ойын сауық отауы
Менің жұмыстағы бір күнім!
17.08.2019 1 963 0 Дауыл

Менің жұмыстағы бір күнім!

Бұл қызықты
Менің жұмыстағы бір күнім!

Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында жұмысқа шықтым. Бұл жұмысты бұрын істемегем, онда жұмыс істейтін қызметкерлерден ешкімді танымаймын.

Жұмысқа шығар алдын әдетте жаңа киім - кешек, аяқ - киім сатып алып жатамыз. Алайда мен жаңадан киім сатып алмадым, ескі киімдерді киіп бара салдым. Негізі мен үшін ондағылардың не ойлағаны маңызды емес деп ойлайтынмын.

Таңнан кешке дейін аяқ - киімді шешпей отыратын болғаннан аяғың терлейді екен, содан иісі шығады екен. Кеше түстен кейін аяғымнан жағымсыз шуаш сияқты иіс шығып тұрғанын байқадым. Содан, әжетханаға кірдім де тез аяғымды сумен жуып алдым. Менің аяғымдағы аяқ - киім ескі болатын содан да болар исі шығып тұрғаны.

Дәл қазіргі күні аяқ - киімнің сапасы нашар болғаннан жағымсыз иіс шығады. Сондықтан аяқ - киімді жыл сайын ауыстырып тұру дұрыс екен. Осындай жағдайға тап болмас үшін ең дұрысы, сыртта киюге және жұмыс кабинетінде киіп отыруға бөлек аяқ-киім апарып қойған дұрыс шығар.

Егер жағдай келіп жатса, жаңадан жұмысқа орналасып жатсаңыз аяқ-киім, көйлек-көншекті жаңадан сатып  алған дұрыс екен. Менің түсінгенім осы.
Досым, сіз де мен сияқты ыңғайсыз жағдайға түсіп қалмаңыз!

Ұмытып барады екем. Мен қол қойғызу үшін бір кабинетке кіргенде ондағы бір азамат мені бөлмеден тез шығуымды сұрады. Мен сол кезде түсінбедім, кейін түсіндім, жағымсыз иіске шыдамай кеткен соң тез кетуімді өтінген болар.

Ал, мен кеттім, жаңа аяқ-киім сатып алуға кетіп барамын.

Белгісіз жан

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер. Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.
Күн қаншалықты қиын да, қарқынды болғанымен әйтеуір кеш батпай қоймайды. Кешқұрым жұмыстан шаршап келгенде сан саққа жүгірген ойыңызды жинақтау
Қазіргі күннің миллионерлері күн сайын бір киімді қайталап киеді Қазіргі күннің миллионерлері күн сайын бір киімді
Біздің түсінігімізде байлар киімнің ең сәндісін киеді деп ойлаймыз. Киімнің қандай түрін алса да қаржысы жетеді. Алайда, біз қателесуіміз мүмкін.
Моншада ескеретін кейбір ережелер Моншада ескеретін кейбір ережелер
Моншаға барарда өзіңмен бірге қандай заттар алып бару керек?
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
Аяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×