ойын сауық отауы
Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі
26.08.2018 10 945 0 Дауыл

Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі

Бұл қызықты
Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі

Сіздің жағымды және үйлесімді қарым - қатынас жасауыңызға не кедергі? Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді? Мүмкін, Сіз мұнымен мүлде келіспейтін боларсыз мамандардың не айтатынын оқып көрейік!
1. Тоқты
Сіз келесі қиял - ғажайыпқа толы сәтті күтіп жүресіз. Сіз үнемі бәрін ретсіз жасайсыз (былықтырып жіберу), бұның қарым - қатынасқа да қатысы бар. Сіз іш пыстырарлық нәрсені жек көресіз және біреу сіздің ойыңызға сай келмесе, ол адамнан тез шаршайсыз. Әріптесіңізбен қарым - қатынаста тым көп нәрсе талап етесіз.
2. Торпақ
Сізге өткенді ұмыту өте қиынға соғады. Сіз өміріңізде орын алған әрбір сәтсіздіктерді ұмыта алмайсыз, ұзақ уақыт өтсе де сол өкпе - ренішті іште сақтайсыз бұның серіктесіңізбен қарым - қатынаста кесірі тиеді. Бұл жеке өміріңіздегі шиеленістің негізгі себебі және қарым - қатынастың бұзылуының негізгі факторы.
3. Егіздер
Сіздің жоспарыңыз бен мақсатыңыз үнемі өзгеріп отырады бір тоқтамға келуіңіз қиын. Сіз өзіңізде барды қанағат тұтып қадірлеу орнына өзіңізде жоқ нәрсеге ұмтыламын деп қарым - қатынасты бұзып аласыз. Сол сәтті жоғалтып алмай тұрып бағалай біліңіз.
4. Шаян
Сіз өзіңіздің қарым - қатынасыңызда болған барлық нәрсені толық бақылауыңызда ұстаймын деп ойлайсыз. Сіз әріптесіңізге тым нәзік, жалықтырып жіберетін кейде агрессивті адам болып көрінесіз. Бұл сіздің адамды бір минут тыныш қалдырмайтын, болып жатқан әрбір нәрсені қылқылдап сұрай беретін мазасыздығыңызға қатысты. Адамға еркіндік беріп өз - өзімен қалуына мүмкіндік беріп үйрену қажет.
5. Арыстан
Сіз үшін кез келген нәрсе сіз айтқандай болу керек, келіспеуге ешкімнің қақысы жоқ. Сіздің қарым - қатынасыңызды бұзатын нәрсе бұл – өзіңізді үнемі дұрыс деп санайсыз және ешкіммен ымыраға келмейсіз. Егер біреу сізбен келіспесе, онда сіз оны өз өміріңізден шығарып тастайсыз. Есіңізде болсын, әр уақытта сіздікі дұрыс болса бермейді, кейде басқаның да пікірі ақылға қонымды болуы мүмкін.
6. Бикеш
Сіз үнемі ұйқылы ояу күйде өмір сүресіз, маңызды қарым - қатынас жасау үшін ояту қиынның қиыны. Өз басыңыздағы қиындықтар шағымдарды айтып зарлай беру қарым - қатынас жасауда зиянын тигізеді. Сіздегі пессимизм мен кемшілікті тере беретін қасиетіңіз барлығын жояды. Өзіңізді бақытты сезінбейінше біреуге қуаныш сыйлау мүмкін емес.
7. Таразы
Сіз ерке және нәзік жансыз, бірақ кейде тым сезімталсыз. Сіз серігіңізден әрдайым зардап шегіп жүргендей сезінесіз, тіпті өзіңізді құрбан болған жандай көресіз нәтижесінде көз жасыңызға ерік бересіз. Сіз осындай әрекетіңіз арқылы қарым - қатынасты бұзасыз.
8. Сарышаян
Сіз қарым - қатынасыңызды бұзатын қасиетіңіз адамдардан бөлектену. Егер олар сіздің бастапқы ойыңызды ақтамаса, сіз оларды дереу өзіңізден алыстатып, артық мүмкіндіктер бермейсіз. Сонымен қатар, сіз өте тез ашуға ерік бересіз, қара бұлттай түнеріп тасаланып аласыз.
9. Мерген
Өмірде, әсіресе қарым - қатынаста өте ұқыптысыз. Сіз серіктесіңізбен шынайы қатынаста болғыңыз келеді, ал егер олай болмаса, сіз дереу тұйықталып қаласыз. Сіздің ойыңызша екінші жартысыңыз сізге сай емес. Сіз өзіңізді тым жоғары санайсыз стандартқа сай келмесе қарым - қатынастарды бұзасыз бірақ әркім сіздің талаптарыңызға сай келе бермейтінін ұмытпаңыз.
10. Тауешкі
Сіз өзіңіздің эмоцияңызды жасырып, жүрегіңізді ауырсынудан қорғауды білесіз. Сіз суық та құпия қасиетіңізбен қарым - қатынасты бұзып аласыз. Сізді жақсы көретін адамға ашылыңыз. Ол адам сіздің жаныңызда, қандай жағдайда ол сізді қолдайды.
11. Суқұйғыш
Сіз өзіңіздің немқұрайлы және ұқыпсыз әрекеттеріңізбен қарым - қатынасты бұзасыз. Біреуді жақсы көрсеңіз бірақ оны көрсетпейсіз. Оның өзі түсінуі керек деп ойлайсыз, бірақ олай болмайды. Қарым - қатынас жасауға өзің тырыспасаң, адамға көңіл бөлмесең өзінен - өзі байланыс орнамайды.
12. Балықтар
Сіздің ашық мінезіңіз кейде тым жеңілтектік сияқты көрінеді, ал шын мәнінде сіз айналаңыздағы барлық адамдармен сөйлескенді ұнатасыз. Бұл тамаша қасиет, бірақ кейде сіз өзіңіздің шектен шығып кеткеніңізді білмей қаласыз. Әріптесіңіз бұны – флирт яғни қылымсыған жеңілтек әйелге тән мінез - құлық ретінде қарастыра бастайды. Көпшіл адам болу қалыпты жағдай, бірақ бұл сүйікті адамыңызға кері әсер етуі мүмкін екенін түсіну керек.
Дереккөзі: garmoniazhizni.com
Дайындаған: Жайна

Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес Отбасын жаңа құрған жұптарға 5 кеңес
Жұптардың бастапқыда өмірі: бірін - бірі көргенге жанарында от, романтика, нәзіктік, құмарлық өзара жағымды қарым - қатынас.
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Ата-анамен арадағы қарым-қатынас. Ата-анамен арадағы қарым-қатынас.
Біздің өмірімізде ең жақын және негізгі адамдар олар – ата - ана. Олар бізге жарық өмір сыйлаушы, әлемді танып білуге үйретуші. Қандай жағдай
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Өмірдегі барлық қиындықтарға күліп тұрып, қолыңызды бір сілтеңіз. Өмірдегі барлық қиындықтарға күліп тұрып,
Адамдарды сыйлау, сыйламау әркімнің өз еркі, алайда олармен дұрыс қарым - қатынаста болу мәдениеттілік белгісі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×