ойын сауық отауы
Біз қазақтар коронавирустан қорықпаймыз
08.04.2020 1 321 0 Admin

Біз қазақтар коронавирустан қорықпаймыз

Бұл қызықты
Құрметті ауылдастар бүкіләлемдік пандемияға айналған коронавирус дерті барлық әлемді өзгертті.
2019 жылдың желтоқсан айында шығыс көршіміз Қытайдан басталған пандемия, наурыз айында қауіп біздің елге батыстан келді. Әлемнің экономикасы дамыған, медицинасы мықты деген мемлекеттерінің өзі бұл кеселге қауқарсыз болып отыр.
Біздің елімізде де күннен күнге ауру саны 10 пайыз шамасымен өсуде. Сондықтанда әр адам өз жеке басына, өз отбасына мұқият болып, тәртіпке көну керек.
Өкінішке орай бұқаралық ақпарат құралдарынан барлық әлем зардап шегіп отырғанын біліп отырса да, адамдар мән бермей қонаққа барып, әр түрлі жиындар ұйымдастырып, басқа ауыл, қалаларға қыдыруын жалғастыруда.
Біздің адамдар көбіне осындай әңгімелер айтады:
1.«ой, жұғатын ауру үйде отырсаң да жұғады, маңдайымызға жазылған болса, қанша күтінсең де ауырасың, бір құдайдың өзі қорғасын» - деп қонақтыққа жиындарға барады.
ЖАУАП: Алла біздің маңдайымызға қай уақытта не жазғанын, қалай жазғанын білмейміз. Алла бізге өмір сүруге тырысуды, денсаулығымызды барынша күтумізді қалайды.
2.«Маска деген ешқандай қорғамайды, кигеннен пайда жоқ»
ЖАУАП: Ия бет перде (маска) 100 пайыз қорғайды деген кепіл емес, бірақ онымен бетті толық жауып, мерізімін қадағалап қолданса ең басты қорғаныс құралдарының бірі болып табылады.
3.«Коронавирус деген өтірік шығарылған нәрсе, ол жоғарыдағылардың политикасы, биліктегі өзгерістер жасау үшін..»
ЖАУАП: сонда Қазақстандағы саясатқа бола бүкіл әлем өтірік ауыра ма?
4.«Сарымсақ (чеснок), зімбірлерді (имбирь) пайдалану керек сонда коронавирус өледі, еш ауырмайсың» 
ЖАУАП: Бұл нәрселер адам денсаулығына өте пайдалы, бірақ ешқашан коронавирусты емдемейді. Зімбір сатушыларға пиар десе болады. Осы арқылы сенгіш халқымыз барлық зімбірлерді тауысып, зімбір сатушылардың қалтасын қалыңдатқаны анық. Бұл фейк, оданда үйде отырғаныңыз пайдалы.
5.«Біз қазақтар коронавирустан қорықпаймыз» немесе «менің денсаулығым мықты бұл аурудан қорықпаймын» - Бұл кеселден қорықпау керек, бірақ үйде отыру керек.
6. «Арақ ішсең вообще коронавирус болмайсың, арақ деген ішкен түскен вирус бактерияны барлығын өлтіреді» - деген сөздер таза ақымақтық.
Бактерия, вирустың кейбірі 90 градус спирттен өлуі мүмкін, ал арақта 40 градус спирт болады. Сіз 90 градус спирт ішсеңіз бактериямен бірге өңеш асқазаныңыз өледі деген сөз. Спиртті ішімдіктер қолдану керісінше қан айналымды бұзып иммунитетті әлсіретеді.
Біз қазақтар соңғы кездері сәл нәрсені тойлап, қуаныш болса міндетті түрде бас қосып атап өтуге, той думан жасауға бой үйреніп барамыз. Жұмыс-жұмыс деп отбасымызға көңіл бөлмейміз.
Мүмкін бұл Алла тағаланың ескертуі шығар кафе, тойхана, түнгі клубтарды жаптырып барлығымыздағы ысырапшылдықты тоқтатып, үйге отбасымыздың қасына отырғызып қойды.
ОСЫЛАРДЫ ҰСТАНАЙЫҚ:
- - Барлығымыз тек үйде болып, үнемі қолды жуып жүрейік.
- - Көшеге тек азық - түлікке мұқият шығып, үнемі бет перде тағып алу керек.
- - Көшеде көрген адамдармен қол алысып амандаспау керек.
- - Қанша маңызды болса да үйге қонаққа бармау керек және қонақ шақырмау керек. Себебі өзіңізден басқа үйіңізде бұл кеселді көтере алмайтын адамдар бар, соларға жұқтырсаңыз оларға ауыр тию мүмкін.
- - Басқа облыс, аймақтардан келген адамдар міндетті түрде ауруханаға немесе учаскелік дәрігерге тіркелуі керек.
- - Әр түрлі емдік ұсыныстар мен осы дерт туралы шыққан жаңалықтар мен ақпараттарды тек ресми орындардан алу керек. Яғни аймақ әкімшілігі мен денсаулық сақтау ұйымдарының ақпарат кеңестерін тыңдау.
Құрметті ауылдастар! Ауру саны көбейіп кетер болса, сіздерді емдейтін медицина қызметкерлерінің санының жетіспеушілігі мен дәрі - дәрмектер тапшылығы болуы мүмкін. Ауруханада жататын орын болмай қиын жағдайларға ұшырауымыз мүмкін. Сондықтанда тәртіпке көніп Үйде болайық!

2019 жыл Жастар жылы болмақ… 2019 жыл Жастар жылы болмақ…
Біздің жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек - Назарбаев. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды.
Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады
Күн сайын ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады екен. Музыка әлемді әрлендіреді. Ол адамды ауру мен күйзелістен құтқарады.
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді? Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Ерлі - зайыпты қазақтар Ерлі - зайыпты қазақтар
Біздің халық, біле - білсең, бір ғажап! Сүйе тұра, Бірін - бірі жүр қажап. Қанша жақсы көрсе - дағы әйелін Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақынға Ақынға
Біз деген, досым, Тағдыры қызық халықпыз. Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз. Екінің бірі бармайтын жерге барып біз, Жанбайтын жерде жаныппыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×