ойын сауық отауы
Балалармен үйде ойнайтын ойындар
09.04.2019 2 821 0 Дауыл

Балалармен үйде ойнайтын ойындар

Бұл қызықты
Балалармен үйде ойнайтын ойындар
Балалардың көңілін қалай аулауға болады?
Қыс мезгілінде балалардың көп уақыты үйде өтеді. Ал үйде отырған бала гаджеттен шығара алмайсың. Ендеше балаңыздың көңілін аулап, онымен қызықты уақыт өткізгіңіз келсе, мына ойындарды бірге ойнап көріңіз.

1. «Тиын тастау»
"Тиын тастау" балалардың көз және қол координациясын жақсартады. Оның үстіне бұл ойынға отбасының барлық мүшесі қатыса алады.
Керек заттар:
- Тиындар;
- Пластик стақандар.
Қалай ойнайды?
1. Әр қатысушы 5 тиыннан алады.
2. Стақанды столдың немесе орындықтың үстіне қойыңыз.
3. Балаңыз неше жаста болса, стақан тұрған жерден артқа қарай сонша рет қадам жасасын. Үлкендер баладан бес қадам алыстаса болады.
4. Бала қолындағы тиындарды стақанға лақтыруы керек.
5. Кім көбірек тиын салса, сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Ойын алдында тиындарды жақсылап жуыңыз.

2. «Тыңда!»
Қызықты уақыт өткізумен қатар, бұл ойын балалардың музыкалық түйсігін жақсартып, зейінін арттырады.
Керек заттар:
- дыбысы анық шығатын заттар.
Қалай ойнайды?
1. Үйдегі дауысы ерекше шығатын заттарды (шыны ыдыс, тарақ, кітап, қалам және т. б.) жинап алыңыз.
2. Баланың көзін таңу қажет.
3. Баладан дыбыс арқылы затты дұрыс табуын сұраңыз.

3. «Қызықты баскетбол»
Балалардың көңілін аулайтын тағы бір қызықты ойын - “Үйдегі “баскетбол”. Ал ойынға керек заттар әр үйден табылады.
Керек заттар:
- әр түрлі шұлық;
- пластик шелек немесе киім салатын себет.
Қалай ойнайды?
1. Шұлықтарды түйіндеп, доп жасаңыз.
2. Киім салатын себетті (немесе шелекті) 1 метрдей қашықтықта орналастырыңыз.
3. Шұлықтарды кезек - кезек себетке лақтырыңыз.
4. Себетке дәл түскен сайын артқа қарай бір қадам жасаңыз.

4. «Әңгімешіл балалар»
Балаңыздан ойдан әңгіме құрауын сұраңыз. Бұл оның шығармашылық қырын дамытып, басқа ортада өзін еркін ұстап, еркін сөйлеуге үйретеді.
Керегі:
- әңгімеге өзек болатын идеялар.
Қалай ойнайды?
1. Егер балаңыздың жасы үлкен болса, ортақ тақырып тауып, сол жайлы әңгіме құрап, баяндап беруін сұраңыз.
2. Егер балаңыз кіші болса, өзіңіз бір әңгімені бастап, соны жалғастыруын өтініңіз.
Ескерту: Балаңыздың әңгімесінде ешқандай мағына болмауы мүмкін. Сондықтан оны тоқтатуға немесе түзетуге тырыспаңыз. Бұл олардың ойын бұзады. Ойдан шығарылған әңгіменің шындыққа жанасуы міндетті емес.
Перизат Кәрімқұл
Дереккөзі: el. kz

Ескі үй Ескі үй
Еске түссе ауылдағы ескі үйің, Сағыныштан тыным таппас еш миың. Ал қалаға зәулім сарай соқсаң да, Оның құны салыстырсаң бес тиын.
Балалар мен үй жануарлары Балалар мен үй жануарлары
Әлбетте, үй жануарларын ұстайтын отбасыда тәрбиеленетін балалар үй жануарларын асырамайтын балаларға қарағанда ақылдырақ болып келеді екен. Бұл ретте
Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері Жаңа жылда, туылған күнде ойнайтын ойын түрлері
Барлық адамдар столға дөңгеленіп отырады, ортада бір ойыншы отырады. Ортада кім отыратынын жеребе тастау арқылы білуге болады. Ортада отырған
Туған күнге арналған ойын түрлері Туған күнге арналған ойын түрлері
Бұл ойынды ойнау үшін 20 - 25 киім қыстырғыш (прищепка) қажет, 2 - 3 көз байлағыш орамал.
Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар Туған күнде түрлі мерекеде ойнайтын ойындар
Туған күн кештерінде, түрлі мерекелерде ойнайтын ойын түрлері
Туған күнде ойнайтын ойын түрлері Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×