ойын сауық отауы
Жақсылық құдайдан қайтады
25.02.2021 2 430 0 Admin

Жақсылық құдайдан қайтады

Бұл қызықты
Жақсылық құдайдан қайтады
Ертеректе өзен жағасында жұмыс істеп жатқан бір шаруа өзенде ағып бара жатқан бір кішкентай баланы көріп, жалма - жан суға секіріп түсіп, баланы құтқарып алыпты. Сүйтсе бұл өлім аузынан қалған бала сол маңдағы әйгілі бір бай көпестің жалғыз ұлы екен. Бай шаруаның жақсылығына есепсіз мал - мүлік ұсыныпты. Бірақ шаруа бұл мал - мүлікті алудан бас тартыпты да байдан бір тілек өтініпті.
- Менің жалғыз ұлым бар, талабы жақсы, соның бүкіл оқу ақысын төлеп отыруға келіссеңіз – депті. Бай бұған мақұл болыпты. Ал кедейдің жалғыз ұлы үмітті ақтап жақсы оқыпты.
Ұзамай дүниежүзілік соғыс басталып байдың жалғыз ұлыда әскерге шақыртылып соғысқа кетіпті. Бір жолғы үлкен ұрыста байдың ұлы ауыр жараланып өлім алдында жатыпты. Дәл сол кезде көмекке келген бір дәрігер бай ұлының жанын алып қалыпты. Осы дәрігер кезінде бай бүкіл оқу ақысын төлеп оқытқан кедей шаруаның жалғыз ұлы әйгілі пенициллинды ойлап тапқан ғалым А. Флеминг еді.
Алла барлығын көруші, жақсылығыңыз ешқашан жерде қалмайды. Қашанда жақсылық жасаудан шаршамаңыздар және ешқашан істеген жақсылығыңыз үшін қайтарым сұрамаңыз. Бұл пәниде жасаған әрбір жақсылығыңыз алладан үлкен сауап болып қайтарына сеніңіздер.

Кәрі жілікті босағаға неге іледі? Кәрі жілікті босағаға неге іледі?
Қазанға ет салғанда алдымен «Бісміллә»деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер
Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең.
Шәйір және шаруа Шәйір және шаруа
Жасырмаймын; Мен аса Шеттеу кетпей тегімнен, Шәйір болып тумасам, Шаруа болар едім мен.
Ауру Ауру
«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп, Алмаңдаршы мазаны. «Тірліктен өлім жақсы!»- деп, Сұраймын өзім қазаны.
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×