ойын сауық отауы
Ер адамның киімін баспа
21.12.2019 1 591 0 Admin

Ер адамның киімін баспа

Бұл қызықты
Ер адамның киімін баспа
XVIII ғасырда Қазақстанның батыс өңірінде Есенгелді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол жеті атасынан бері бай, мал - жаны мыңғырған адам болса керек. Нағыз шынжыр балақ, шұбар төс дәулетті адам екен. Болыс болып, ел де билейді. Оның тоқалынан Бекей есімді ұлы болыпты. Бекей орысша сауаты өте жоғары, көзі ашық жігіт екен. Байдың бәйбішеден туған ұлдары Бекейдің ел ішіндегі беделін көре алмай, әкесін ұлына айдап салады. Оған: «Балаңыз атадан қалған дәулетті бей - берекет шашып жүр. Ел - жұртқа абыройсыз қылып бітті», – деп жамандайды. Оларға иланып қалған Есенгелді:
– Олай болса, маған қандай ақыл бересіңдер? – деп сұрайды.
– Ойбай, әке! Ондай баланың барынан жоғы. Тез құтылғаныңыз жөн, – деп азғырады мысық тілеу ұлдары. Зұлымдардың тіліне ерген бай Бекейді мерт қылады.
Бұл оқиға кейін барлық жерге әшкере болады. Байдың келіні өте есті жан екен. Әкесінің өз ұлының түбіне жеткендігін дәлелдеп, қазы - билердің алдына жүгінеді. Бай баласын өлтіргенін мойындап, өкінеді. Даудың соңы құнға кеп тірілгенде өжет әйел:
– Еріме құт болмаған дәулет маған бақыт бермейді. Бір ғана тілегім бар. Қайын атамның жеті атасынан бері келе жатқан құндыз жағалы тоны төрінде ілініп тұр. Соны бір аттап өтем. Басқа талабым жоқ, – депті. Келіннің өтініші орындалады. Көп ұзамай, Есенгелді бір жұтта төрт түлік малынан тегіс айрылып, таяқ ұстап қалады. Киелі киімі аяққа тапталғандықтан, байдың бағы тайыпты. Ақыры Есенгелді жоқшылықта, қайыр сұрап жүріп өлген екен. Бұл оқиғаға қатысты орыс жазушысы В. Даль «Бекей мен Мәулен» атты хикаят жазған. Осы жағдай киімнің де құты болатындығын, оны басқанда киесі кетіп, шаңырақтан бақтың ұшатындығын көрсетеді.
Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Алтыбақаннан соң» атты әңгімесінде ер адамның киімін әйел адамның астына басып отырмайтындығы туралы сюжет келтірген. Шығарма авторы бұл жерде әйел адам ер кісінің киімін астына басса, оның басынан бағы таяды деген ойды әсерлі де нанымды жеткізген.

Барлығы ниетке байланысты... Барлығы ниетке байланысты...
Бір кісі пойызға асығып жүгіріп келе жатады. Енді жақындай бергенде пойыз қозғала бастайды. Әлгі адам әрең дегенде үлгеріп, қолын созып тұтқадан
Ақылды қыз Ақылды қыз
Сендер көпсіңдер, мен жалғызбын. Мен екі жұмбақ айтамын. Сол жұмбақтың шешуін тапқан жігіт маған да, анау өріс толы малға да ие болады.
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Айпара ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Айпара ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Орта жүз Тобықты ішіндегі Олжай батырдан Айдос Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айпара
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қоңыр ана – Бәйдібек бидің қызы. Қоңыр ана туралы мәліметті сол өңірдің жергілікті қаламгерлерінің жазғанынан кездестірдік. Әлімнің бір баласы
Қасқыр мен мысық Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×