ойын сауық отауы
Алғыс дәметпе!
25.02.2021 3 906 0 Дауыл

Алғыс дәметпе!

Бұл қызықты
Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір кісі келіп:
– Сіз ел сыйлаған адамсыз. Үйге келіп, қонақ болып кетіңіз,– деп қиыла сұрайды.

Қария қарсылық танытпай, шақырған жерге баруға қамданады. Әлгі кісінің үйіне келсе жайнап тұрған дастарханға тап болады. Түрлі тағамдардан дәм татып, біраз әңгімелесіп, тұруға ыңғайлана бергенде үй иесі таңырқап:
– Уа, ақсақал! Мен сізге арнайы дастархан жайдым. Айтар алғысыңыз жоқ па? – дейді.
– Сіз дәм татыңыз деп шақырып едіңіз ғой. Алғыс айтуға шақырғаныңызды білмейді екем, – деп, үйден шығып кете барады.

Мұндай жауапты күтпеген үй иесі аузына сөз түспей отырып қалады. Дегенмен іштей: «Оған қайткен күнде де алғыс айтқызармын» деп бекінеді.

Бірде әлгі қарт адам сол ауылдың қасынан өтіп бара жатқанда күн бұзылып, жаңбыр жауып кетеді. Қолшатыр алмақ болып, ауылға бұрылады. Аллаһтың қалауымен өзі қонақ болған үйден келіп жоғын сұрайды. Ескі танысы сәті түскен мүмкіндікті қалт жібермей сыпайы түрде қарияға шатырын ұстатып жібереді. «Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын» деп ойлайды. Бірақ, ол қолшатырды өзі әкелмей, шәкіртінен беріп жібереді. Шәкірті де ләм - мим демей кетіп қалады.

Араға бірнеше күн салып, ақсақалмен бір үйде дастархандас болып қалады. Орайы енді келді ғой деп әңгімені бастайды:
– Өткен күні жаңбырдың астында қалып, сырқаттанып қалмадыңыз ба?
– Жоқ, бәрі жақсы. Қолшатырыңызды беріп жіберген едім ғой, алған боларсыз?
– Иә, алдым. Ұмытпай бергеніңізге рахмет, – деп қарияның орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады. Одан әрі шыдамай, әлгі кісі орнынан атып тұрып:
– Уа, ақсақал! Сізді де ақылгөй дана дейді - ау! Көргенсіз екенсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді! – дегенде данышпан байыппен, былай жауап қайтарған екен:

– Мен сізге деген алғысым мен ризашылығымды ұдайы ішімнен айтып, оны ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, оның жасағаны шынайы емес. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын, не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Біреудің қуанышы сіз үшін жеткілікті болуы тиіс. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, тек қана өз - өзіңізді алдаған боласыз. Адам баласы табиғатынан мақтансүйгіш әрі менмендеу. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызға сүйеніп жасасаңыз, қателесесіз. Егер де еш алғыс дәметпей адамдарға жақсылығы тисе болғаны деп ойласаңыз ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды.

Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», -
Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады! Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!
Баяғыда бір әйел күнде таңертең ерте тұрып екі таба нан пісіреді екен. Бірін өз отбасы турап жесе, екіншісін көшедегі жай жүргіншіге үлестіреді екен.
Қонақ құдайдың елшісі Қонақ құдайдың елшісі
Бір әйел кісі күйеуінің үйіне көп қонақ ертіп келетінін, соның себебінен қиындыққа тап болып қалатындығы жайында пайғамбарымызға (саллаллаһу әлейһи
Қонақ келсе – құт келеді Қонақ келсе – құт келеді
Үй қалай тазарады білесіздер ме? Үй қонақ келсе тазарады екен.
Бата туралы мақал - мәтелдер Бата туралы мақал - мәтелдер
Баталы құлға бақ қонар
Құт қойдың құлағында Құт қойдың құлағында
Ерте заманда Сырлыбек дейтін кісінің ауылына кешқұрым қонақ келіп түседі. Ол ит - құстың тілін біледі екен. Дастархан басында отырғанда сырттан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×