ойын сауық отауы
Тек күлімдеп жүріңіз. Ешкімді ренжітпеңіз.
07.11.2019 2 315 0 Admin

Тек күлімдеп жүріңіз. Ешкімді ренжітпеңіз.

Бұл қызықты
Бір әйелдің үйінде кактусы гүлдейді. 4 жыл ішінде алғаш гүл беруі. "Ұрысқақсың, мейірімсізсің!" деп сонша сөйлеп кетіп ең, осыншалықты жүрексіз болсам мына кактус гүл бермес еді ғой?" деп айқайлады әйел ренжіп, кетіп қалған күйеуінің соңына қарап.
Сол күні осы әйел автобусқа кіріп келе жатып бір ер адамның аяғын басып кетеді. Жақтырмай қараған ер адамға әдеттегісінше "Ұнамай ма, таксимен жүр!" деп айқайламады, тек "Кешіріңізші, байқамай қалдым. Қаласаңыз, міне, менің де аяғымды басыңыз" деп күлімдеді. Ер адам не деп жауап берерін білмей сасып қалды.
Осы ер адам автобустан түскен соң көшеден газет сатып алады. Қайтарым ақшадан шатасқан сатушы қызға ұрыспады, жай ғана: "Ештеңе етпейді, таңертегілікте ондай - ондай боп тұрады" деп күлімдеді.
Ал ертеңмен көңіл - күйі көтерілген сатушы қыз ылғи газет алушы бір зейнеткер қарияға екі журнал, бір газетті сыйға тартты. Негізі қарияның ақшасы тек бір газет алуға ғана жететін.
Мұндай күтпеген сыйға қуанып келе жатқан қария подъезде жоғарғы қабатта тұратын келіншек пен қызын кездестіреді. Әдеттегідей "Балаларың шулайды. Тарсылдап жүгіреді" деп ұрыспады, тек күлімдеп: "Ооо, үлкен қыз боп қапты. Ата - анасының ақылды қызы боп өссін" деп кішкентай қыздың басынан сипайды.
Бұл келіншек қызын балабақшаға апарып тастап, өзі жұмысына қарай асықты. Ол емxананың тіркеу бөлімінде істейді. Дәрігердің қабылдау күнін шатастырып, бір күн кешігіп келген қарт әжеге ол ұрыспады, тек қай дәрігер қабылдай алатынын біліп беруге уәде берді.
Қарт әжені кезексіз қабылдаған дәрігер қариядан бата алады. Сосын: "Ертең - ақ осылай қартаямыз, өмір зу ете қалады. Ал біз сол өмірді мәнді сүруді де білмейміз ғой, ұрсысамыз, жақынымызды ренжітеміз..." - деп ойланады да, жақын дүкеннен келіншегіне торт пен үлкен гүл сатып алады.
- Таңертең артық кеткен сияқтымын, ренжітсем кешірші, мынау саған,- деп гүлін ұсынады есікті ашқан келіншегіне.
Мойнына асылған сүйіктісі балаша мәз боп:
- Білесің бе, үйдегі 4 жыл гүл бермеген кактус бүгін гүл шашты, мұны жақсылыққа жорыған ем.
Бекер емес екен. Екі арманым қатар орындалды!!! Сен маған гүл сыйладың, ал мен саған 4 жыл зарыға күткен ұл сыйламақпын...
Түйін: Өмір - бумеранг. Тек күлімдеп жүріңіз. Ешкімді ренжітпеңіз. Әу баста бұл келіншек автобуста ер адаммен шекіскенде, қалған елдің бәрі бір - бірін ренжіткен болар еді. Жәй ғана кешірім сұрап, күлімдеді, аяғы қалай аяқталды...
Өмір - қысқа, мәнді ғұмыр кешейік.(Қайрат Нұрлықасымұлы)

Сөздің анасы – сәлемдесу Сөздің анасы – сәлемдесу
Сөздің анасы – сәлемдесу. Сәлем беріп, сәлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасқан абзал. Еркек пен әйел қол беріп
Сүт сатушы Сүт сатушы
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына
Шағымданғыш адам туралы мысал Шағымданғыш адам туралы мысал
Бірде бір ер адам бір үйдің жанынан өтіп бара жатып, тербетілгіш орындықта отырған қарт апаны көрді, оның жанында қарт атай газет оқып отырды.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Қыз және күлше Қыз және күлше
Бір қыз іс сапармен жолға шығу үшін әуежайда өз рейсін күтіп отыр екен.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×