ойын сауық отауы
Жеті ата
27.07.2016 26 081 0 Дауыл

Жеті ата

Бұл қызықты
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке - шешесі, ата - әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:
1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Үлкен ата.
5. Баба.
6. Түп ата.
7. Тек ата.
Сондай - ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата - бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.

Әке - бала - немере - немелтай - шөбере - шөпшек - немене. Екі немереден туғандар бір біріне - Бел немере, Немелтайдан туғандар - Жүрежет, Шөбереден туғандар Туажат, Шөпшектен туғандар - Жұрағат, Неменеден туғандар - туыс ағайын.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Салт - дәстүр ата - бабамыздан қалған асыл мұра. «Әр елдің салты басқа» дегендей қоғамдағы әрбір ұлттың өзіне тән ұстанымдары мен наным - сенімдері
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры! Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры!
Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз
Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Жеті қазына Жеті қазына
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×