Ойын сауық отауы


Балабақшаға арналған ойындар

БАЛАБАҚШАҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

Орамал тастау
Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5 - 15 метрдей жерге барып, бір - біріне қарама - қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез - келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады.
Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.
Доп кімде?
Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір - бірімен тығыздалып тұрады.
Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см - ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір - біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол:
«Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды.
Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.
Тракторшылар
Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі - екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір - бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады.
Бесінші қатысушы — тракторшы. Ол екі - екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан келеді.
Тара - тара - тара - ра,
Біздің бұл қораға.
Кіріп келді трактор:
«Бұл бос келді демеңіз,
Егінді жерге егеміз,
Нанға толып қырат - қыр,
Тойғызып біз балаларды
Береміз қалаш нандарды!»
Балалар ырғақпен басуды үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.
Кім заттарды көбірек жинайды?
Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар.
Ойнаушылардың ішінен екі - үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі.
«Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.
Тез орындарыңа
Балалар екі жағына қолдарын созып, бір - бірінен біраз қашықтап шеңберде тұрады. Әрбір ойнаушының орнын қандай болса да бір затпен белгілеп қояды, мысалы еденге қойылатын текшемен белгілеп қояды.
Тәрбиешінің «жүгіріңдер» деген сөзі немесе дабыл қағуы бойынша балалар шеңберден шығады да, жүреді, жүгіреді немесе бүкіл алаң (бөлме) бойынша секіреді. Осы кезде тәрбиеші заттың ішінен біреуін алып қояды, сонда бір баланың орны болмай қалады. Дабыл қаққанда немесе «орындарыңа» деген сөзден кейін барлық балалар шеңберге жүгіреді де, кез - келген орынды алады. Орынсыз қалған балалар хормен:
Орал, Орал, Айша,
Тез орын ал, тұр былай.- дейді.
Ойын соңғы рет жүргізілген кезде барлық баланың орны болуы үшін тәрбиеші текшені қайта орнына қояды.
Құрлар
Ойнаушының екеуі құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Балалардың қалғаны (6 - 8 адам) бөлменің ортасында, бірінің қолынан бірі ұстап шеңбер құрып тұрады. Бұл — шыны аяқтағы ірімшік. Мәтінді хормен дауыстап айтады, жаңылтпаш ырғағымен жүресінен аздап отырады.
Біздің жерде, көгалда,
Сүзбе тұрса тек алда.
Ұшып келді
Екі құр,
Шоқып кетті,
Қайта кетті.
Үшінші және төртінші шумақты айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп - секіріп шыны ірімшікке қарай жақындайды. Бесінші және алтыншы шумақты құрлар, шыны аяқтың қасына екі аяғымен секіреді, шеңбердің ішіне басын жайлап еңкейтеді (шоқиды).
Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар бейнелеуші балалар қолын жоғары көтеріп: «Шу - у» деп құрларды қорқытқан болып дауыстайды, құрлар да өз бұрыштарына ұшып кетеді, балалар оларды ұстайды. Құрлар өзін ұстаған баламен орындарын ауыстырады. Ойынды қайталап жүргізе береді.
Ойын бастаушылар (тура шын ойлану)
Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.
Әдемі шеңберде,
Билейік кең жерде.
Қолдармен ұстасып,
Бәріміз жұптасып.
Бірігіп достасып,
Бір орында ұстасып,
Осылай етіп істейік.
Мәтінді айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.
Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.
Қалпақ және кішкене таяқша
Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.
Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей - ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» - дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.
Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады.
Айгөлек ойыны
Ойынға қатысушылардың саны 10 - 15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.
Ойын шарты: Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15 - 20 метрдей жер.
Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Мұнда сізге кім керек?
Қарсы,, топ (Ә) жауап қатады:
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізге тек Қамбар керек.
Немесе:
А тобы: — Құрсауды үзіңдер!
Ә тобы: — Кім керек?
А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.
Ормандағы ақ тиіндер
Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.
Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама - қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады.
«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда, барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед.
Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай - ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.
Ойын 5 - 6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1 - 2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.
Табан балық және шортан ойыны
Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.
Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.
Ойын 3 - 4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.
Секіріп жүріп доп ұстау
Балабақшада ересек балалар топтарында сюжетті, сондай - ақ сюжетсіз сақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: әртүрлі формадағы тағандардың үстіне қазықша орнатылады. Балалар қашықтығы (1, 5 - 2, 5 м.) жерден сақина тастайды. Ойынды балалар тобымен (4 - 6 адаммен) өткізуге болады. Балалар үш сақинадан алып, оны кезекпен лақырып кез - келген қазықшаға кигізуге тырысады.
Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады.
Ойын варианты: Балалар шартты түрде келіскен ұпайлар санына (6 - 10) ие болғанша, кезекпен екі - үш сақинадан лақтыра береді. Дәл кигізілгенін дауыстапсанауға немесе тастар, бүршіктер және басқа да заттар арқылы белгілеп қоюға болады.
Жүгіріп өту
Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5 - 6 м сызылады, оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлай үйлерге перпендикуляртағы бір сызық жүргізіледі.
Ойнаушылар екі топқа — екі отрядқа (әрқайсысында 6 - 8 адамнан артық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез - келген үйдің жанындағы сызыққа сапқатұрады. Екінші отряд жанындағы сызық бойына орналасады. Әрбір баланың аяғы аяғы жанында екі - екіден қар кесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші отряд бір үйден екінші үйге жүгіріп өтеді.
Екінші отряд балалары бір - бірден қар кесегін алып, оны жүгірушілерге лақтырады. Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығып тұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өтукері қарай болады: бүйір жақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші рет қар кесегін лақтырады. Сондай - ақ, бұл ретте кесек қар тигендер бір жағына шығыптұрады.
Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек, батылдырақ мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннан уақытша шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.
Ескерту:
1. Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жерге үйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойын басталар алдында бірден шиыршықтап алуға болады.
2. Кезекпен қар лақтыруды тағайындау үшін отрядтар ( қай отрядқа бірінші жүгіру, ал қайсысына кесек қарды лақтыру) санамақтарды пайдалана алады.
Қойшы мен табын ойыны
Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.
Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы, қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды.
Қойшы әрқашан қандай болса да (10 - ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды.
Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә - мә - мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады. Қойшы орнынан тұрып, біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кімсің?» дейді. Ал қой «Мә мә мә» деп жауап қайтарады. Қойшы оның, кім екенін шешуі керек. Егер қойшы қателессе барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуі қойшыны қой қораға қарай алып барады ал өзі орнына қайта оралады.
Қойшы: «Менің табыным қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді. Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.
Балаларға арналған қу түлкі ойыны
Ойнаушылар бір - бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да, сол бала қу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан - жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.
Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір - біріне қарайды.
Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.
Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.
Мұнан кейін түлкі ек - үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

Балабақшада топ болып ұйымдасып ойнайтын ойын түрлері:
Жүгіріп өтуге үлгер

Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (оның ұзындығы 3 - 4 м.) ұстап оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады. Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет. Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге «Жүр» деген белгі береді.
Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде жүгіріп өтуге тырысулары керек.
Кімнің тобы тез жинақталады?
Балалар ойнаушыларының саны бірдей 3 - 4 топқа бір қандай да болмасын түсті жалаушалар беріледі. Алаңның ең шетінен немесе бір жақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3 - 4 жалаушалар қойылады. Әрбір топ өз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына барып колоннаға тұрады.
Ойнаушылар сапқа тұрған кезде, тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, жүгіреді, секіреді. Тәрбиешінің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады,
«Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады. Тәрбиеші қай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді.
.. Ойынды 2 - 3 қайталаған соң, балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәтте тәрбиеші «Тоқта!» дейді. Осы белгі бойынша барлық ойнаушылар тоқтайды да, көзін жұмады. Осы кезде тәрбиеші жалаулардың орнын өзгертеді де: «Орындарыңа тұрыңдар!»- дейді. Балалар көзін ашады да, өз жалауларының алдына тізбекте тұруға асығады. Қай колоннаның бірінші тұрғанын атап өтеді.

Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?
Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5 - 6 қадам қашықтықта 4 - 5 бала тұратын сызық жүргізіледі.
Алаңның қарама - қарсы жағында сызықтан 18 - 20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.
Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш - жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.
Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4 - 5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.
Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см. Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді.

Қарлы шеңбер ойыны
Балалар әрқайсысы 4 - 5 адамнан тең екі топқа бөлінеді. Дуалға бекітілген екі жалпақ фанердің бетіне дөңгелектер диаметрі 50 - 60 см. нысаналар сызылады. Нысанадан 3 м. қашықтыққа сызық жүргізіледі. Әр топ сызықтың арғы жағында өзінің нысанасына қарсы сап түзеп тұрады, сызықтан аттауға болмайды.
Әр ойнаушыда 6 - 3 - тен кесек қар бар. Тәрбиешінің «бастаңдар!» деген белгісі бойынша әрбір топ қолындағы кесек қарды лақтырып, өз шеңберлеріне, мүмкіндігінше тезірек жабыстыруға тырысады. Егер балаларда кесек қарлар таусылып қалса, олар оны сол жерде - ақ сығымдап жабыстырып алады. Дөңгелекті кесек қарлармен қай топ бұрын толтырса, сол топ жеңіп шығады.

Доп мектебі
Ойын үшін кішкене доп беріледі. Балалар біреуден, екеуден және шағын топ болып ойнайды. Ойын барысында бала қате жібере қалса, допты басқа балаға береді. Ойынды жалғастырған кезде ол қате жіберген қимылдан бастайды.
Қимыл түрлері:
1. Допты жоғары лақтырып, оны екі қолымен ұстап алу. Допты жоғары лақтырып, ол ерлеп бара жатқан кезде қолдарын алдына ұстап, алақанын соғу.
2. Допты жерге соғып, оны екі қолымен қағып алу. Допты жерге соғып, бірден қолдарын алға созып, алақанын соғу және допты екі қолымен қағып алу.
3. Екі - үш қадам алыс жерден қабырғаға қарап тұру, оған допты соғу және оны екі қолымен ұстап алу.
4. Допты қабырғаға лақтыру, оның жерге соғылуына мүмкіндік беру, қабырғадан алыстап барып, одан соң допты қағып алу.
5. Допты жерге оң қолымен бес, сол қолымен бес рет соғу.

Тышқан ұстаушы ойыны
Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.
Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір - бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:
Әй, тышқандар, мазаны алып,
Кеттіңдір ғой көбейіп.
Кемірумен жазаладың,
Сазайыңды берейік.
Сақтаныңдар, сақ болыңдар,
Сендерге де жетеміз.
Құрған торға тап болыңдар,
Сендерді қор етерміз!
Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі).
Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Әткеншек ойыны
Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады:
Әрең - әрең әлдиледі,
Әткеншегім ән биледі.
Тербеткенде ойнадым ғой,
Жүгіруді қоймадым ғой.
Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү - гі - ре - міз, жү - гі - ре - міз» деген сөзді айтады.
Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.
Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:
Жаймен ғана тербетіңдер,
Әткеншекпен ер жетіңдер!
Бір, екі, бір, екі,
Ойын бітті мінеки!
Әткеншек қимылды бірте - бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуға басталғанға дейін күтіп тұра береді.
Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастаруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.

Мысық пен тышқан
Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір - бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.
Васька әппақ қарасақ,
Құйрығы сұр тамаша - ақ,
Жебедей - ақ ұшады,
Көзін жаймен қысады.
Тырнақтарын үндемей,
Ашқан кезде инедей,
Тышқандардың тықырын,
Васька естісе ақырын,
Аңдып аулап алады,
Васька біздің жарады.
«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.
Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.
Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т. б. түзетеді

Пятнашкалар (Доп ойынының бір турі)
Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әр жерінде тұрады. Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алған пятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып, алаңның ортасында тұрады.
Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін барлық бала алаңмен жан - жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолын тигізген бала бір жаққа шығып тұрады. Пятнашка 3 - 4 ойыншыны ұстанғанда ғана ойын аяқталады.
Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егер пятнашка 30 - 40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса, онда тәрбиеші басқа, басқарушыны тағайындайды.
Аққу - қаздар
Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:
— Қаздар, қаздар!
Қаздар тоқтайды да жауап береді:
— Га, га, га
Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,
Барасыңдар қай жаққа?
Қаздар: Айна көлі жалтылдап,
Жатқан жасыл аймаққа.
Бақташы: Біздің жерге түсе кет,
Түсіп суын іше кет.
Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,
Түсіп суын ішеміз.
Бақташы: — Болсын онда жол жайлы!
Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,
Жолды тосып сұр қасқыр,
Тау бөктерлеп жүр қасқыр!
Бақташы: — Олай болса қалаған,
Жақтарыңа бар аман!
Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан - жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.
Үш - төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.
Ескерту. Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан - жағына сермейді) деп түсіндіреді.

Спорт ойындары
1. Баскетбол. Допты екі қолымен кеуде тұсынан бір - біріне тура лақтырып, қағып алу; допты жүріп келе жатып лақтырып, қағып алу; допты екі қолымен жерге кезек - кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; допты кәрзеңкеге екі қолымен лақтырып түсіру; өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.
2. Футбол. Бір - біріне допты екі аяқпен кезек - кезек соғу (тоқтату); екі бала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; кақпашы болып, доп ұстау; қақпашыға допты екі аяқпен кезек соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау ( міндетті түрде төреші сайланады),
3. Хоккей. Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрету; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойнап жаттығу.
4. Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап сызып, ұлдар мен қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентай резенке добын пайдаланып ойнау.
5. Қазан доп. Бұл ойынға алдын ала тұрақты орын белгіленеді. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше рет ойнатып көрсетіп, жақсы игерген баланы ойын бастаушы етіп сайлайды.
Спорттық жаттығу лар
1. Сырғанау. 1) Аяқпен сырғанау: төбешіктен әртүрлі әдіспен сырғанап түсуге, қоса су құйып әзірленген мұздақ жолмен жүріп келе жатып, тік тұрып, жүресінен отыра қалып сырғанау. 2) Шанамен сырғанау: шанаға 1 - 2 баладан отырғызып сүйрету; төбешіктен еңіске қарай шананың артынан итеріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау.
2. Велосипед. Тік жолмен, заттардың арасымен әртүрлі көріністер жасап тебу; 100 - 200 м. жерге жарыса тебу; артына тағы бір баланы тұрғызып алып тебу.
3. Қазақша курес. Арнаулы параллон матаның үстінде, көгалда күресудің қарапайым әдістерін үйретіп, өздері қолдана білуге жаттықтыру; тізерлеп тұрып және белдесіп күресу; белдесіп тұрып, шалуға жаттығу; ұлдарды екі - екіден шығарып, 1 минут күш санастыру, күрестіру.
4. Жүзуге дайындық. Судың тайыз жерлерінде етпеттерінен жатып, аяғымен суды шалпылдату; суға етпетінен жатып, қолды жерге тіреп жүріп, аяқпен әртүрлі қимылдар жасау.

Қимылды ойын: ҚУЫРМАШ
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.
- Қуыр, қуыр, қуырмаш
- Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір - бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
- Балалар ойынды қызыға ойнайды.
- Балалар ойын ұнады ма?
- Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
- Не білді: Қызықты ойын санауды үйренді.
Қимылды ойын: КӨЖЕКТЕР МЕН ТҮЛКІ
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.
Қимылды ойын: АЮ
Ойын мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты: Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі. Ойын 2 - 3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.
Қимылды ойын: АҚ ҚОЯН
Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
- Қояным, қояным ұйқыңнан тұршы
Бет - қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы - деп балалар қаша жөнеледі.
Қимылды ойын: ДОП
Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 30.03.2019
    Балықтар (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Балықтар, көп сұрақ қоймаңыз, no сізбен сұхбаттасушыларға көп сұрақ қойсаңыз олардың денсаулығына зиян. Сіз адамдардың ауырмай жүргенін қалайсыз.
  • Дауыл 30.03.2019
    Суқұйғыш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Суқұйғыш, Сіз бүгін бақыттысыз. Тек қаласаңыз болғаны. «Бақытым кел», десеңіз жеткілікті. bully
  • Дауыл 30.03.2019
    Тауешкі (3)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Тауешкі, Сіз табысқа жетесіз, бірақ нәтиже сіз күткеннен кішкене көрінеді. Өзгелердің сезімге оңай түсу қабілетін бағаламаңыз. belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Сарышаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Сарышаян, дәл қазір сіздің көкжиегіңіз қара бұлт ішінде болар. sad Дегенмен, бұлтты тарату үшін артық энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Бұлттың тарқауын күткен оңайырақ. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Таразы (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Таразы, өмірге шағымдана беруді доғарыңыз. Айналаға қараңыз! Таза ауаға шығып әдемі гүлдерді қараңыз, құстардың сайраған даусын тыңдаңыз. Қарап тұрып, көңілің өз - өзінен көтеріледі. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Бикеш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Бикеш, бүгін сізге жалған сөйлеп, жасанды қылық көрсетуге тура келсе, ондай әрекетке бармай-ақ қойғаныңыз жөн. Бүгін болмайды! belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Мерген (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Мерген, сіз жол айырығында тұрсыз, бәрі жақсы болады, бірақ сіз жалғыз тұрған жоқсыз. Дұрыс жолды таңдау үшін өзіңізді ғана ойламайсыз. Мұны есте ұстаңыз! recourse
  • Дауыл 30.03.2019
    Арыстан (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Арыстан, маңызды әңгімеден қашпаңыз! Көптен бері шешілмей келген істі тоқтату, дауды аяқтау, нақтылау, мәселені шешуге қолайлы күн. no
  • Дауыл 30.03.2019
    Шаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Шаян, бүгінгі күн басқалардың көзімен айқын көрінбек. Жақын адамдарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. laughing
  • Дауыл 30.03.2019
    Егіздер (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Егіздер – жалғыздық. Тек бүгін емес. Бүгін сіздің орныңыз шулы достардың ортасында. winked
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика