ойын сауық отауы
Қазақтың дастарқан басында отыру мәдениеті
14.02.2020 2 030 0 Admin

Қазақтың дастарқан басында отыру мәдениеті

Бұл қызықты
Қазақтың дастарқан басында отыру мәдениетін жас ұрпақ бойына сіңіру
Қазақстан халқы, қазақ елінің жұртшылығы өткен тарихымызға ой жүгіртіп, жылдар бойы жинақтаған жемісін көріп марқаятын күнге де жетті.
Адамзат қоғамы өзінің даму сатысында қай кезеңде өмір сүрсе де сол кезеңде өмір сүруші адамдарға арналған нормалар мен мінез - құлық ережелері, әдет – ғұрып дағдылары болады. Әрбір тұлға қоғамда өмір сүре отырып, әлеуметтік іс - тәжірибені өз бойына жинақтап, ең қажеттілерін таңдап, ретімен пайдалана білсе жан - жақты жетілген, өзіне тән ерекшелігі бар, рухы биік, ізгілікті, адамгершілік қасиеттерді өз бойына сіңірері сөзсіз.
«Тәуелсіз елдің ұлы өжет, қызы қайратты, халқы қаһарман» - дегендей, азаттық жолында жалындап жанып, тәуелсіздікке қолы жеткен халқымыздың қаһарман екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Ал тарих шежіресі қаншалықты бай болса, ұлттық тәрбиенің соншалықты құнды болатындығы мәлім.
Халқымыздың қанына сіңген әдет – ғұрыптарымен салт - дәстүрлеріміздің жас ұрпақтың бойына сіңіруімен еңбектенген асыл жанның бірі – Бақыт аға Бозжігітов еді. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап, ертеңгі тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстар азаматтарды тәрбиелеу өте жауапты да, аса зор мәнді іс екенін жүрегімен сезініп, кеңестік дәуірдің тар құрсауында қалып, көрінбей қалған салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты қайта жаңғыртып, заман талабына сай жаңаша өрнек беріп, жас ұрпақ тәрбиесіне ұтымды пайдалану қажеттілігін түсінген Бақыт аға қазақ халқының қасиетті киіз үйін және сол киіз үйдің ішінде отбасы мүшелерінің дастархан басында отыру тәртібін дәріптеп келді.
Бүгінгі күні қоғамда инновациялық «Интеллектуалдық ұлт - 2020» жобасы Қазақстандықтарға жаңа міндет бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыруды қойды.
Үнемі ізденісте, теориялық білімі, әдістемелік шеберлігі мол Бақыт аға ұлттық озық технологияны меңгерген, жұмыс жасай білетін шығармашыл шебер жан еді.
Қазақ елін күллі әлемге танытқан, үлкен талант иесі, өскелең ұрпаққа үлгі аға болды.
Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Олай болса, елдің ертеңгі бақыты жас ұрпақ екендігін әрдайым есте тұтып жүретін Бақыт аға қоғам өміріне белсене араласып өз білген - түйгендерін ортаға салып, ОблБАИ әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрді.
Елін сүйе білетін, жан аямай қызмет ете білетін Бақыт аға киіз үй туралы өз білімін 2008 жылы Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында технология пәні мұғалімдеріне арналған «Технология пәнін үйрету әдістері» тақырыбындағы білім сатысы оқуында «Киіз үйдің құрылысы, қасиеті, қайда, қандай ағаштан жасалады, «Киіз үйдің ішінде қазақ халқы дастархан басында қалай отырады, жанұя мүшелерінің орны» деген тақырыптарда дәріс берген болатын.
Бұл дәрістер көптеген технология пәнінің мұғалімдеріне үлкен ой салды. Мен кейіннен өзімнің барлық жүргізген білім сатысы оқуларымда Бақыт ағаның киіз үйін, отбасы мүшелерінің дастархан басында отыру тәртібін айтпай, тыңдаушыларға сабақ жүргізбейтін болдым.
Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген аталы сөз бар. Жас ұрпақты отбасынан тәрбиелеу үшін дастархан басында дұрыс отырудан бастау керек екендігін түсіндім. Мұны мұғалімдер ары қарай балаға ұғындыру үшін оны мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдеріне эстафеталық ойын түрінде үйреткен тиімді деп ойладым. Бақыт ағаның дәрісінен кейін Киіз құрылысынан алынған жеті ойын деген әдістемелік нұсқаулық институт кеңесінде бекітіліп, Маңғыстау облысының аудан, қалаларының барлық мектептеріне таратылды. Кейін Республикалық Этнопедагогика журналының 2010 жылғы №4 санына жарияланды. Ол кезде журналдың бас редакторы П.ғ.д; профессор Қожахметова Клара Жантөреқызы болатын. Қазақ ұлтының болашағы баянды болуы үшін тәрбие басы – тал бесіктен басталатынын, әке көрген оқ жонып, ана көрген тон пішетінін зерделеген Бақыт аға ұрпақты тәрбиелеудегі ең бастау бұлақ отбасы деп білді.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, халқымыз – ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Төрде осы әулеттің - атасы, ата жоқ болса, әкесі отырады. Атаның сол қанатында, жүрек жақ бетінде – ұлдары отырады. Олардан кейін ана, жұбайы, келіні отырады, үйдің келіні сол қолымен шәйнекті ұстап шай құяды, оң қолымен асты береді, мұндағы мақсат: сол қолмен дәрет аласың, ал оң қолмен нан илейсің. Сондықтан асты оң қолыңмен бер деген сөз. Сәлем еткенде де сол қолдың үстіне оң қолды қойып тізеңді бүгіп алақаныңды алға ашып үлкендердің батасын алып сәлем етесің. “Келінжан сәлем ет, сәлем етсең әдемі ет“ (беташар). Атаның оң қанатында қонақ (құда - құдағи, нағашы, жиен, бөле т. б.), қонақтан кейін тұрмыс құрмаған қыз отырады. „Қыз - қонақ, ертеңгі ел мен елді табыстыратын да өсіріңді созатын да сол – қыз бала. Сондықтан ұлтымыз „Қызға қырық үйден тыйым “ деп, оның тәрбиесіне ерекше мән берген. Кей кездері ұзатылып бара жатқан қызға „Сол үйден үш буылып шық“ деп те айтып жатады. Бұл әулеттің бар ауыртпалығын да, қуаныш пен қайғысын да бөліссін, біте қайнасып кетсін, келмей, барған жеріне тастай батып, судай сіңсін деген игі тілектен шыққан. Одан кейін сол үйдің немесе әулеттің. Одан кейін сол үйдің немесе әулеттің тұрмысқа шыққан қыз - күйеу баласы отырады.
Табалдырықтың қасиеті өте зор. Киіз үйді тіккенде бірінші табалдырық қойылады. Сол киіз үйдің ортасында қасиетті шаңыраққа тірелген адал бақанға сүйеніп толғатып, ана өмірге жас нәресте әкелгенде баланың жолдасы сол табалдырықтың оң жақ астына көмілген екен. Қазақтың „табалдырықты баспа“ деп оны қасиет тұтатыны да сондықтан. Бақыт ағаның „Өміршең өнер“ атты кітабында:“Қазақ шаңыраққа ерекше мән берген. Киіз үйдің барлық уықтарын біріктіріп ұстап тұратын шаңырақты қай уақытта да қадірлеп, ұрпақтарына үлгі еткен.“Өйткені көшпелі халық өмірінде шаңырақ оларды аспан әлемімен байланыстырады, сонымен қатар оның жасалуында да терең сыр жатыр. Бәлкім, шаңырақтың аспан түстес көкпен боялуында ежелгі ата - бабаларымыздың бір кездері Көкке табынған наным - сенімдері жатқан шығар. Шаңырақтың ұрпақ жалғастығын табады, өніп - өсіп, өркендейді. „Кәрі шаңырақ“ деп бір кездері өздерінің ұрпақтары бастау алған үйді, соны ұстап отырған адамды ерекше сыйлайтындығы да, құрметтейтіндігі де сондықтан. Қазақтың бір - біріне айтылар тілегінің ең үлкені де – Шаңырағың шайқалмасын, шаңырағың аман болсын, еңселі болсын қазан ошағыңнан құт кетпесін“ деген сөздер.
Халқымыздың ежелден ерекше мән беріп, құрметтейтіні – табалдырық сол үйдің бастауы іспеттес. „Табалдырықтан имене аттады“ деген сөзде үлкен мән жатыр. Өйткені ол үйдің төрінде рубасы, елге сыйлы ақсақал, қара қылды қақ жарған би, болмаса өзін өмір соқпағына адастырмай салған әке, қолтығын сүйер аға отырады. Сондықтан ондай үйді ерекше құрметпен, уақытында келіп амандасып кетуді, берген батасын алуды жасы кішілер үлкен міндет санайды.
Маңғыстауда Мәтжан өзінің сыйлап, құрметтейтін бір нағашысына амалдан кейін көрісіп бара алмай, біраз уақыт өткізіп алады. Сол нағашысымен айдалада кездесіп қалады. Сәлем - сауқат алысқаннан кейін нағашысы:
- Мәтжан – ау, осы Маңғыстауда Отпаннан биік туа бар ма? – деп сұрапты.
Сонде Мәтжан:
- Бар ғой, нағашеке, - дейді.
- Бар болса ол қайда? – дейді нағашысы.
- Ол – ұялатын үйдің табалдырығы ғой. Отпанға тырмысып шығуға болады, ал ұялатын үйдің табалдырығынан аттай алмайсың – ау, депті Мәтжан.
Түсіндім, жиен, өкпем тарқады, енді келе бер, - екен сонда нағашысы.
Осы сөзден – ақ халқымыздың табалдырықты ерекше құрметтейтінін білеміз. Жаңа түскен жас келінге өмірден көрген – түйгені көп, жасы үлкен аналары «Шырағым, бұл – қасиетті табалдырық, оң аяғыңмен атта» дейді, болмаса кішкентай балаларға «Табалдырықты баспа, кіріп тұр» деп жататынымыз да оған деген құрметтен туындаса керек» деп ұлтымыздың асыл қасиеттері туралы айтады.
Дастархан басында отыру тәртібін білу және сақтау – ол үйде тәртіп, яғни тәрбие бар деген сөз. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жадында қалуы үшін мұны тәрбие жұмысында, спортта және коорпоративтік кештерде ойын түрінде жүргізсе, барша халыққа пайдалы тәрбиелі іс болар еді. Ойынның тәрбиелік мән - мақсаты: қасиетті дастарқан басында отбасы мүшелерінің өз орнын тауып отыра білуі.
Жастарды өз елінің патриоты ету үшін Отанын, салт - дәстүрін сыйлауға тәрбиелеуіміз керек. Жеке кәсіпкерлер қазір көптеп мейрамхана, тойхана салып жатыр. Сол тойхана ұлттық нақышта салынған ба? Іші түгілі сыртында да ұлттық нақыштың ізі жоқ. Тойхана салған кәсіпкерлер елге жасайтын қызметінің мәнді де сәнді болуы үшін жауапты болуы керек қой!.
Тойхананың босағасынан бастап кірген жан тойхана атауына сай дерек іздейді, мейрамхана иесі осыны залдарын безендіруде ескеріп, атаудың шығу тарихынан дерек ұсынуы, ыңғайлы орындарға тәрбиелік мәні бар мақал - мәтелдер, құттықтау жолдарын орналастыруы керек. Себебі тойхана халықтың көп баратын орны болғандықтан, оның ішіндегі тірліктің бәрінің өнегелілік мәні болуы керек. Тойды көп жасайтын халқымыз тойханадан тәлім - тәрбие алсын. Мысалы: тойхананың аты - „Шаңырақ“. Тойхананың қонақ бөлмесіне кірген кезде қақ төрдегі №1 стол - аталардың орны болуы тиіс. Аталардың сол қанатына үйленген ұлдың столы, оң қанатына ұзатылған қыздың столы орналастырылғаны жөн. Аталар столының оң қанатындағы №4 стол қонақтарға арналған. Мысалы: №4„а, б“ стол деп, шақырылған қонақтың санына қарай нөмірлер қоясыз. Қонақтар кімдер? Олар құда - жекжат, бөлелер, жиендер, нағашылар, достар, көршілер т. б. №5 столда осы елдің қыз - күйеулері отырады. Атаның сол қанатындағы №2 столдарға осы той жасап жатқан елдің ағайын - тумаластары отырғаны дұрыс. №2 „а, б, в, №3 столдарға осы елдің аналары, жесірлері, әйелдері, келіндері отырғандары жөн. „Ақ отау төріне қоныңдар!“ деп жас жұбайларға өлең айтқанымызбен, қыз да, келін де аталардан ұлы емес. Сондықтан олар төрдің оң және сол жақ қанаттарына орналасады.
Сурет 4 Б. Дастархан басында отыру тәртібі
Дастарқан басында отыру тәртібін алғашқы ойын ретінде өткізуге болады. Дөңгелек үстел қойыңыз. Ойынға қатысушы 1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды орналастырып шықсын. Кім қайда отырады? Білмейтін ағайын орнын тауып отырып, өз орнын біліп кетеді.

Толық нұсқасын жүктеп алу​​​

Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Салт - дәстүр ата - бабамыздан қалған асыл мұра. «Әр елдің салты басқа» дегендей қоғамдағы әрбір ұлттың өзіне тән ұстанымдары мен наным - сенімдері
Беташар Беташар
Беташар өлеңінің мақсаты – беті ашылған жастың бетін ашып, өмір таныту, әр елдің өзі қолданған жол - жобасын түсіндіру. Тәжірибесіз жас әйел жаңа
Қызды босағаға отырғызба Қызды босағаға отырғызба
Пайғамбардың бәрі еврей ұлтынан емес. Мысалы Нұһ (а. с) қазақ, қазақтар содан тараған. Шиш (а. с) қазақ, Адам (а. с) қазақ, себебі адам деген қазақта
"Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер" жобасы туралы "Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер" жобасы
Назарбаев Зияткерлік мектептері жас ұрпаққа ұлттық және халықаралық білім беру тәжірибесіне негізделген білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді? Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын
Желтоқсан Желтоқсан
Деді ме екен қайраттанар жыл келді, Таңдандырып аға ұрпақты, үлкенді. Ар - намыстың алаңында жастықтың Сонда рухы жұдырық боп сілтенді. Жас қайрат
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×