ойын сауық отауы
Еркектер үшін дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі - әйел тілін алу.
19.05.2019 2 103 0 Дауыл

Еркектер үшін дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі - әйел тілін алу.

Бұл қызықты
Еркектер үшін дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі - әйел тілін алу.

Жұрт молда түскен үйге жиналып, оны қоршап алып уағыз тыңдапты.
– Дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі – әйел тілін алу, – деп бастайды молда уағызды. – О дүниеге барғанда, мақшар күні болғанда, жұрт ысырат көпірінен өткенен кейін Алла тағала күнәдан пәк болған құлдарына өзінің жүзін көрсетеді. Сонда тіршілікте әйелдің тілін алған еркектер жаратушының жүзін көре алмай қалады...
Мұны естіген үй иесі абыржып, қипақтап қинала бастаған тәрізденеді...
– Апыр - ай, қиын екен ғой өзі, қап, енді қайтейін? – дей береді.
– О, не, қарағым, неге сонша күйгелектендің? – деп сұрайды.
– Қиын болып тұр, молдеке, – дейді жігіт. – Мен сізге бір қой берейік десем, әйелім: «Молдекеңнен ұят болады, тай берейік», – деп қоймайды. Келініңіздің айтқанын орындайын десем, ауыр күнәға батқалы тұрмын ғой, молдеке, енді қайттім?
Сонда молда жұлып алғандай:
– Е, қарағым, кей - кейде әйелдің тілін алған да сөкет емес. Заты әйел демесең, о да Алланың пендесі емес пе?! –
деген екен. laughing

Мінезің қара жерден ауыр болсын Мінезің қара жерден ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Еркектер кішкене балаға ұқсайды. Еркектер кішкене балаға ұқсайды.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды.
Ана тілім Ана тілім
Ана тілін білмесең, Қадірлісің кімге сен? Өзге тілге шырмалып, Адасасың бірге сен.
Нақыл сөздер Нақыл сөздер
Ана тілін білмеген Ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген Халқын сүйіп жарытпас.
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Кешкі сурет Кешкі сурет
Атасы айтты: - Қарғам,- деп Жігіт болып қалған, - деп Кем болмайды қайткенде Әке тілін алған,- деп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×