ойын сауық отауы
Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар
09.09.2018 6 415 0 Дауыл

Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар

Бұл қызықты
Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар
Денсаулық. Қазақ халқы «Денсаулық – зор байлық» - деп тегін айтпаған «Дені саудың – жаны сау» - демекші адамның дұрыс өмір сүруі үшін жұмыс жасауы мен ұрпаққа тәлім - тәрбие беру үшін, алдымен оның денсаулығы мықты болуы керек. Дені сау ата - анадан, дені сау ұрпақ тарайды. Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе, қазіргі таңда ұрпақ денсаулығының алаңдататын тұстары көп, сондықтан, тәрбие мәселесінде ырым - тыйым сөздерді қолданудың мәні зор – деп есептеймін.
Дұшпаныңа жарылма, достарыңа тарылма.
Мүгедекті мұқатпа, денсаулығың барында.
Тіл тигізбе анаңа, қамшы үйірме балаңа.
Атыңа ауыр жүк артпа, қап қоярсың далада.

• Күйікке шалынған адамы бар үй сирақ үйітпейді, өйткені күйік ішке түсіп кетеді дейді.
• Кешке ауру адамның көңілін сұрамайды: ауруы қатты шаншиды. Көпіртіп кір жумайды: жарасы жазылмай, көпіршіктене береді.
• Судан шошынған адамды қырық үйдің қырық қазанының құлағын тістесе, жазылады дейді.
• Ауруы асқынған адамды қара қойдың өкпесімен қағады.
• Ескі жұртты, қабірді басқан адамдардың аяғы сырқырайды. Аурудың көзінше өлім, мола, қаза деген сөзді айтпайды.
• Аттан құлап не жаяу келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде ұшықтайды.
• Буыны, сүйегі сырқырап ауыратын адамға әр ауылдан қырық сирақ жинап әкеліп, қайнатып, майын ішкізсе, жазылады.
• Шамды үрлеп сөндірген адам ұмытшақ болады.
• Өлітірі кәдесі бірілмесе, келін ауру болып қалады.
• Кемтарға, ауруға күлмейді.
• Ауру адамға қайғылы хабарды айтпайды.
• Кемтар алдында дене мүшесінің кемдігі туралы әңгіме айтпайды.
• Денесінде ұсақ қалы бар адамның қызы көп болады.

Павлодар қаласының
«Дарынды балаларға арналған №8 лицей - мектебі» ММ
Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар
Қыз - келіншек. Қай ата - ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана
Әйелің - Медет қызы, аты Ырым Әйелің - Медет қызы, аты Ырым
Әйелің – Медет қызы, аты Ырым, Айында бір жумайды беттің кірін. Ер кезек жігітке үшке дейін, Бір боқты тағы бас та және сүрін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×