ойын сауық отауы
Шағымданғыш адам туралы мысал
06.08.2019 189 0 Дауыл

Шағымданғыш адам туралы мысал

Бұл қызықты
Шағымданғыш адам туралы мысал

Бірде бір ер адам бір үйдің жанынан өтіп бара жатып, тербетілгіш орындықта отырған қарт апаны көрді, оның жанында қарт атай газет оқып отырды. Олардың үйінің алдында ит жатыр, бір жері ауырғандай қыңсылап жатты. Үй жанынан өтіп бара жатқан ер адам ит неге қыңсылап жатыр екен деп таңырқады.

Келесі күні ол тағы да осы үйдің қасынан өтті. Ол кешегідей көріністі көрді: егде жастағы ерлі - зайыптылар және ыңырсып, қайғылы дыбыс шығарып жатқан ит.

Абдырап тұрған ер адам өзіне уәде етті, егер ертеңгі күні де ит солай қыңсылап жатса бұл туралы қарт жұптан сұрастырармын деп ойлады.
Үшінші күні, өкінішке орай ол сол көріністі тағы көрді: бір кемпір орындықта тербеліп отырды, қария газет оқиды, ит оның жанында жатып, аянышты дыбыс шығарды.

Ол бұдан былай шыдай алмады.
- Кешіріңіз, апа, - деді ол кемпірге, - итіңізге не болған?
- Оған ба? - деп сұрады ол. - Ол қазықтың үстінде жатыр.
Оның жауабына таңдана қалған ер адам:
«Егер ол қазықтың үстінде жатып, ауырсынса, неге ол орнынан тұрмайды?»
Кемпір күлімсіреп, жылы шырайлы дауыспен айтты:
- Қарағым, қыңсылап жата берсе демек жанына батпағаны да.

Мұнда шындық бар: біз жиі шаршаймыз, бір нәрсені өзгерту керек деп жылаймыз, бірақ сонымен ештеңе жасамаймыз. Тым болмағанда, тұруға тырысу керек!

Аударған: Жайна
Қожанасыр мен ұры Қожанасыр мен ұры
Бір күні ұры Қожанасырдың қалпағын ұрлап алып қашып кетті. Қожанасыр дереу жақын маңдағы зиратқа барып күтіп отырды. Оны көрген адамдар: - Сіз мұнда
Айбөкен Айбөкен
АЙБӨКЕН. Аты шартты түрде ғана аталып отырған ертегілік образ. Ертегіде "ол айға шабамын деп мерт болған". Сондай - ақ "ол адам жейді" деп айтылады.
Сөздің құдіреті Сөздің құдіреті
Көшеде көзі көрмейтін бір соқыр қария қайыр сұрап отырды. Оның алдындағы қорапшада бірнеше тиын - тебен ғана жатты. Күннің аптап ыстығы оның сидиған
Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады. Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады.
Бір қарт әжей күнде шелегін алып суға барады екен. Ол үйге жеткенше судың жартысын ғана әкеледі екен. Себебі оның екі шелегінің бірінің түбі аздап
Қыз және күлше Қыз және күлше
Бір қыз іс сапармен жолға шығу үшін әуежайда өз рейсін күтіп отыр екен.
Тілектеске Тілектеске
Ей, бауырым! Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды. Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды. Қыз - тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды, Асылды да саусағымен
Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің
Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің, Сабағындай шырмайды шырмауықтың Үмітпенен, арманмен, күдікпенен, Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн.
Heгe жыламасын?! Heгe жыламасын?!
Heгe жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз