ойын сауық отауы
Кедейліктің генетикалық себеп - салдары
18.11.2018 2 005 0 Дауыл

Кедейліктің генетикалық себеп - салдары

Бұл қызықты
Кедейліктің генетикалық себеп - салдары

Діл (Менталитет)
Бала кезімде құрбымның үйінде жиі болатынмын, оларда ескі кереует болатын, үлкендер көрмей тұрған сәтте әлгі кереуетке секіріп ойнаушы едік. Секірген сайын пружина шик - шик етеді, матрас арасына жыл бойы жиналған шаң аспанға көтерілетін. Жиырма жыл өткеннен соң әлгі бала күнгі құрбымның үйіне бардым, сол сәтте баяғыда секіріп ойнаған кереуетті көрдім. Ұмытпасам, кереует сол күйі өзгермеген, үй ішінен жоқшылық пен кедейшілікті көріп күйзеліп кеттім. Мен сол сәтте: жаңа кереует сатып алуға, май сіңіп кірленген орындықты, сынған айнаны ауыстыруға қанша қаражат кететінін есептей бастадым. Мен осының бәрін ойша есептеп отырып, өз қиялымда үйдің төбесін ақтап, қабырғаның түсқағаздарын ауыстырып қойдым. Үйдің есік - терезесін шыбынның саңғырығынан тазартып, кереуеттің астында қылтиып көрініп жатқан картондарды сыртқа шығарып тастағым келді. Терезе алдында сынған гүл құмырасын ауыстырғым келді. Бірақ оның бәріне қаражатты қайдан жеткізем? деп ойладым. Бірақ менің миым қарсылық көрсете бастады, «тіпті болмағанда орындықтардың сыртын жаңа материалмен қаптап қоюға болар еді ғой!». Қайда қарасам да, менің көзім қирайын деп тұрған үстел, кір, лас, заттарға түсе берді.

Кенет менің миым тіл қатты: «Қалай ойлайсың? Неге «кедейлік пен салақтық» қосыла жүреді?».
Салақтық – ақшаның жетіспеушілігінен емес, ол – ділінің (менталитет) көрінісі. Кедейлік пен салақтық көрші болғандықтан, кедейлік – менталитеттен.
Салақтық – бойын таза ұстай білмеуден басталып, соңы кедейлікке әкеп соғады. Сонда өз басыңды таза алып жүрмеу яғни шашыңды уақытылы жуып таза ұстамау соңы кедейлікке әкеліп соғады екен.

Тоғышарлық (Мещанство)
Мектепте оқып жүргенде әдебиет пәнінен беретін Тамара Григорьевна деген тамаша мұғалімім болды, ол кісі өте қабілетті, сезімтал адам болатын. Оның бір сөзі менің есімде мәңгі сақталып қалды. Бірде ол кісіден біреу сұрапты: - «Сараңдық деген не?» - деп. Сараңдық деген жап - жаңа ыдыстарды жинап қойып, ернеуі сынған кесемен шай ішеу, сыры көшкен табақпен ауқат ішу деп жауап беріпті. Мұндай әдет көп үйлерде кездеседі. Қонақ келгенде немесе той - тамалақ болған кезде ұстайтын жаңа заттарды алып жинап қояды, қайғылы жағдайға деп те азын - аулақ қаржы қалдырып отырады. Сонда менің түсінгенім: Той - томалақ, қуанышты сәттер күнде бола бермейді, сондықтан бәрін болашаққа деп жинап, қазіргі сәттен жырып қалу дұрыс емес. Кедей болу – ұят! Тазалықтың болмауы – ұят!
Мұндай адамның ойының төмендігі яғни сол менталитет баланың қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Әлеуметтік желіден алып аударылды.
Дайындаған: Жайна

Жақсылық құдайдан қайтады Жақсылық құдайдан қайтады
Ертеректе өзен жағасында жұмыс істеп жатқан бір шаруа өзенде ағып бара жатқан бір кішкентай баланы көріп, жалма - жан суға секіріп түсіп, баланы
Жиырма жылдық кездесу Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Нұр Нұр
Шалғайын шалқар малшыған Бұлт келді, Көктен кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан Топырақ иісі бұрқ етті.
Құштарлық немесе махаббатта жолы болмаған ақынның бір сәттік көңіл - күйлері Құштарлық немесе махаббатта жолы болмаған ақынның
Ойларым менің ойран боп сарқылып жүрген кезімде, бұрқан да талқан сезімге алқынып жүрген кезімде,
Достық өлкесінің заңы Достық өлкесінің заңы
Алдымызда қанша сауал тосылды, Өмір бізді ерте үйірді биіне. Сәби кезім. Бірге ойнайтын досымды Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Көңілдің күйі тағы да Көңілдің күйі тағы да
Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×