ойын сауық отауы
Жеті қазына
20.03.2020 81 956 0 Дауыл

Жеті қазына

Бұл қызықты
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ілім - білім.
4. Жүйрік ат.
5. Құмай тазы.
6. Қыран бүркіт.
7. Берен мылтық.

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:
1. Адамның ақыл - ойы, санасы.
2. Денсаулық.
3. Ақ жаулық (ердің жары).
4. Бала (өмір жалғасы).
5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды).
6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»).
7. Ит.

Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сұсы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.
2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.
3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4. Денсаулық.
5. Ақ жаулық.
6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан - жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).
7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Көк аспан.
2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады).
3. Ай (түнгі тіршілік нәрі).
4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады).
5. Су. (сусыз тіршілік жоқ).
6. Жер (тіршілік анасы).
7. Ит.

Рухани - танымдық сүрлеулер: Жеті қат көк Рухани - танымдық сүрлеулер: Жеті қат көк
Жеті қат көк аспан мынандай қабаттардан тұрады: 1. Тропосфера. Қалыңдығы полюстерде – 8 шақырым, экваторда – 17 шақырымдай. Температурасы – 570 С. 2.
Қазақ халқына киелі 7 саны Қазақ халқына киелі 7 саны
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы – ақыл, 2. Жетекшісі – талап. 3. Жолаушысы – ой. 4. Жолдасы – кәсіп. 5. Қорғаны – сабыр. 6. Қорғаушысы – мінез. 7.
Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Фантазия Фантазия
Жеті қат жерің мына төңкерілген, Жеті қат аспанменен көмкерілген. Адамзат оның бәрін ерте білген, Ертегіде табысқан ертеңімен,
Жеті ата Жеті ата
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×