Ойын сауық отауы


Үйді қандай материалдан салған дұрыс?

Үйді қандай материалдан салған дұрыс?

Әрбір жасы келіп, есейген ер азамат шаңырақ құрмас бұрын, бірі үйлі - баранды болған соң, бала - шағасымен пәтер жағалап жүрмей, жанға жайлы баспана алуды не өздері салуды көздейді. Егер сәтін салып, жеріңіз болып, үй салуға шындап кіріссеңіз, сіздің алдыңызда бір емес мың сауал туындайтыны рас. Соның бірі «үйді қандай материалдан салған абзал?»
Міне осы сұраққа біз сізге жауап тауып көрейік. Біріншіден, үй салу үшін «идеалды» материал жоқ. Әрқайсысының оң және теріс тұстары бар. Олай болса, өзіңіз үшін ең қолайлы материалды таңдаған дұрыс.
1. Кірпіштен қаланған үй
2. Әртүрлі блоктардан қаланған үй (пеноблок, газосиликат және т. б.)
3. Қабырғасы діңгек ағаштан тұрғызылған үй
4. Қабырғасы бөренеден тұрғызылған үй
5. Каркас үй

1. Осылардың арасындағы ең берік, ұзақ мерзімді әрі тұрақтысы – кірпіш үй. Бірақ кірпіштің үлкен минусы бар, ол қымбат. Жоғарыда аталған үйлердің арасындағы ең қымбаты кірпіш үй. Бұл жерде қуыс кірпішті пайдалану арқылы не ортасын шиыршық таспен толтыру арқылы (колодцевая кладка) үнемдеуге болады. Айта кетерлік жайт, кірпіш жылу өткізгіш материал.

2. Түрлі борқылдақ бетоннан (газобетон) қаланған үй кірпіш қабырғаға жақсы балама болып табылады. Олар жылуды ұзақ уақытқа дейін ұстап тұратын қасиетке ие. Мысалы 64 см кірпіш қабырға 34см борқылдақ бетонмен тең түседі. Борқылдақ бетоннан қаланған қабырға кірпішке қарағанда 2 есе жеңіл. Бұндай материал уақыт жағынан да ұтымды. Алайда, борқылдақ бетон кірпішке қарағанда осал және екі қабаттан көп салуға кеңес берілмейді. Борқылдақ бетоннан жасалған үйдің сырты әсем болу үшін оны арнайы материалмен қаптау керек.

3. Ағаш діңгектен салынған үй, ең жылдам салынатын үй десе болады. Ондай үйді салу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Үйдің сыртын арнайы сылақпен қаптау керек. Бұндай үйдің кемшілігі – шамамен 7 пайызға дейін отырып қалады. Үйдің аласаруын болдырмау үшін жапсырылған діңгеткі пайдалану керек. Бірақ ол бірнеше есе қымбат.

4. Бөренеден қаланған үй қолжетімді әрі арзан, ал өңделген бөренелер қымбат. Ағаштың өңделуі қандай ағаш екеніне ғана емес, сондай - ақ ұстаның шеберлігіне де байланысты. Ешқандай тәжірибеңіз болмай тұра, өз бетіңізден жақсы ағаш әкелу қиын мәселе. Бөренелер де уақыты келе отыра бастайды.

5. Каркас жоғарыда аталған үйлердің ең жеңіл варианты болып табылады. Олар да ақша мен уақыт жағынан үнемді. Ондай үйлерді салу үшін арнайы білім қажет емес. Қабырғаларды жылытатын материалдармен толтыру кезінде, су мен будың әсерінен қорғаушы «оқшаулықты» (изолятор) дұрыс орнату керек. Әйтпесе бұл қабырғалар өздерінің ең маңызды қасиеті жылуды ұстап тұру қабілетінен айрылады.

Енді сіз жоғарыда аталған үйлердің арасындағы айырмашылықтар туралы білесіз. Қандай үй салатыныңызды да шешіп алған шығарсыз. Ал біз сізге үйіңіздің ойдағыдай шығуын және ең бастысы сол үйде ырыс - береке мол болып, жанға жайлы мекенге айналуын тілейміз.
Дереккөзі: el.kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 17
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 17
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (1)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
  • Дауыл 11.10.2018
    Өлкем жайлы ойласам - Жұбан Мо ... (1)
    Дауыл-фото
    Шығарма: Туған жер

    Туған жер сөзінде қаншама мағына, қаншама ой жатыр. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Менің туған жерім - Балқаш қаласы. Туып өскен қалам Балқашым кішкетай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы жерде көңілді де уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтуде. Өз туған жерімді сүйемін. Осы қалада балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сынып балаларымен танысқан күндерім, әлі есімде.
    Туған жерім күннен күнге көркейіп, жаңаруда. Мен Балқаш қаласымен мақтанамын.
    Кенесары Диана
  • Дауыл 11.10.2018
    Ақша туралы мақал - мәтелдер (1)
    Дауыл-фото
    Қожанасыр туралы аңыз
    Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
    - Ақша саған не үшін керек?
    - Піл сатып аламын.
    - Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
    - Мен сенен ақыл емес, ақша сұрадым ғой!
  • Дауыл 11.10.2018
    Балалы үй – базар (1)
    Дауыл-фото
    Балаларға арналған тақпақтар
    Кішкентай бала

    Мен кішкентай баламын
    Кітап оқи аламын.
    Дәптер, қалам, сызғышты
    Сөмкеме өзім саламын.

    Бөпешім
    Әлди, әлди бөпешім,
    Жат бесікте көкешім.
    Неге жылай бересің,
    Ертең-ақ жүріп кетесің.

    Гүлдер
    Гүлім, гүлім, өсе бер,
    Әдемі боп, асыл боп.
    Күндей жайнап кете бер,
    Қызыл, сары, жасыл боп.
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика