ойын сауық отауы
Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры!
06.04.2019 3 367 0 Дауыл

Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры!

Бұл қызықты
Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры!
Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз әңгімені ұсынбақпын:
15 - ші ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты:
— Қандай ауруды емдеу қиын?
— Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.
— Ал, оның алдын алуға бола ма?
— Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек!

Жеті — қазақ үшін қасиетті сан. Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты.
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген содан қалған.

Енді жеті Ата қалай аталатына келсек, газет - журналдарда да, кітаптарда да жеті Атаның ұрпақтарын көбіне былай бөліп келеді:
1. Түп ата
2. Тек ата
3. Баба
4. Арғы ата
5. Ата
6. Әке
7. Бала
8. Немере
9. Немелтай
10. Шөбере
11. Шөпшек
12. Немене
13. Жүрежат
14. Туажат
15. Жекжат
16. Жұрағат
17. Қаймана.
Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады. Шежірелерімізді біле жүрейік!

Туыстық атаулар сыры: бала Туыстық атаулар сыры: бала
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй
Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есімі ел аузында сақталған көріпкел және емші. Есім ханның замандасы Жарылқамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы.
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Жеті қазына Жеті қазына
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Жеті ата Жеті ата
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×