ойын сауық отауы
Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2
29.03.2017 2 640 0 Дауыл

Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2

Мақал-мәтелдер
Ұл таппас қатын болмас,
Тұрарын айт.
Мал таппас жігіт болмас,
Құрарын айт.

Жақсы әйелдің қолы ұзын,
Жаман әйелдің тілі ұзын.

Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер,
Илеген терісі шіріп кетер.

Жалқау қатынның төсегі
Тал түске дейін жиылмас.

Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.

Қатының жақсы болса – шырағың,
Атың жақсы болса – пырағың.

Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер.
Су мен отын
Ошақ басында кездесер.

Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.

Әйел – үйдің ажары,
Бала – үйдің базары.

Екі қатын алғаның –
Өзіңді отқа салғаның.

Ұрыспай айрылған
Ұялмай қосылар.

Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.

Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.

Қасық асым –
Қайғысыз басым.

Қатыны би жігіттің
Қайын елі қадірлі.

Екі жарты – бір бүтін,
Ерлі - қатын – бір түтін.

Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.

Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.

Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.

Тоқал байғұс тоғына мәз,
Бәйбішенің жоғына мәз.

Салақ қатынның етін құрт жейді,
Терісін ит жейді.

Қартая келгенде,
Қатын жақын болады.
Күшің басым болса,
Жатың жақын болады.

Сараң қатын
Майын тығумен құртар.
Жаман қатын
Кірін сығумен жыртар.
«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ шығар… «Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ
Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали: — Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да
Үй – баласымен базарлы, қонағымен ажарлы Үй – баласымен базарлы, қонағымен ажарлы
Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Бірінші тілек тілеңіз. БҰХАР ЖЫРАУ Бірінші тілек тілеңіз. БҰХАР ЖЫРАУ
Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа! Екінші тілек тілеңіз, Бір шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа!
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Қатыны мен Масақбай Қатыны мен Масақбай
Қатыны мен Масақбай Сырмақ қып астына Байның тоқымын, Отының басына Төрінің қоқымын Бүксітіп, Бықсытып, Қоқсытып келтірді.
Қара қатынға Қара қатынға
Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп - жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды, Қазақтың не қыласың шарағатын1.
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз