ойын сауық отауы
Кедейдің байды үнсіз жеңуі
22.11.2019 2 362 0 Admin

Кедейдің байды үнсіз жеңуі

Бұл қызықты
Үнсіз жеңу
Бір күні кедей жоқ қарап, қыр басына шығады. Түс әлеті болғанда атын байлап, түстенуге отырады. Дәл сол кезде оның қасына ауылдың байы жетіп келеді. Кедей байлаған ат ағашқа ол да атын байлайды.
- Атыңызды ана ағашқа байламаңыз, атым тым асау, атыңызды теуіп жіберуі мүмкін, – дейді әлгі кедей оған.
- Атымды қайда байлау өз еркімде, жұмысың болмасын, - дейді де, ол да асқа отырады.
Көп өтпей жылқының шыңғырған дауысы шығады. Екі ат тебісе жөнеледі. Екеуі де жүгіреді. Бірақ олар барғанша кедейдің аты байдың атын теуіп өлтіреді.
- Атыңның қылған қылапатын көрдің бе? Ат төлейсің маған! – деп байекең айғайға басады.
Екеуі келісе алмай, қазының алдынан бір - ақ шығады.
- Сенің атың ананың атын теуіп өлтіргені рас па? – деп сұрайды қазы.
Кедей жұмған аузын ашпайды. Қазы кедейді тағы да сұраққа тартады. Кедей сол беті жақ ашып жауап бермей қояды. Амалы таусылған қазы:
- Бұған не шара? Ол өзі сөйлей алмайтын мылқау екен, - дейді.
Таң - тамаша болған бай: «Алғаш кезіккенде сарнап тұрған болатын» дейді.
«Ол не деді? Рас па?» деп сұрады қазы.
- Әрине, рас! Ол маған «Атыңды атыммен бірге байлама, атым асау ат, егер бірге байласаң, ол сенің атыңды теуіп өлтіруі мүмкін» деген.
- Мәссаған, - дейді қазы, - Ендеше сенікі жөн емес, өйткені ол алдын ала саған ескертіпті ғой. Сондықтан, ол атыңды төлемейді.
Қазы сыртқа шыққан соң:
- Сұрақтарыма неге жауап бермедің? – деп сұрайды.
- Бай - манаптардың ұшан - теңіз сөзіне сенсеңіз де, жарлының сөзіне сенетін заман емес екенін білем ғой. Сондықтан шындықты оның өзіне айтқызғым келді. Сосын бәріне көзіңіз жеткен жоқ па?! – деп жауап береді кедей.

Кедей мен данышпан Кедей мен данышпан
Бір күні жоқшылықтан жадап - жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып: Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп
Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», -
Ақылды қыз Ақылды қыз
Сендер көпсіңдер, мен жалғызбын. Мен екі жұмбақ айтамын. Сол жұмбақтың шешуін тапқан жігіт маған да, анау өріс толы малға да ие болады.
Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш! Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті.
Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар. Бай мен кедейдің арасындағы негізгі
Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
Қожанасыр Қожанасыр
Қожанасыр – қазақ фольклорының ең сүйікті кейіпкерлерінің бірі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×