ойын сауық отауы
Аналарымыз аман болсын!
17.02.2020 1 796 0 Admin

Аналарымыз аман болсын!

Бұл қызықты
Аналарымыз аман болсын!
Бір кісінің әйелі бала үстінен қайтыс болып, оның артында екі баласы қалыпты. Сүйген жарынан айырылған еркек біразға дейін үйленбей жүріпті. Бірақ, әйелсіз үй қаңырап тұрады ғой. Үйдің берекесі кетіп, екі балаға ана іздеп, ақыры таныстарының арқасында бір шүйкебасты әкеледі. Әлгі келіншек ә дегеннен туыстары мен көрші - көлемге ұнап қалады. Момын. Көп сөйлемейді. Үй шаруасына да тындырымды келіншегіне күйеуі де риза болыпты. Бұл кезде кіші ұл екі жасқа келіп, үлкені төрт жаста екен. Кішісі өте мазасыз, беймаза болғандықтан жаңа түскен келінді онша - мұнша жақтыра бермепті. Өз құрсағынан шықпаған баланы кім бауырына бірден баса қойсын? Енесі мен атасы оған аса мән бере қоймапты. Солай уақыт жылжып жүре береді. Бір күні ата - енесі кіші ұлды үйлендіріп, соның қолына кетеді. Ал, күйеуі болса машинист болып теміржолда жұмыс істегеннен соң, кейде апталап жолда болады екен. Кіші ұл анасын сағынады ма, әлде уызына жарымай ембегеннен бе, кім білсін, әкесі жолға шыққаннан аңырап жылай береді. Осы кезде өгей ананың ішіне сайтан кіріп, екі баладан құтылудың жолын іздейді. Бұлар өздері разъездің (разъезд) дәл жанында тұрғандықтан, өгей шешейге бұл тиімді болады. Сөйтеді де, екі баланы қолынан жетектеп поезд жолдың үстіндегі рельске байлай бастайды.
- Апа, не істеп жатсыз? - дейді үлкені күлімсіреп.
- Осы жерде жатсаңдар, қазір поезд келеді соны көресіңдер, қозғалмаңдар, жарай ма?- дейді өгей ана алдаусыратып.
Қуанып кеткен екі балақай мәз болып жатады. Сөйтеді де өгей шешей сәбилерден құтылғанына мәз болып, үйге қарай қаша жөнеледі.
Сәбилердің алаңсыз аспанға қарап жатқанына да біраз уақыт өтеді. Бұл кезде кеш те батыңқырап қалған еді. Біреуі былдырлап, екіншісі күлімдеп поезды күтіп жатқанында, гүрілдеген паровоздың дауысы шығады. Қатты шыққан дауыстан қорқып кеткен қос құлыншақ шырқырап жылай бастайды. Үлкені байланған жіпті итергенімен күші жетпейді. Осы кезде Құдайдың құдіретімен паровоз кілт тоқтай қалады. Ішінен машинист пен көмекшісі шығып, жерге қараса екі сәбидің тыпыршып, жылағанын көреді. Жалма - жан екеуін шешіп, хабарландыру береді. Кейін машинистен сұраған ғой:
- Қалайша білдіңдер?- деп. Сонда әлгі жүргізуші:
- Қатты зырғып келе жатқан едім, бір ақ киінген келіншек қолындағы қызыл орамалымен қол бұлғай берді. Шошып кеттім де, әрең тоқтай қалдым. Тоқтағаным сол еді, әлгі әйел жоқ боп кетті де, есесіне мына екі сәбидің жатқанын көрдім,- депті күрсініп.
Құлындарым, аналарыңның тілеуін тілеңдер. Сорлы шеше бала үшін отқа түседі, шоққа да табаны күйеді. "Әкемді алсаң, ал, Құдай, шешемді қой. Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой", - деген екен бір байғұс. Әкенің жақсы көргені жездедей - ақ. Әйел өлсе, олар төсек жаңғырта салады. Сондықтан да, ұйықтар алдында: Анашыма ұзақ өмір бер деп ұйықтаңдар, деп әңгімесін аяқтады.
Сол әңгімеден кейін қанша жылдар өтсе де, поездға мінер кезде әлгі қос сәбиді арашалап қалған ананың әруағы елестейді.
Аналарымыз аман болсыншы!

Ақылды әйел Ақылды әйел
Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты. Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет
Сәлем салудың нығметтері Сәлем салудың нығметтері
Арайлым бұл үйге келін болғанына 7 жылдан аса уақыт болды. Келген жері өте жақсы отбасы еді. Алпысқа жақындаған атасы мен елуді еңсерген енесі
Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Бақытты отбасын құрудың құпиясы Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен, Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір
Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер
Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен. Сүймеген адамына айттырып, қоспақшы болған соң, Төремұрат
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×