ойын сауық отауы
Жұлдызнама 2019 жыл
14.01.2019 2 522 0 Admin

Жұлдызнама 2019 жыл

Бұл қызықты
Жұлдызнама 2019 жыл

Келіп жеткен Сары доңыз жылы барлық жыл белгілері үшін жағымды тосын сыйға толы болады және жағымды жаңалықтар көп болады.

Тоқтылар жаңа жылда арқасын кеңге сала алады. Мансабы жоғарылап, қаржылық табыс табуға мүмкіндік туады. Бірақ мұның бәрі сіз өз игілігіңіз үшін шабытпен жұмыс істеуге дайын болған жағдайда ғана болады.

Еңбекқор және қажымайтын Торпақтар ақшадан қысылмайды. Өзінің игілігін қамтамасыз етуге табиғи ұмтылысын маңайындағылар жоғары бағалайды. Жазға таман жақсы ақша табу мүмкіндігі пайда болады. Ал қаржылық тұрақтылық отбасындағы қарым - қатынасты нығайтады.

Тыным таппайтын әрі әрекетшіл Егіздер өз талантын өзгелерге мойындатады. Сонымен бірге өзі де жағымды бонусқа ие болады: жалақысы өседі. Айтпақшы, бұл қаржы түсімінің жалғыз көзі болмайды. Бір рет болса да лотерея билетін алып бақытыңызды сынап көріңіз.

Шаяндар қаржылық сәттіліктен айырылып қалмау үшін, оларға жаңа кіріс көзін іздеп, жиі бастама көтеруге тура келеді. Жұмыстағы табыстылық қана емес, материалдық әл - ауқаты да табанды және мақсатқа бағытталған әрекеттерге байланысты болады.

Арыстандардың ауқымды жоспар құрып, арманын жүзеге асыруына, кез келген істі жасауына күш - қуаты жеткілікті болады. Келіп жеткен жылда қызықты жаңа жобаларға батыл келісуіне болады. Ең бастысы, басыңыз айналмай, мәміленің шарттарына мұқият болуыңыз керек.

Бикештер келіп жеткен жылы ақшасын тек тексерілген және сенімді бизнеске ғана салуы керек. Сөз жоқ, әрекет ету деген жақсы, бірақ алаяқтарға ұрынып қалмау үшін әр қадамыңды ойланып, таразылап басқан жөн.

Бір жағынан Таразыларда күрт қаржылық шарықтаулар болмайды, екінші жағынан барлық жоспарды жүзеге асыру үшін ақшасы жеткілікті болады. Жұмсалған ақшаны лайықты сыйақы жабады. Ал кірісті дұрыс бөлу, біртіндеп ірі депозит жасауға көмегін тигізеді.

Сарышаяндар үшін бұл жыл жалпы табысты болады. Жақсы ақша табуға мүмкіндік туады, бірақ олар өз әрекеттерін егжей - тегжейлі ойлап, жоспарлы түрде жұмыс жасаған жағдайда ғана. Ең бастысы, жалқаулық пен сары уайымға берілмеу керек, әйтпесе шығын қаупі бірнеше есе артады.

Мергендерді тұрақты жыл күтеді. Жұлдыздар ірі қаржылық шығындарды бірден ойлауды және жоспардағы шығындарды азайтуды ұсынады. Тиімді, қосымша табыс табу үшін көптеген іскерлік ұсыныстар пайда болады. Ойды жинақтап, қызықты нұсқаларын жіберіп алмау маңызды.

Тауешкілер қаржы саласында жағымды тосын сыйды күтуіне болады – оларға бұрынғы қарыздарын қайтарады не болмаса қомақты сыйлықақы береді. Алайда едәуір шығындар болатынына дайын болу керек, себебі үйді көркейту немесе жаңарту қажет болуы мүмкін. Алайда бұл шығын тек қуантатын болады.

Суқұйғыштар үшін бұл жыл – қаржы саласында белсенді және нақты әрекеттер қабылдайтын уақыт. Өз күшіне деген сенімділік пен жоспарлы еңбектің арқасында табыстың елеулі өсуіне қол жеткізуге болады. Жұмыста жағымды өзгерістер болады – өткен жылдарда атқарған зор еңбегіне қарай мансабының жоғарылауына мүмкіндік пайда болады.

Балықтардың қаржылық тұрақтылығына маңайындағылар қызыға алады. Кез келген бастама іске деген жеке шынайы қызығушылығы болған жағдайда сәтті болады. Ұзақ мерзімді инвестициялар пайда әкеледі. Әрине белгілі бір қиыншылықтар болады, бірақ болашаққа деген сенімділігі мен тапқырлығы ақшаның елеулі ысырап болуын болдырмайды.

Жұлдызды болжамға сену, сенбеу – бұл әркімнің жеке ісі, бірақ қаржылық табыс көбінесе сіздің шешімдеріңіз бен әрекеттеріңізге байланысты екені анық. Жаңа жылды ақылға қонымды салымдардан бастаңыз, сонда мақсатқа жету айтарлықтай оңай болады!

Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл
Жаңа жылдан жақсылық, бір жаңалық болатындай күтеміз. Ересек болып кетсек те жаңа жылдың ғажайыпқа толы сыйы болатынына бәріміз сенеміз. Бүгін шығыс
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер
Бергамот – өмірлік қуатын келтіреді; Лимон – жаңа жағдайларға болысуға бейімделеді;
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
Жұлдыз - жорамал 2016 Жұлдыз - жорамал 2016
Мешін жылында өмірдің әр саласы түрлі оқиғаға толы болмақ. Қазір көңіліңізден шықпай жүргеннің бәрі: жеке өміріңіз, денсаулығыңыз бен қызметіңіз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×