Дәйексөздер (Цитата) 5 сынып
1. Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңде - өзің түсіну.
Әл - Фараби2. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
Х. Досмұхамедұлы3. Сыртқы сұлулық толық болу үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек.
В. Гюго4. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
У. Гэзлит5. Жақсы сөз – жарым ырыс.
Халық мақалы6. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе!
Кабуснамадан7. Өзінең елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды.
Байрон8. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
Халық мақалы9. Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі.
І. Омаров10. Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді.
Халық мақалы11. Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен.
Ф. Йүгінеки12. Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді.
Халық мақалы13. Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.
Л. Н. Толстой14. Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М. Жұмабаев15. Ұстамдылық – әдептің ұстазы,
Ұстамсыздық – әлектің нұсқасы.
Халық мақалы16. Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан арқық ешкім жоқ.
Ш. Уәлиханов17. Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білген.
Кабуснамадан18. Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.
Ш. Уәлиханов19. Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі.
Ш. Айтманов20. Барлық өмір қуанышы – шағармашылықта.
Р. Роллан21. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты.
А. Шопенгауер22. Өзіңді танығың келсе,
Адамдардың ісіне қара.
Өмірді танығың келсе,
Өзіңнің жүрегіне үңіл.
Ф. Шиллер23. Адамның өмірде меңгерген білімі мен мақсат - мүддесі жақсылаққа бағытталған болса, оған іс - әрекет арқылы қол жеткізі білсе, ол - ең үлкен жақсылық.
АристотельДәйексөздер (Цитата) 7 сынып
1. Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.
Абай2. Өзіне сен, өзіңнің күшіне сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Ә. Тәжібаев3. Ештеңе де өзінен - өзі, ерік - жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, соның ішінде берік адамның еркі – ғаламат күш.
А. И. Герцен4. Әр адамда сенген ісін орындауға жетерлік күш - қайрат болады.
И. Гете5. Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағыттылуында, адамның өз мінез - құлқын, іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл - Фараби6. Өзін - өзі білген ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты
Халық даналығы7. Бақытты болу дегеніміз - рақат сезімде жүру. Адам өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рақат ал. Өзіңді – өзің қадағала. Біреуге жәрдем беру рақатын сезін.
М. Кемел8. Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз
Ізгілікпен жасалмаса кемеңіз.
Рудаки9. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай10. Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра.
Дж. Кеннеди11. Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға!
М. Шаханов12. Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың.
Халық даналығы13. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.
Халық нақылы14. Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны.
Ш. Айтманов15. Жер - ана жомарт ана тер төккенге
Халық нақылы16. Ғаламның ғажайып сыры - адамда
Ч. Дъюк17. Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.
Қ. Мырза Әлі18. Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды.
Қ. Мырза Әлі19. Дәстүрін ел - жұртымның ардақтаймын,
Ежелгі ата - баба салтын сақтап.
Халық өлені20. Ата салтың - ұлттық қалпың.
Халық нақылы21. Ұлттың қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар.
Р. Гамзатов22. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
Халық нақылы23. Жаңа астананың қаласы да, адамдардың санасы да жаңа болсын.
Н. Назарбаев24. Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер же жоқ.
Ғ. Мүсірепов25. Көңіліңді, бойыңды мөлдір таза бұлақтай ұста.
Ы. АлтынсаринДәйексөздер (Цитата) 10 сынып
1. Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін – өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап – ақ, өзіңді тани аласың.
И. Гете2. Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны – өзіңді – өзің тану.
Әл – Фараби3. Кімде - кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды – орынсызын бағанағы жиған нәрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай еткен адамды ақылды дейміз.
Абай4. Ой деген – бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген – сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің – таусылмайтын кермиық.
М. Жұмабаев5. Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ол әуелі ниет, күш, тәртіп керек.
М. Әуезов6. Мейірім, Ынсап, Әділет,
Шыдам, Шыншыл, Харекет
Түп қазығы – Ақ ниет.
Шәкәрім7. Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние.
Платон8. Әрқашанда таза болсын ар – ажданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.
Мұхаммед Бабыр9. Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады.
Леонардо да Винчи10. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде!
Мақал11. Игілікке жетудің бір көзі – еңбек пен қанағат.
Мақал12. Бар екен деп аспа, жоқ екен деп саспа.
Мақал13. Ерге керек төзімділік күш – қайрат,
Тұру керек күн мен айдан нұр жайнап!
Ж. Баласағұни14. Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.
Б. Момышұлы15. Өтірікші бірінші өзін алдайды.
Халық нақылы16. Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі.
С. Мұқанов17. Жастық арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық.
Н. Хикмет18. Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы.
А. Линкольн19. Жасы кіші ініні – ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны – жақсы сыйлап жаға тұт.
М. Әуезов20. Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Абай21. Адамдық борыш, ат үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
Шәкәрім22. Балам, халықтың ұлы болмасаң – менің де ұлым емессің.
Ә. Бөкейханов23. Отанның, өзінің халқын сүю, ғылым мен көркемөнерді сүю адамды ерлік істерге құмарттырады, ұлы шығармалар жасауға жол ашады.
Қ. Жарықбаев24. Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені.
Мақал25. Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
Мақал26. Егер дұрыс пайдаланар болса, уақыт қашан да жеткілікті.
И. Гете27. Адамдағы білім, ақыл және жігер жақсылыққа, ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс.
Абай