ойын сауық отауы
Балаңызға этикет ережелерін үйреткен абзал
14.11.2018 2 191 0 Дауыл

Балаңызға этикет ережелерін үйреткен абзал

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Балаңызға этикет ережелерін үйреткен абзал

Қазіргі күні баламызға гаджетті, жаңа техниканы үйретудің қажеті жоқ, өздері біліп туады деп мақтанамыз. Этикетті ше? Біле ме? Сенімдісіз бе?

Сәлемдесе біле ме?
Таныстарыңызды, әріптестеріңізді, жора - жолдастарыңызды балаңызбен бірге кездестіріп қалсаңыз «Амандас», «сәлем бер» деп түртпектейсіз бе? Әлде балаңыз көрген бетте өзі қол алысып, хал сұраса ма? «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн», «Сау болыңыз!», «Көріскенше!» тағы да басқа сөздерді үйретіңіз. Мульфильмдер мен сериалдар кейіпкерлері мұны айтпауы да мүмкін.

Ілтипат білдіре, қабылдай ала ма?
Әдемі көйлегімізге, ажарлы өңімізге байланысты комплиментке майысып «рақмет» айтуды біз әрине білеміз. Ал құрбы - құрдастарыңыздың балаларына мейірленіп, ілтипат білдірсеңіз әдетте не деп жауап қатады? Біз үшін қалыпты, қарапайым жағдай болса да, кішкентай бала сөз таба алмай, төмен қарап қалуы мүмкін. Рақмет айтуды, ілтипатын жеткізуді үйретіңіз.

Әңгімені жалғастыра ала ма?
Кей балалар ересектермен әңгімелесуге құмар, ал кейбір балалар «Қалың қалай?» сұрағына «жақсы» деп жауап берумен әңгімесін шектейді. Балаларыңызбен жиі сөйлесіңіз, рөл ойнап, үлкендерше сұхбат құрыңыз.

Кезек күте біле ме?
Сіз кезек күтіп тұрсаңыз киіп - жарып, алға жетіп баратын балаларды жиі көресіз ғой? Ата - аналары да сондай шығар деп ойлайсыз. Бірақ, әдетте ондай балалардың ата - анасы сызылған, биязы болуы да сирек емес. Балаңызға кезек күтуді, қоғамдық көлікте үлкенге орын беруді үйретіңіз. Кезекте тұрғанда қандай кісілерді кезексіз өткізуге болатынын айтыңыз.

Телефонға қалай жауап береді?
Балалар сіздің телефоныңыздың құлағында ойнайды. Сіз білмейтін функцияларын біледі, блоктан шығара алады, камерамен түсіре алады, тіпті әлеуметтік желіге де кіре алады. Ал телефон арқылы хабарласқанда сыпайы жауап қайыра ала ма? «Сәлеметсіз бе, менің есімім Пәленше», «Қазір, күте тұрыңыз, анам қазір жауап береді» дей ме әлде «А?! Кім бұл?!» деп жауап бере ме?

Рақмет айта біле ме?
Қатарлас екі бала бір - бірінің ойыншығын қалай алады? «Сиқырлы сөз» қасиеті жоғалған жоқ. «Өтінемін», «Рақмет», «Оқасы жоқ», «Мархабат» сөздері қандай жағдайда айтылатынын үйретіп, өзіңіз де жиі қолданыңыз. Сыйлық алған баланы ата - анасының «рақмет» айт деп жұрттың көзінше түртпектеуі балаға да, ата - анасына да абырой емес.

Дастархан басында отыра ала ма?
Өз асүйіңізде, мейрамханада, қонақта болсын, дастархан басында отыру этикеті бар. Қасық ұстау, ас ішу, құралдарды қолдана білу, дастарқан басында өзін ұстауды балабақшада да, мектепте де, институтта да үйретпейді. Оны үйрету, әрине, сіздің міндетіңіз.

Егер бұл қарапайым этикет ережелерін балаңыз білсе, құттықтаймыз! Сіз тәрбиелі баланың ата - анасысыз!
Дереккөзі: arular.kz

Мейірімділік - асыл қасиет Мейірімділік - асыл қасиет
Бала бақыт, бала қуаныш, бала жүрегіңіздің жартысы мен жан жүрегіңіз. Балаға мейірімді болудың ешқандай да зияны жоқ қайта балаңыз өскенде, өз
Қауіпсіздік телефон номерлері. Қауіпсіздік телефон номерлері.
Есіңізде сақтаңыз! Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден - бір жолы!
Бала қауіпсіздігіне назар аударыңыз! Бала қауіпсіздігіне назар аударыңыз!
Бала қауіпсіздігіне назар аударыңыз! Ата-аналардың назарына. "Бала жоғалды. Куәгерлер бейтаныс адамның баланы ертіп бара жатқанын көрген". Осындай
Қонаққа бару мәдениеті Қонаққа бару мәдениеті
Қонаққа барарда үй иелеріне қандай сыйлық алатыныңыз қандай киім киетініңізбен қоса, ондай орында өзіңді қалай ұстау керек, бұл да маңызды.
Қайырлы таң Қайырлы таң
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім! Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім! Орманым да шуламай,
Интервью Интервью
(Шет елдік әріптеске) Біз мына қоғамменен бірге өсеміз. Тілдесеміз, үнімен үндесеміз. Ақиқатты айтуды бізден сұра, Ақиқатты айтуды білмесеңіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×