ойын сауық отауы
Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
29.05.2019 2 268 0 Дауыл

Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ

Бұл қызықты
ҚАДІР ТҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 7 СҰРАҚ
● ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
Жауап: Қадір түні - Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27 - түн - Қадір түні болуы ең ықтимал түн. 2019 жылы мамырдың 31-нен маусымның 1-не қараған түн - қасиетті Қадір түні.
ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.
● ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ?
Жауап: Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.
● ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
Жауап: Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол - қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке - бақыт, байлық, ырыс - несібе келеді.
●"ҚАДІР" ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір деген сөз "қадірлі" жəне "өлшем", "тағдыр" деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.
● ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК - ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік - терезелерді ашып қою да - қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылып, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.
● ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір түнгі ең жақсы амал - Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу.

2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады 2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады
Ораза 2019 жылы 6 мамыр, яғни дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға сәйкес келеді.
Туған жер - ай, күнім де, дінім де сен. Қадір Мырза Әли өлеңдері Туған жер - ай, күнім де, дінім де сен. Қадір
Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен, Тағдыр сендей сүйсе, сүрінбес ем. Керегі жоқ басқа атақ, Басқа абырой, Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
2018 жылғы ораза қай айда басталады? 2018 жылғы ораза қай айда басталады?
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он жетісіне сәйкес келіп тұр.
Ораза 2017 Ораза 2017
Биыл Рамазан айы мамырдың 27 - сі күні басталады.
Сол түні Сол түні
Ауады да тұрады, аңсарым - ай! Әлі сен есімдесің, Аршалы сай. Сол түні неге мені өлтірмедің? Сол түні риза едім алса құдай.
Қадір түні Қадір түні
Шілденің 1 - нен 2 - не қараған түн – Қадір түні. Бұл түнді құлшылықпен, Аллаға жалбарынып, дұғамен өткізу қажет. Пітір садақаны Рамазан айы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×