ойын сауық отауы
Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері
18.06.2019 31 056 0 Дауыл

Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері

Бұл қызықты
Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі, ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай назарларыңызға ақынның артына мұра болып қалған нақыл сөздерін ұсынамыз.

* Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
* Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шымыр келеді.
* Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.
* Көрікте пұл жоқ.
* Көсем сөз – әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз.
* Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады – түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда – жаз болады: бәрі жадырайды – жазылады, көгереді, көркейеді.
* Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы – біздің балалық шағымыз мысалды.
* Сайлау деген – өзіңе берген ықтияр.
* Сөздің асыл болуы – ұнауынан.
* Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды.
* Жақсы шықса – жаман қалар.
* Теңеу: ай мен күндей – әмбеге бірдей.
* Білімнің бас құралы – кітап.
* Бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе – шапшаң да жақсы істер еді.
* Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға ес керек.
* Тән саулығы – тазалықтан, жан саулығының тамыры – тән саулығында.
* Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек.
* Ғылым мен өнер көбейген сайын – бейнет кемиді.
* Ел бағатындар – ел бағуларын жақсы білулері керек.
* Ұлт намысы дегенді қазақтың көбі – екі ауылдың, екі топтың я екі рудың намысы деп ұғады: басқадан кемшілік көрсе – намыстанбайды, кектемейді; бір - бірінен кемшілік көрсе – кегін жібермейді.
* Оқусыз халық қанша бай болса да – біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.
* Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рахатын молайту үшін шығарған нәрселер.
* Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы.
* Теңеу: ереуіл сөз.
* Дұрыстық - бұрыстықты білмеген жұрт азады.
* Жақсы нәрсенің жолға шығуы – жаман нәрседен қиынырақ.
* Әркім өз білгенін, өзінің қолынан келетінін істеу керек.
* Басқадан кем болмас үшін – білімді һәм күшті болу керек.
* Бәрін айт та, бірін айт – сөздің тұрар жерін айт!
* Халықтың ісі – бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес.
* Жұрт жұмысы – құмырсқаның илеуіндегі жұмысқа ұқсайды: құмырсқаша жабыла тынбай істесе өнеді. * Көсемдер көбейсе – ерушілер де көбейер еді.
* Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
* Қазақ керегінің көбі әркімге - ақ мәлім ғой: біз кейін қалған халық – алға басып, жұрт қатарына кіру керек!
* Жұрт жұмысын істеу – біздің қазақ балаларының әдетінде жоқ: ойынымыз – көп, әрекетіміз – аз. * Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек.
* Ниеті жаман Аллаға өкпелемес болар.
* Еңбексіз – егін шықпайды, ттерлемесең – терің шықпайды.
* Телміріп тапқан теңгеден – тер төгіп тапқан тиын жұғымды.
* Қатерлі жерде қаперсіз отырма.
* Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы – қазақта, екіншісі – орыста.
* Қазақ жері қазақтан кетпес еді – қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсақ.
* Әдіс қылу – жолсыздық емес, ептілік.
* Ғылым мен өнер елсізді – елдіге, жоқты – барға теңгереді.
* Қазақ жеріндегі шаруалық – мал бағу мен егін егу.
* Сайлау рас бәле болса – білімді, өнерлі халықтар өз ісінің бәріне басынан бастап, аяғына дейін неге сайлау кіргізді?!
* Қазақта білімді адам жоқ емес, көп – бірақ солардың көбі, құты, бәрі өз білімін халалға емес, харамға жұмсап ғадеттенген.
* Білімі көп адам – құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді.
* Жерді жалдаудан тартынбағандар – сатудан да тартынбайды.
* Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан: әйтпесе, бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ бүгін – жерін сатып тойып, ертең – тентіреп кетер еді.
* Олжалы жерде – үлестен қалғанымыз, жоралы жерде – жолдан қағылғанымыз: бәрі – надандық кесапаты.
* Қазақтың бас адамдары! Әуелі сіздер адаспаңыздар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер!
* Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал - сауабына сіздер қаласыздар.
Дереккөзі: massaget. kz

Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері.
Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер
Қанатты сөздер. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Үлес Үлес
Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып,
Қазақ қалпы Қазақ қалпы
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Сөз иесінен Сөз иесінен
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса: Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Жадовскаядан Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×