ойын сауық отауы
Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер
29.03.2017 11 007 0 Дауыл

Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер.

Ұрының арты қуыс.

Ұры байымайды,
Сараң семірмейді.

Ұры ұрлығын қойса да,
Ұры аты қалмайды.

Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.

Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.

Елді жерде ұры бар,
Таулы жерде бөрі бар.

Ұрының қатыны өзіне лайық.

Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.

Ауыл үйдік моншағын
Күндіз ұрлап, түнде тақ.

Ұры бір түнде – бай,
Бір күнде – кедей.

Ұры - көптің жиені.

Жұрттың жүргені басылмай
Иттің үргені басылмас.

Аты шулы ұры аштан өлер.

Ұрыны ұры ұрмай - соқпай ұстайды.

Барымташының басы бодаудан,
Ұрының басы төлеуден шықпайды.

Өтірік сөз – жанға қас,
Өтірік пышақ – қынға қас.

Өтіріктің құйрығы – бір - ақ тұтам.

Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
Әділет деген аға бар,
Дұшпанның қолын қағады.

Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.

Өтірікті қуалап
Шын қоймайды.

Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.

Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерден өзі жоқ.

Өтірікті – шындай,
Ақсақты – тыңдай.

Ойнап айта да ойындағысын айтады.

Өтірікті анықтау Өтірікті анықтау
Адамзат өтірікті анықтау үшін қаншама аппараттар мен техникалар ойлап тапты: қан қысымын өлшеуіштер, тыныс алудың жиілігін есептегіш, дауыс ырғағының
Өтірік өлең: Жануарлар туралы Өтірік өлең: Жануарлар туралы
Жануарлар бақшаға Жеміс жеуге келіпті. Суда өскен жүзімді, Жылқы мен есек теріпті.
Мақал - мәтел: Шындық Мақал - мәтел: Шындық
Шынымен жыласа, Соқыр көзден жас шығады.
Тіл туралы мақал-мәтелдер Тіл туралы мақал-мәтелдер
Ашуың келсе – қолың тарт, Айтпас жерде – тілің тарт.
Өтірік Өтірік
Ә дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, "Құладым деп оқыста" ата - анаға Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Адамдар неге өтірік айтады? Адамдар неге өтірік айтады?
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – өтірік айту.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×