де қажетті жұмыстарды естен шығарып алып жатамыз.
Жадымыз сақтауға қауқарсыз болса, онда қалыптасқан дағды бар. Дағды дегеніміз - екінші болмыс. Бірнеше пайдалы дағдыны шыңдай түссең, алдағы ғұмырың да жарқын, қымбат әрі едәуір жақсармақ. Кешке орын алатын дағдыларға тоқталсақ: ұйықтар алдында нені әдетке айналдыру керек?

1. Сөзсіз аяқ - киімді жуып, тиісінше, кептіріп қойыңыз. Жақсы күтім аяқ - киіміңіздің ұзақ сақталуы мен оны сатып алуда ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі. Сіздің аяғыңызда сапалы әрі құрғақ аяқ - киім болғаны маңызды. Ал жақсы аяқ - киімнің де бағасы мәз емес, егер күте білсеңіз 5 - 6 жылға дейін киюге болады. Әдетте, біз аяқ - киімді көшеге шығарда тазалаймыз. Ол дұрыс емес, асығыстық нәтиже бермейді. Біріншіден, аяқ киім жөнді тазармайды, жаққан крем сіңбейді, шалбардың балағын кірлетеді. Сол себепті аяқ киімді жұмыстан келгенде тазартады: шаңын кетіріп, гуталин жағады да, бірер минуттан кейін щеткалайды. «Дос - басқа, дұшпан аяққа қарайтынын» есте сақтаңыз!

2. Бетіңіз бен аяғыңызды міндетті түрде жуыңыз. Әрине, душ немесе ванна қабылдауға болады, бұл сіздің өз еркіңізде. Бұл сіздің қызметіңізге байланысты. Ал аяқтың орны бөлек. Оны үнемі жуып отыру керек. Егер бетіңізде косметика болса сүртіңіз, оны пайдаланбаған жағдайда да жуғаныңыз артықтық етпейді. Аяқты салқын суда жуу - ұйқыңыздың тыныштығына, ісіктерден аулақ болуға, иістен, табан зеңінен немесе түрлі жағымсыз «табан ауруларынан» құтылудың басты кепілі.

3. Тісіңізді тазалаңыз. «Тісті тазалау - таңғы рәсім» дейтін қағида қалыптасқан баршада. Тістің саулығы - бүкіл ағзаның саулығын реттейтін қозғаушы күш. Егер жүйке торшаларын қалпына келтіру курстары болмаса, тіске қатысты қиындықтарды естен оңай шығарып жатамыз. Әрине, заманауи стоматология ғажайып жасағанды жақсы көреді. Бірақ тісті тазалауды дағдыға айналдырсаңыз, тіс дәрігеріне артық шығындалмайсыз.

4. Түнгі ұйқы алдында айран ішіңіз. Бітті. Сіздің ішек - қарын жолдарыңыз осы әрекетіңізге «рахметін айтады». Егер соңғы тамақтануыңыз үш сағат бұрын болса, тіптен жақсы. Тек айран ғана, өзіңізге ғана емес, балаларыңызбен де бөлісіңіз. Ал айран болмаса ше? Онда бір стақан су ішіңіз. Таза, қарапайым су болғанымен әсері төмен, әйтсе де уақыт өте келе жемісін береді.

5. Отбасыңыздың әрбір мүшесін сүйіп шығыңыз. Бұл отбасындағы жылылықты арттырады.
Дереккөзі: aikyn. kz

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Менің жұмыстағы бір күнім! Менің жұмыстағы бір күнім!
Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Денсаулыққа пайдалы әдеттер. Денсаулыққа пайдалы әдеттер.
Денсаулыққа пайдалы әдеттер. Сізге рахат әкелетін, демалдыратын іске күнде 30 минут бөліңіз.
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
Аяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады.
Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу керек. Қыз - келіншектер көрікті көрінуі үшін не істеу
Соңғы кезде сән әлемінде табиғи сұлулық және әйелге тән нәзіктік жоғары бағалануда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×