ойын сауық отауы
Баланы қырқынан шығару
07.01.2023 5 908 0 Дауыл

Баланы қырқынан шығару

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Баланың қырқынан шыққанға дейінгі күтімі

Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түн де шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік ғылыми мəні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан жəне ана мен баланың əртүрлі қауіп - қатерден сақтануы үшін қажет.

Əдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суға алма - кезек шомылдырып отырады. Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып, ауру - сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады. Сабынды су – баланың денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс - қоңыстарды жойып, терідегі саңылауларды ашуға көмектеседі. Ал, маралшөп қосылған су баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала тез ширайды.

Баланы қырқынан шығару
Нəресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата - ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі. Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37 – 39 күн, қыз баланы 40 – 42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған əйелдер білезік, жүзіктерді бөлісіп алады.

Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан кигізеді. Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кəмпит, бауырсақ түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, қант - кəмпитін жеп, жейдені əкеліп береді.

Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, ата - əжелері мен туыс - туғандарының үйіне алып келеді. Ата - əжелері қырқынан жаңа шыққан нəрестенің бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай - тайынша, қозы - лақ сыйлап, көйлек - шапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше күтеді.

Баланы қырқынан шығарудың да өзіндік ғылыми мəні бар. Баланы шомылдыратын суға күмісті бала адал, ақ, пəк болсын деп салады. 40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды. Шаш - тырнағын сол адамдай инабатты, ортасына сыйлы адам болсын деп алғызады.

Балаға ит көйлек кигізу Балаға ит көйлек кигізу
Дүние есігін ашқан сәбиге ең алғаш тігісін сыртына қаратып, киім тігіп кигізеді. Бұл киімнің атын «ит көйлек» немесе «ит жейде» деп атаған. Киімнің
Қазақ халқының осындай ырымдары мен тиымдары Қазақ халқының осындай ырымдары мен тиымдары
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды. Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi. Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi.
Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Бесіктің пайдасы Бесіктің пайдасы
Біріншіден – қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден – баланың
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Шілдехана Шілдехана
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той, шілдеханаға арнайы шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл тойда «Балаңыздың» бауы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×