ойын сауық отауы
Қазақтың мақал - мәтелдері. Еңбек. Ерлік. Ел - жұрт
11.11.2016 3 507 0 Бона

Қазақтың мақал - мәтелдері. Еңбек. Ерлік. Ел - жұрт

Мақал-мәтелдер
Қазақтың мақал - мәтелдері
Еңбек. Ерлік. Ел - жұрт

1. Еңбек - ердің сәні.

2. Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.

3. Еңбекшіл қатынның қолы жіп иірсе, аяғы бесік тербетеді.

4. Еңбексіз рахат келмес, машақатсыз бақыт келмес.

5. Еңбексіз табыс тапқаннан еңбектеп іздеген артық.

6. Еңбексіз олжа тіліңді кеседі, ұлық жолыңды кеседі.

7. Еңбексіз тоқтық өмір болмайды,
Көсеусіз шоғыл көмір болмайды.

8. Есті бір өледі, еріншек мың өледі.

9. Жалқауға жатса да мейрам, тұрса да мейрам.

10. Берекесіз бейбақтар терлеп еңбек етпейді,
Терлеп еңбек етпеген тілегіне жетпейді.

11. Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,
Еңбек ете білмейтін аңқауға үйір.

12. Жалқаудың жұмысы өнбейді,
Жаяудың жүрісі өнбейді.

13. Еңбектен қашпа, ырысыңды шашпа.

14. Ертең – ертең деумен еріншек өледі,
Көрінгенге жем болым көңілшек өлер.

15. Аңқау алдырар, жалқау қаңғырар.

16. Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.

17. Еріншектің егіні піскен.

18. Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.

19. Аттың сүріншегі, жігіттің еріншегі жаман.

20. Еңбексіз ел кезгеннің - ар - ұяттан безгенің.

21. Саудың асын ішіп, аурудың ісін істейді.

22. Уақытыңның босқа кеткені - өмірдің бос кеткені.

23. Еріншекке есік пен төр - екі күндік жер.

24. Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.

25. Опасызбен дос болма, еріншекпен қас болма.

26. Жемісті жұмыс жаныңды тындырады,
Сауыққұмарлақ сағыңды сындырады.

27. Ылдисыз өр болмайды,

28. Ер сүрінбей ел танымас,
Ат сүрінбей жер танымас

29. Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.

30. Елі күйінгенде күйінген батыр,
Елі сүйінгенде сүйінген батыр
Ерегісте мыңға татыр.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Есет селосы
«Есет мектеп - балабақша кешені» КММ
Оқушының аты жөні: Нұрболат Ақниет 2 - сынып
Сынып жетекшісі: Избергенова Гүлшат (Бастауыш сынып мұғалімі)

Еңбек туралы мақал - мәтелдер Еңбек туралы мақал - мәтелдер
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ
Ақымақ бастан ақыл шықпас, ақыл шықса да мақұл шықпас.
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын, Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын. Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию, Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер
Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса, мекемедегі ішкі еңбек тәртібі Ережесі не үшін қажет?
Еңбек туралы мақалдар мен нақылдар Еңбек туралы мақалдар мен нақылдар
Еңбек туралы мақалдар мен нақылдар Ер айнасы – еңбегі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×