ойын сауық отауы
Ақыл, сабырлық туралы мақал
19.05.2018 17 439 0 Дауыл

Ақыл, сабырлық туралы мақал

Мақал-мәтелдер
Ақыл туралы мақал мәтелдер

Ақыл ағадан, ілтипат ініден.

Ақыл адам көрігі,
Ақылдың сабыр серігі.

Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Айғайлы жерде ақыл аз.

Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.

Айлалы түлкі алдырмас.

Айласыз батыр алдырар.

Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.

"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз".

Ақыл азбайды,
Әділдік тозбайды,

Арамдық озбайды.

Ақыл айнымас, алтын шірімес.

Ақыл айтсаң батыл айт.

Ақыл — алтын сандық,
адамына қарай ашылар.

Ақыл — арман, ой — өріс.

Ақыл ауыздан, мерей көзден.

Ақыл — ауыс, ырыс — жұғыс.

Ақыл базарда сатылмайды.

Ақыл байлық — аз байлық,
Темір байлық — тозбас байлық,
Кен байлық — кең байлық.

Ақыл бастайды, аяқ тастайды.

Ақыл бастан, асыл тастан.

Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке (Абай).

Ақыл — гауһар бағасыз,
Ақымақ — ауру дауасыз.

Ақылға ақыл қос, ашуыңды тос.

Ақылдан артық байлық жоқ.
Ақылдан асар амал жоқ,
Батылдар алмас қамал жоқ.

Ақылдан ашу көп болса — ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса — ашу не етер?

Ақылдан жақын дос бар ма?

Ақыл — дария айдын,
Көңіл — дүлділ айбын.

Ақыл — дария, алса да таусылмайды,
Жел — қазына, сауса да таусылмады.

Ақыл — дария, ой — теңіз.

Ақылдасқан азбас, жақындасқан тозбас.

Ақылдассаң ақыл табасың.

Ақылдассаң пішерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің.

Ақыл деген ағып жатқан дария,
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.

Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақсұңқар қаққызбай іледі.

Ақылды адам ақымақтан да бірдеме үйренеді.

Ақылды адам ашықса, ақылымен тоғаяр.
Ақылсыз адам ашықса, аз ақылы жоғалар.

Ақылды адам батпан - ақ,
Ақылсыз адам сасқалақ.

Ақылды адам ерінбейді,
Қуатты адам сүрінбейді.

Ақылды айттырмай білер,
Сақы сұратпай берер.

Ақылды ақымақтан үйрен.

Ақылды арын қорғайды,
Сараң малын қорғайды.

Ақылды басшың болса адаспайсың.

Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың.
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.

Ақылдыға жан қымбат,
Ақылсызға мал қымбат.

Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.

Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.
Ақылсызға сөз айтсаң, тыңдайды да күледі.

Ақылдыдан шыққан сөз аңсағанға болсын кез.

Ақылды ерге қарайды,
Ақылсыз өрге қарайды.

Ақылды ерден сұра,
Дақылды жерден сұра.

Ақылды ердің ішіңде алтын ерлі ат жатыр.
Ақылдың жардың ішінде алтын айдар ұл жатыр.

Ақылды жел де ұшырмас, ұры да ұрламас.

Ақылды жылдығын,
Ақылсыз күндігін ойлайды.

Ақылды жігіт:
атқа да мінер, таққа да мінер.

Ақыл - Сәбит Дөнентаев Ақыл - Сәбит Дөнентаев
Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға -
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.
Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға - іні туралы мақал – мәтелдер
Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
Ақыл туралы мақал - мәтелдер Ақыл туралы мақал - мәтелдер
Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
Сабырлық туралы мақал - мәтелдер Сабырлық туралы мақал - мәтелдер
Сабырлық туралы мақал - мәтелдер Сабыр – ақыл серігі Боларыңда болмасаң болған елдің атын жек (Көшімбек би). Болмастай іске болаттай бол.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр
Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр. Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×