ойын сауық отауы
Мейірім
12.01.2020 160 0 Admin

Мейірім

Бұл қызықты
Мейірім
Бір келіншек хат жазыпты.."14 жаста қызым бар, қалағанының бәрін әперіп отырмыз әкесі екеуміз, бірақ өте қырсық, өтірікті көп айтады, ұрдым, ұрыстым, жәй айттым, дым нәтиже жоқ" депті..
Қызыңызды маған алып келіңіз болмаса өзін жіберіңіз дедім... Ертіп келді.. Келе салып ұрыс басталып кетті.. Айқайлап жатқан анасы... Қызы жұлынып әрең отыр.. Екеуін әрең дегенде сабырға шақыру үшін екі бөлмеге бөлек отырғыздым да бір - біріне хат жазуын өтіндім...
Анасына "ешқандай өкпе ренішсіз махаббатқа толы хат жазыңызшы" дедім...
Сонымен жазу басталды.. Анасы жазып жатыр, жазып жатыр.. Арасында жылап алады.. Сосын ары қарай жазады.. Қыз әлі қырсығып отыр.. "Менің оған жазатын ештеңем жоқ" деді басында.. Сосын қаламды алды бір ғана сөйлем жазды.. "Анаңа өз қолыңмен берші,
қазір шақырайын" деп өтіндім..

Сол сәтте көзінен бір тамшы жас үзіліп түсті.. "Сіз апарып беріңізші, мен ұяламын" деп жылап жіберді... Анасына хатты апарып бердім, ашты, оқыды... Сосын отыра қалып ол да жылады.. Хаттың ішінде бір - ақ ауыз сөз жазылған екен:.."Мама, мені құшақтаңызшы, мен сізді қатты сағындым.." Күн сайын ұрыс ести бергеннен шаршаған ғой байқұс қыз... Жалпы баланың қырсықтығы, бұзықтығы "маған мейірім керек" деген сигнал! Бәрін әперіп отырмын деген ақталу баланы бақытты қылмайды!

Осы хат менің өзіме қатты ой салды.. Мен өз қызымды ойладым.. Соңғы рет қашан құшақтадым, қашан еркелеттім деп жаман болдым.. Көшеден көршіні көріп қалсақ асты - үстіне түсіп жағдайын сұраймыз, тойға барсақ туыстардың көңілі үшін өтірік болса да күліп отырамыз, достарымыздың көңілін көтеру үшін бар жылы сөзімізді арнаймыз.. Ал жақындарымыз ше?! Олардың не жазығы бар? Оларға неге сонша қаталмыз? Біреудің ата - анасына кішіпейіл боп өз ата - анамыз бірдеңе десе жақтырмай қабақ шытып тұратынымыз рас қой... Айдаладағы адамға бар ықыласымызды төгіп жүргенде жақындарымыз бізден мейірім күтіп жүрген жоқ па?! Мейірімді болуды өзімізден бастайықшы... Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес - Мейірім!
Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады
Егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, сол шыңға шыққандар саусақпен санарлық. Жұрттың бәрі үйленіп, тұрмыс құра береді.
Әкенің қызына өсиеті Әкенің қызына өсиеті
Осы күнді сабырсыздықпен күткен еді. Екі жыл болды танысқандарына. Бір бірін қатты сүйген еді. Той күні өмірлерінің ең бақытты күні болады деп
Отбасы - қасиетті мекен Отбасы - қасиетті мекен
Ерлі - зайыпты тез - тез жанжалдасып қала береді екен. Күйеуі: - Бір сөзден қалсаң қайтеді? Күйеуім ғой деп, басыңды иейін демейсің,- депті.
Некені сақтап қалу үшін бір ауыз сөз. Некені сақтап қалу үшін бір ауыз сөз.
Келесі күні таңсәріде, төсектен тұрмай жатып Кериге сұрақ қойдым– Бүгінің жақсы өту үшін не істейін? Кери маған ашулана қарады да: – Не? – деді. –
Қалай келсең солай кет… Қалай келсең солай кет…
Бір күні көршінің үйінен келген апамыз үйге күрсіне кіріп, атамызға: «Әбден бекіп алыпты, кеткелі жатыр!», деді. Атам біраз отырды да асықпай
Сөздің құдіреті Сөздің құдіреті
Көшеде көзі көрмейтін бір соқыр қария қайыр сұрап отырды. Оның алдындағы қорапшада бірнеше тиын - тебен ғана жатты. Күннің аптап ыстығы оның сидиған
Томас Эдиссон Томас Эдиссон
Бірде Томас Эдисон үйіне келіп, анасына ұстазы жазып берген хатты ұстатады. Анасы көзіне жас алып, баласына хатты дауыстап оқып береді:
Мен сонда жылап қалғам Мен сонда жылап қалғам
Мен сонда жылап қалғам. Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман. Мұның бәрі неліктен? Білесің сен - өзіңді ұнатқаннан; сосын, сосын жүргеннен ұмыта
Heгe жыламасын?! Heгe жыламасын?!
Heгe жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз