ойын сауық отауы
Адамның жасына байланысты атаулары
27.02.2020 2 604 0 Admin

Адамның жасына байланысты атаулары

Бұл қызықты
Қазіргі жастар әрбір жастағы адамның өзіне ғана тән атауы бар екенін біле бермейді. Мысалы, бүлдіршін, нәресте және сәби деп кімге айту керектігін жиі шатастырып алады.
Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру әрбір қазақтың міндеті дей отыра, оларды жаттай жүрейік.
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте 1 жастан 10 жасқа дейін - сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары - кейуана, баба.
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі делінеді, одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25 - ке толғанда екі мүшел, 37 - ге толғанда үш мүшел, 49 - ға келгенде төрт мүшел, 61 - ге келгенде бес мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір мүшел жастағы ерекшеліктен келесі мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1 - мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2 - мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3 - мүшел ақыл - парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық - психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы мүшел інде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп - қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды. Мүшел жас (9 ай анасының құрсағында нәрестенің жатқаны 1 жыл болып есептеледі, одан кейін 12 жастан қосылып отырады)
1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13 кіреді - 14 шығады
2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25 кіреді - 26 шығады
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37 кіреді - 38 шығады
4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49 кіреді - 50 шығады
5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61 кіреді - 62 шығады
6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73 кіреді - 74 шығады
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85 кіреді - 86 шығады
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97 кіреді - 98 шығады
9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109 кіреді - 110 шығады
10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121 кіреді - 122 шығады

Құттықтау - тілектер:
Он үште отау иесі,
Бірінші мүшел – балалық,
Екінші мүшел – жиырма бес,
Майданға кірер қол алып.
Отыз жеті – үшінші,
Енетін кезі сана нық.
Қырық тоғыз – төртінші,
Білінер бойдан даралық,
Бесінші мүшел – алпыс бір,
Өсиет айтар даналық,
Алтыншы мүшел – жетпіс үш,
Жастығың келмес оралып,
Жетінші мүшел – сексен бес,
Денсаулық қалар тоналып,
Бұдан соң келген мүшелдер
Жатпайды тіпті саналып.

Құтты болсын мерей той, 50 жасың
Әр уақытта домалап өрге тасың,
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.

Ұлы халқым есептескен текпенен,
Ата салтын ешкім аттап кетпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата –
Адам болмас бата алып өспеген.

Мүшел жас 1 - мүшел - 13 жас (ер жете бастау)
2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4 - мүшел – 49 жас (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 - мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)
8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел - 121 жас (немене сүю)

10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы - лақ бақтырған,
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған.

30 жас - орда бұзар
40 жас - қылыш жас, қырықта қамал алар
50 - ел ағасы, ердің жасы
60 жас - пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс
70 жас - жетпістің белесі
80 жас - сексеннің сеңгірі.

Туыстық атаулар сыры: бала Туыстық атаулар сыры: бала
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Оттарың өшпесін, ізің жалғансын! Оттарың өшпесін, ізің жалғансын!
Енді мына қызыққа қараңыз, сол жігіт қазір орта жастан асқан ел ағасы. Жағдайы өте жақсы. Зәулім сарайдай үйі бар. Астында көліктің қымбат түрі. Жеке
40 жасқа тілек 40 жасқа тілек
40 деген көнбейтін жас құрыққа, 40 деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Сіздің жасыңыз нешеде? Сіздің жасыңыз нешеде?
Адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жас.
Екі жасқа тілек Екі жасқа тілек
Екі жасқа бақ жолына ұмтылған, Бақыт тілеп әрдайым да күлсін таң. Оларға әне ақ отаудың есігі Қол бұлғап - ақ өмір атты тұр шыңнан. Сол ақ отау бақ
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×