ойын сауық отауы
Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану
02.10.2018 2 190 0 Дауыл

Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану

Бұл қызықты
Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану

Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі. «Көп күле берме, бетіңе әжім түседі» дегенді барлық қыз - келіншектер естіген болар. Расымен, мимикалық әжім кейбір адамдарда өте ерте пайда болуы мүмкін. Ол үшін 25 немесе 30 жастан асу міндетті емес.
Психологтардың айтуынша, бетке түскен сызық адамның денсаулығы, мінез - құлқы туралы сыр шерте алады екен. Яғни, әжімге қарап отырып, адам мінезін тануға болады. Олай болса, назар салып көрелік.

Маңдайдағы мимикалық әжім

• Маңдайдағы доғал тәріздес әжімдер адамның ақылды екендігін білдіреді.
• Үзік - үзік көлденең орналасқан әжімдер бір істі аяғына дейін дұрыс жеткізбейтін адамда болады. Оған қоса бұл әжімдер өсекке жақын жандарда да кездесіп жатады.
• Тігінен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз – мінезі ашық, мейірімді жан екендігіне күмәніңіз болмасын.
• Екі қастың ортасындағы доғал тәріздес әжімдер – ұялшақ және өз өзіне сенімсіз адамды білдіреді.
• Кеңсірікке әжім түсуі ісі алға баспай, мазасы кеткен адамға тән болады.
• Ал жалпақ маңдайлы адамның кеңсірігіндегі әжім оның ақылды, діттеген мақсатына жете алатындығын сипаттайды. Онымен қоса бұл — аналитикалық ойлай алудың, жалпы зияткерліктің белгісі.
• Кеңсіріктегі қисық сызық орынсыз қызғаншақтарда кездесіп жатады.
• Алайда, мінезден бұрын қуығы мен бүйрегі ауыратын адамдарға әжім бірден кеңсірікке түсетінін байқауға болады.
• Қастың үстінде шетке қарай орналасып, жоғары бағытталған әжім иесіне сенуге болмайды. Кез - келген жерде «жау арасында» тастап кетуі мүмкін.
• Бірақ қастың үстінде көлденеңнен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз, оның адал және сенімді адам екендігін біле жүріңіз.

Көз айналасындағы мимикалық әжімдер

• Көз қиығында орналасқан әжімдер есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін және зейін ұшқырлығын білдіреді.
• Олардың бағытталуына байланысты екі адам типін анықтауға болады. Егер әжім жоғары бағытталса, оның иесі — көңілді жайсаң мінезді, төмен бағытталса – сенімсіз, пессемист, мазасыз болғаны.
• Денсаулық тарапынан қарайтын болсақ, көз қиығында орналасқан әжімдер өт пен асқазанның бұзылуы жайында белгі беруі мүмкін. Оған қоса, көзі нашар көретін адамдарда бұл жерге әжім көзін сығырайта бергеннен түсуі мүмкін.
• Көз астындағы ұсақ мимикалық әжімдер таң қала беруден шаршамайтын адамның белгісі.
• Олар тым көп болған жағдайда адамның ағзасында дәрумендер жетіспейтіндігін және ұйқысыздық мазалайтынын аңғару қиын емес.
• Ұсақ детальдарға дейін назар аударатын адамдардың көз айналасында доғал тәріздес әжім пайда болады.
• Қас пен көздің арасындағы әжімдер жүректі дәрігерге қарату қажеттілігін білдіреді.

Ауыз маңайында орналасқан әжімдер

• Ерінге жақын жоғары бағытталған мимикалық әжімдер адамның позитивті, әрдайым көңілі көтеріңкі екендігін білдіреді. Ал төмен бағытталған әжімдер – ортаға, өзіне көңілі толмайтын, пессимистік көзқарас иесіне тән.
• Өздерін жалғыз сезінетін, ұяң, кез - келген ортада ашылуы қиын жандарда ауыз маңайына әжім тез түседі.
• Ал мұрын мен ерінді жалғастырып түсетін әжім өмірде көп қиындық көрген, көңілі қалған адамдарда болады.
• Жоғары ерін үстіндегі тігінен орналасқан әжімдер гармоналдық ақаудың барын немесе гинекологқа көріну керектігін аңғартады.

Биология 8-сынып Адамның мінез-құлқы және психикасы №1 Биология 8-сынып Адамның мінез-құлқы және
Тест. Биология 8-сынып Адамның мінез-құлқы және психикасы
Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз! Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз!
Әр адамның мінез-құлқы мен темпераменті әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді.
Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін ашуға болады! Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін
Үшбұрышты бет. Кең маңдайлы, мәрт мінезді, тұңғиық көзді, иегі шығыңқы адамдар. Бұндай келбет интуициясы жоғары, өзін сүйетін, қызғаншақ,
Көз гигиенасы Көз гигиенасы
Көру мүшесі – көз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым -
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
Мұрын мен ерін айналасындағы әжімдердің пайда болуын болдырмаудың оңай жолы - олардың алдын алу. Кез келген қыз-келіншек 25 жастан асқан соң, күн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×