ойын сауық отауы
Үйді сүрілмейтіндей етіп қалай салуға болады?
15.09.2018 1 105 0 Дауыл

Үйді сүрілмейтіндей етіп қалай салуға болады?

Бұл қызықты
Үйді сүрілмейтіндей етіп қалай салуға болады?

Қай қазақстандық өзінің жеке үйі болғанын армандамайды? Кейбіреулер керек соманы жинап жаңа пәтер немесе екінші нарықтағы үйді сатып алса, басқалары мамандарға керек ақша төлеп "арманыңыздағы" үйді салдыруға бар күшін жұмсап жатады. Алайда заңда бар ережелерді сақтамаған жағдайда "арманыңыздағы" үйді заңға қайшы салынған деп сүрілуі әбден мүмкін. Бұған жол бермеу үшін Tengrinews. kz тілшісі өз үйінің құрылысы бойынша қадамдық нұсқаулықтарды ұсынады.

1. Ең алдымен жер телімін сатып алмай тұрып, сіз жеке тұрғын үй құрылысында дәл сіздің аумағыңызда шектеулер жоқ екеніне көз жеткізіп алуыңыз керек. Сатып алған аумағыңызды қаланың жоспары бойынша қандай да бір республикалық маңызы бар автомобиль жолын салғысы келмейтініне көз жеткізіп алуыңыз қажет. Бұл ақпаратты Сәулет және қала құрылысы басқармасы өкілдерінен біліп алуға болады.

2. Сіз таңдаған жер телімі бөлінбейтін болса және сіз сатып алғаннан кейін оның ортақ иеленушісі атансаңыз, сарапшылар сату туралы шартқа қол қоймай тұрып өзіңіздің көршіңізбен алдын ала келіссөздер жүргізіп алуға кеңес береді. Рұқсатты нотариалды түрде растауыңыз қауіпсіз болады.

3. Жер телімін сатып алғаннан кейін міндетті түрде "Сәулет - жоспарлау тапсырмасын" алу керек, яғни, болашақ үйіңізге жоспарлауға және әзірлеуге берілетін рұқсат. Сәулет - жоспарлау тапсырмасын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе Сәулет және қала құрылысы басқармасына жер телімін жобалауға рұқсат құжаты мен техникалық шарттарға арналған сауалнамаға өтініш беру керек.

Құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы немесе "электрондық үкіметтің" веб - порталы арқылы ұсынылғаннан кейін сәулет - жоспарлау тапсырмасы мен техникалық сипаттаманы 6 жұмыс күн ішінде аласыз. Бұл құжаттар құрылыс кезеңі аяқталған күнге дейін жарамды.

Сәулет - жоспарлау тапсырмасын алғаннан кейін тапсырыс беруші алдын ала жобаны әзірлеуге кірісе бастайды. Үйдің дизайнын нағыз мамандарға тапсырыс бергеніңіз абзал. Қызмет құны 30 мың теңге. Бағасы үйдің алаңына байланысты өзгеретін болады.

Кейінірек дайын эскизді мақұлдап, барлық құжатты халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жергілікті кеңсеге немесе Сәулет және қала құрылысы басқармасына жіберіледі. Өзіңізбен бірге міндетті түрде: жеке куәлік, сәулет - жоспарлау тапсырмасының көшірмесі және дизайнерлік жоба болуы қажет. Өңдеу уақыты - 10 күн.

Жоспар мақұлданғаннан кейін үйге қандай да бір өзгерістер енгізе алмайсыз. Құрылыс конструкция жобасына сәйкес қатаң орындалуы керек. Сарапшылардың айтуынша, көп жағдайда үй иесіне берілген жер телімінің шектеуінен шығып кетуіне байланысты екен.

Осы шағын құжаттарды жинауды аяқтағаннан кейін үй құрылысын тікелей бастай беруге болады, ал аяқталғаннан кейін пайдалануға беріледі. Айта кету керек, Алматыда 2 қабаттан аспайтын тұрғын үйдің иесіне құрылыс жоспары аяқталғаннан кейін үйге кіруіне рұқсат. Қабылдау актісі Сәулет және қала құрылысы департаментінде тіркеледі, тек содан кейін ол әділет органдарында тіркеледі.

"Тұрғын үй екі қабатты кіші үй болса, тапсырыс беруші жобаны сараптаудан өткізуге міндетті емес, сондай - ақ құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізетін авторлық құқықты, техникалық қадағалаудан өтпей өз бетінше дербес жүзеге асыра алады", - деп атап өтті Алматы қаласы сәулет және қала құрылысының басшысы Нұржан Кенжебеков.

Ғимарат екі қабаттан асып кеткен жағдайда мамандарды тартуға тура келеді.
Тұрғын үй құрылысында ең көп қолданылатын құжаттың бірі - "Жоспарлау мен жеке тұрғын үй құрылысын салу учаскелері".
Ережеге сәйкес, тұрғын үйді салу кезінде үйдің қабырғасынан 3 метрден кем емес іргелес тұрған жер учаскесі мен ғимараттардан 1 метр қашықтықта орналасқан шаруашылық аумағының шекарасынан өтеуді қамтамасыз ету қажет.

"Бұл стандарттар сәулет өнерінің жергілікті атқарушы органының жобасын мақұлдаған кезде есепке алынады. Көршілес учаскелердің шекарасынан шегінбеу сақталмаған жағдайда, жобаның жоспары келісілмейді. Сондықтан дизайнерлік жобаны әзірлеу процесінде тұрғын үйді және жер телімін салу кезінде жоғарыдағы шегіністерді ескере кету керек", - деп түсіндірді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысының басшысы Нұржан Кенжебеков.

Әкімшілікте сәулет - жоспарлау тапсырмасын алу оңай, сондай - ақ, қала құрылыс нормаларына сәйкес келетін жобалық жоспарды үйлестіруге болады деп сендірді. Құжаттарды жеткізу және қабылдау жұмысы өте оңай, ал Алматы қаласы ауданының сәулетшілері қалаған жанға 8 (727) 279 - 58 - 24, 279 - 54 - 90 телефон арқылы тегін кеңес беруге дайын.
Толығырақ: kaz. tengrinews. kz

Сүт сатушы Сүт сатушы
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына
Заң бойынша 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың құқы бар Заң бойынша 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың
Заң бойынша 0, 10 гектар, яғни ауызекі тілде 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың құқы бар.
Жаңа жыл - 2019. Доңыз жылының басты ерекшелігі Жаңа жыл - 2019. Доңыз жылының басты ерекшелігі
Еңбекқорлық – Доңыз жылының басты ерекшелігі.
Үйді қандай материалдан салған дұрыс? Үйді қандай материалдан салған дұрыс?
Әрбір жасы келіп, есейген ер азамат шаңырақ құрмас бұрын, бірі үйлі - баранды болған соң, бала - шағасымен пәтер жағалап жүрмей, жанға жайлы баспана
Үйді жайлы етіп безендіру. Үйді жайлы етіп безендіру.
Үйдегі жайлы атмосфера өте маңызды. Жайлы тұрғын үйде демалу, жұмыс жасау қолайлы, өзіңді еркін сезіну мен қатар жаныңа жылылық береді. Үйдің жайлы
Боран Боран
Тал - шыбықтар шайқалып, Тентек боран ұлиды. Ысқырады айналып Айналада бір үйді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×