Ойын сауық отауы


Қазақ халқының тағам ұсыну тәрбиесі

Қазақ халқының тағам ұсыну тәрбиесі

Қазақ халқының кісі сыйлау, үйге келген кісінің қолына су құйып, ас - тағам ұсынуының өзінен үлкен адамгершілік пен мәдениеттілік қасиетімен менмұндалап айқын көрініп тұр. Онда әр отбасы үйіне келген кісіні төріне шығарып, астына көрпе төсейді. Онан соң алдына дастархан жайып, ас - тағам берер алдында жасы кіші адамның бірі елеген мен құман алып, қонақтың қолына су құяды.

Қолға су құйып, кісіге ас - тағам ұсынудың өзіндік жөн - жосығы бар. Мұнда, «бата – бастан, су – аяқтан» деп батаны төрдегі адамға жасатса, ал су құюды, аяқ жақтан бастайды. Әдетте суды қонақтар тегіс отырып болған соң құяды, бірақ жиын - тойлар мен нәзір - құзырларда адам өте көп болатындықтан суды екі жігіт екі босағадан бастап төрге қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үлкен леген қойып, қонақтарға үйге кірерде қол жудырып кіргізеді. Ал, адам саны шағын болса, онда бір адам оң босағадан бастап отырған адамдарға түгелдей айналдырып су құйып шығады, тамақ соңында қолға су құю солдан - оңға қарай басталады. Қолды жуғанда сілкімейді, орамалмен сүртеді.

Қазақ салтында дастарханда төмен жақта отырған адамдар өзінен жоғары отырған адамдарға шыны - аяқ алып беру, ас - тағам ұсынуға жауапты болады. Алайда, шыны - аяқ алып беру мен ас - тағам ұсынудың да өзіндік ережесі бар. Мұны әр отбасы ұрпақтарына мұқият ұғындырады, болмаса, өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөгіске қалады. Мысалы, шыны - аяқ алып беріп, ас - тағам ұсынғанда оң қолымен ұсынады, онда да ас ұсынған оң қолдың қарын – сол қолдың сыртымен басып /алақанды жайып қонақ жаққа қаратып/ ұсынады.

Тамақ алудың да, шәй құюдың да өзіндік жөн - жосығы бар. Мысалы, шәй құйған кезде, шәйді үй ішіндегі кісілерге түгел құйып болғанша, барлық адам сабыр сақтап күтіп отырады. Шәй түгел құйылып болған соң, үй иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана алады. Себебі, үй иесін көзге ілмегендік болып саналады.
Үлкен той - томалақ, нәзір - құзыр өткізгенде шәй құйып беріп, шыны - аяқ алып, ас - тағам ұсынуға тәрбиелі, пысық жігіттер мен епті, іскер келетіндерді орналастырады. Шәй құйған келін бір тізерлеп, қонақтарға қырын қарап отырып, шәйдің қызылын, сүтін дұрыс бөліп, шәйді дәмді құйып, көз қиығымен босаған ыдыс - аяқтарды қадағалап отырады. Келген қонақтар шәй құюшы келін мен шыны алып беруші азаматтың іс - қимылына қарап, сол ауылдың адамгершілігі мен мәдениетіне баға береді. Міне, осы істердің барлығы ұрпақтарға егжей - тегжейлі ұғындырылады.

Бұл тәрбие ұрпақтарды тамаша салт - дәстүр қалыптастырып, ізгілікке, адамгершілікке, қонақшылыққа, береке - бірлікке, достыққа жетелеп, перзенттерді әдепті, ибалы болуға баулиды.
Дереккөзі: elana. kz
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 30
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 30
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 21.11.2018
    Егіздер жұлдызындағы ер-азамат ... (1)
    Дауыл-фото
    Егіздер тыныш қана - қызғанады, iштей ренжидi, нәзiк, жәй ғана - сүйедi, қатты - құшақтайды, iшкi жан дүниесiмен - ғашық болады. laughing
  • Дауыл 20.11.2018
    Ән салу күйзелістен құтқарып, ... (1)
    Дауыл-фото
    Айналада саған қарап тұрған ешкім жоқтай биле. Ешкім естіп тұрған жоқ сияқты әндет. Опасыздық көрмеген жандай жақсы көр, сүй. Жер бетін – жұмақ деп өмір сүр. (Марк Твен) winked
  • Дауыл 07.11.2018
    Мерген жұлдызындағы ер-азаматт ... (1)
    Дауыл-фото
    Мерген жұлдызындағы жандар құбылмалы хамелеон секілді. Біресе мұңайып үнсіз қалады, біресе дөрекі болып кетеді, бірде тыныш та жұмсақ бола қалады, тіпті кейде жынды адамға ұқсап ішегі түйілгенше күледі. wink
  • Kamshatreimova 03.11.2018
    Заң бойынша тест сұрақтары №10 (2)
    Kamshatreimova-фото
    Ашылмайды ғой тесттер. Не істеуге болады?
  • Дауыл 13.10.2018
    Жұмбақтар. Адам. Адамның дене ... (1)
    Дауыл-фото
    Мың адамның бірі — қыдыр, бірі — бақ.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамға деген құрмет (1)
    Дауыл-фото
    Арсыз, әуелі аяғыңды басады, содан соң кеудеңе секіреді ақырында басыңа шығады.
  • Дауыл 13.10.2018
    Адамның 9 түрі болады екен. Та ... (1)
    Дауыл-фото
    Әлемнің асылы – адам, сасығы да – адам.
  • Дауыл 12.10.2018
    Шыңғыс хан өсиеттері (1)
    Дауыл-фото
    Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
    Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
    4 әйелі оның негізгі әйелі болып саналған. Бөрте, Қулаан, Есуй және Есурген.
    Борте Дэй - Сеченнің қызы қоңырат тайпасынан. Шыңғыс ханнан 2 - 3 жасқа үлкен болған. Бөртеден үш ұл Жошы - Шағатай - Үгедей бес қызы Фуджин - бегі, Чичиган, Алагай - бегі, Тумалун және Алталун.
    Қулаан меркіт тайпасынан шыққан, тарихта сулу әрі тапқыр Шыңғыс ханның шынайы сүйген әйелі деп саналады. Хорезмді жаулап алғанда әйелдері ішінде Шыңғыс ханмен осы Қулаан болған.
    Есуй және Есугей, Татарлардың Цэрэн - әке атты қолбасшының қыздары. татардың тайпасынан шыққан апалы - сіңілілер.
    Толық нұсқа: қарау
  • Дауыл 12.10.2018
    Өмір туралы қанатты сөздер (1)
    Дауыл-фото
    Өмір – велосипед жүргізгендей. Тепе - теңдік сақтау үшін қозғалуың керек. Альберт Эйнштейн
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика