ойын сауық отауы
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері
14.04.2020 526 0 Admin

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Бұл қызықты
Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс - салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болған. “Адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де айла – бұйымдарды ойлар тапқанға дейін заттарды өз денесімен салыстыратын.”
Біз осы күнге дейін көлемді немесе қашықтықты өлшеу бірлігі ретінде адамның дене мүшелерінің атауларын пайдаланамыз.



Бүкіл тарих бойына адамдар саусақтарын санау үшін, ал қол - аяғын өлшеу үшін пайдаланып келеді. Адам тәнімен өлшеудің ең үлкен өлшем мөлшері – адам денесінің ұзындығы, ең кіші өлшем мөлшері - бір тал шаштың қалыңдығы.
Саусақтар оның ішінде бас бармақ та, барлығымызда әртүрлі болғандықтан, сенімді өлшеу құралы болып табылмайды. Сондықтан “бас бармақ қағидасы” “шамамен” дегенді білдіреді. Көптеген еуропалық тілдерде (соның ішінде француз, испан, итальян, швед, партугал) “дюйм” сөзі “бес бармақ” дегенді білдіреді.

Қазақтың байырғы  өлшем  бірліктері

Ұзындық өлшемдері:

Елі — Бір саусақтің көлденең ені (~2 – 2. 5 см);
Тұтам (Біртұтам) — жұдырықтың ені (~8 – 10 см);
Сынық сүйем — бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы аралық (~13 – 15 см);
Сүйем — көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық (~17 – 20 см);
Білем — саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығындай мөлшер (~18 – 21 см);
Кере қарыс — бас бармақ пен шанышақ аралығы (~19 – 20 см);
Қарыс (Қарыс сүйем) — бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық (~20 – 22 см);
Шынтақ — саусақтардың ұшы мен шынтақ аралығы (~44 - 51 см);
Кез — саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі қашықтық (~70 - 80 см);
Аршын — бір метрге жуық ұзындық (~90 - 100 см);
Құлаш — иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы (~166см - 170 см);
Су, егіншілікке қатысты ырым - тыйымдар Су, егіншілікке қатысты ырым - тыйымдар
Су – өмір тірегі. Су бар жерде – ну бар. Бұлақты жер – құрақты жер, деген даналық сөздер бекер айтылмаса керек. Тіршіліктің өзі алғаш суда пайда
Ар - ождан – сенімнің өлшемі Ар - ождан – сенімнің өлшемі
Ар - ождан – сенімнің өлшемі. Адамзат баласы бойындағы ең қажетті сезім – ар - ожданы.
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Ексең егін ішерсің тегін Арпа егіп, бидай орамын деме. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді.
Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бабаджа - Хатун кесенесі Айша бибі мазарының жанында орналасқан. Бұл кесене де ХІ - ХІІ ғасырлардағы сәулет ескерткіші болып саналады.
Зеріп ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Зеріп ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бәйдібек бидің Сары бәйбіше (Марау), Зеріп, Домалақ ана (Нұрила) атты үш әйелі болған. Шежіре бойынша, Домалақ анадан Албан, Суан, Дулат рулары
Табыңдар Табыңдар
Асан - Үсен екеуі Тату – тәтті дос еді Көңілдері қош еді, Екі қолы бос еді.
Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты Ашытылған қырыққабат (капуста) салаты
Көкөністерді тазалап жуып алыңыз. Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураңыз, сәбізді ұзынша етіп тураңыз (теркадан өткізуге де болады).
Жеті ата Жеті ата
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.
Қазақша қыз есімдері мағынасымен Қазақша қыз есімдері мағынасымен
Абира..... Асылтас АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз. АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз