Қызыл алма
Қызыл алма
Кішкентай қыз қолына екі алма ұстап отыр еді. Ар жақтан анасы ақырын ғана күлімсірей келіп, кішкентай ханшайымнан: - Балапан, аламаңның біреуін маған бересің бе? - деп сұрады. Кішкентай қыз біресе алмаға, біресе анасына қарап тұрды да, кенет алманың біреуін тістеп алды да дереу екіншісін тістеді. Күлімсіреп тұрған әйелдің жүзі өзгеріп сала берді, алайда қызына көрсетпеуге тырысты. Ол сүйікті қызының алмасын бөліспегеніне іштей ренжіп қалған болатын.
Кенет қыз қолын созып тістелген алманың бірін ұсынып: - Анашым, мына алманы жеңіз бұл әлдеқайда тәттірек екен, - деді.
Сіз ересек адам болсаңыз да қаншалықты тәжірибелі білімді болсаңыз да асығыс шешім шығарудан абай болыңыз! Соңын тосыңыз, түсіндіруіне мүмкіндік беріңіз! Сіздің қазір көргеніңіз алдамшы, шындық ар жағында жатуы мүмкін. Сабырлы болыңыз!
Дайындаған: Жайна